Мабиева Гульшара Нургалиевна 17 жыл №39 мектеп-гимназиясының директоры болып қызмет атқарды. Гульшара Нургалиевна 1991 жылы орыс мектебі болып ашылған №39 жалпы білім беру орта мектебінің қазақ мектебі болып ашылуына көп еңбектенген ұстаз. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, білікті басшы.
Басшылық қызметін атқара жүріп үнемі 9-11 сыныптарға орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Білім беру жүйесіндегі жаңаша өзгерістерді жүйелі түрде енгізіп, әр сабағын жоғары әдістемелік деңгейде өткізеді. Өзінің әдістемелік шеберлігін оқытудың жаңа технологияларынының әдістерімен шыңдап, жетілдіріп отырады. Сабақ үрдісінде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегияларын және Ж. Қараевтың «Оқытудың әдістемелік жүйесінің үш өлшемді» педагогикалық технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану барысында үлкен нәтижеге жетті. Оқушылар әдебиет пәнін ерекше қызығушылықпен оқиды, себебі Гульшира Нургалиевнаның барлық сабақтары тартымды, бала жүрегіне жол табатындай жоғары деңгейде өтеді. Оқушылар Пушкин мен Абайды, Лермонтов пен Жұмабаевты, Есенин мен М. Мақатаевты бірге танып оқыды.
Мектеп жанынан саз мектебінің филиалының ашылуына, «Шолпан» би ансамблінің құрылуына, мектепке ақиық ақын, педагог, қоғам қайраткері М.Жұмабаевтың есімінің берілуіне, мектеп ішінен ата-аналар үшін «Шырақ» университетінің ашылуаны тікелей басшылық жасаған ұстаз. Атқарған іс-шаралардың барлығы оқушыға терең білім, өз ұлтын, тілін, мәдениетін сүйетін жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған.
Үнемі ізденісте болып, өз тәжірибесін әріптестерімен кеңінен бөлісті. «Қазақстан мектебі» республикалық журналында 1999, 2001, 2002 жылдары түрлі тақырып бойынша мақалалары басылып шықты. Астанада қаласында Республикалық деңгейде өткен «Қазақ мектептерінің бүгіні мен ертеңі» тақырыбындағы аймақтық конференцияға қатысып, баяндамасы жинаққа шықты.
Гульшара Нургалиевна ҚР Білім беру ісінің үздігі. Өз ісінің шебері, тамаша ұстаз, адал дос, қайырымды адам ретінде ата-аналардың, әріптестерінің, оқушылардың арасында Гульшара Нургалиевнаның беделі өте жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |