Мұқағали Мақатаев



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі247,63 Kb.
#33990
  1   2
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали  Мақатаев-ғасыр ақыны 
Мақсаты: Ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру
                   Оқушылардың  поэзияға  деген  ынтасын  арттыру, ізденімпаздық  қасиеттерін  
                   қалыптастыру, тіл  мәдениетіне  баулу, мәнерлеп  оқу  мәдениетін  жетілдіру.
                   Өнер  адамына, еліне, тілге  деген  патриоттық  сезімдерін ояту
                   адамгершілікке, ұлтжандылыққа  баулу .

 « Қазақ жырының аспандағы аз ғана жұлдыздардың

                        арасынан сенің жұлдызынды біз оңай танушы едік.

                        Сенің жұлдызың- ең шүғылалы, ең мейрімді жұлдыз»

                                                                             Тұманбай Молдағалиев.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгелдеу.

Сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен таныстыру.

Бүгінгі сабақта жиырмасыншы ғасырдың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылықпен танысасыздар.

“Мен өзім жайында мынаны айтам:

Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.

Бәлкім,одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да …”- деп жазған екен.

ІІ. Өткен сабақтарда жазушылар мен ақындардың өмірбаяндарын қайталаймыз.



Суретте кімнің портреттері бар?

Ана туралы кім шығармаларды жазған?

М. Әуезовтың тұңғыш шығармасы.-Еңлік –Кебек поэмасы

М. Жұмабаевтың тұңғыш өлең жинағы- «Шолпан»

С. Торайғыровтың өмір жылдары-1893-1920

«Аққудың айырылуы»- поэмасының идеясы- махабатты үлгі ету



ІІІ. Жаңа сабақ

Мұқағали Мақатаев- өмір жылдары – 1931-1976 ж.

Мұқағали –ғажайып,ақиық,сыршыл,гуманист ақын, аудармашы

Туған жері – Алматы облысы, Райымбек ауданы

Әкесі Сүлеймен – ҰОС қайтыс болған

10 жасынан өлең жазады

«Туған жерге», «Өмір сүрейік алмасып» өлеңдері

45 жасында қайтыс болады


Сөздер:

Ақиық –сильный человек

Сыршыл-романтический, лирический
Ғажайып- удивительный

Ұрпақ –поколение

Адам өмірінің мәні-сущность человеческой жизни

Шұғылалы-сияющий светом


Оқушы.Қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз кеңшарында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті аудан орталығы Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін жаза бастаған болатын. 1948 жылы мектепті жақсы аяқтап, алғаш рет Алматыға шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне түседі. Бірақ өз жағдайы, ауылдағы екі анасы мен қос інісінің жағдайы оны оқудан шығуға мәжбүр етеді. Сөтіп, ол ауылға қайтып келеді, үйленеді, ауыл мектебінде мұғалім болады. Кейін 1962 жылы маусым айында Алматыға көшіп келіп, осы жерде өзінің көптеген шығармаларын дүниеге әкелген.

Мұғалім: Мұқағали –ғажайып,ақиық,сыршыл,гуманист ақын.Ол бізге көрінбейтін бояулардан,бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.

Мұқағали –шыншыл поэзия жасаған ақын. Оның поэзиясы- халықтың жан жүрегі мен көңіл күйі.



Мұқағали пояэзиясы түрлі тақырыптарға бөлінеді: ана туралы, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, туған жер, Отан, соғыс тақырыбы.

  «Менің  анкетам»
-    Туған  жерің?
-    Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. 
-    Туған жылың?                        
-    1931.Құрдасымын Шәмілдің.
-    Шыққан тегің?
-    Шаруамын.
-    Білімің ше?
-    Орташа ғой.
-    Алайда өзім жоғары бағалаймын.
-    Ана тілің?
-    Қазақша.
-    Қысылғанда орысша да, немісше де бар.
-    Қайда істедің?
-    Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал.
-    Оқымаған, дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар.
-    Міндеттісің бе әскерге?
-    Міндеттімін.
-    Міне мұнда көп мағына бар.
-    Мекен – жайың ?
-    Жерде  жүрген  ақын  деген  пендемін,
     Қағаз, қалам, уақыт  бер  аздаған.
      Мен  өмірді  жырлау  үшін  келгенмін!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет