Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы



Дата31.01.2018
өлшемі40,86 Kb.
#36863
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,

Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы.

Тәрбиеші: Жиембаева Айгерим Абиевна

Тақырыбы: «Туған тілім –ырысым»

Мақсаты: Балаларды туған ана тіліміздің қасиетін, қадірін біліп құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Балалардың танымдық қабілетін дамытып, Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге баулу.

Сабақтың барысы:

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетіміз: тіл дамыту, сабағымыздың тақырыбы: Туған тілім ырысым деп аталады. Яғни, балалар бүгінгі сабағымыз тіл туралы болғандықтан, шаттық шеңберімізді үш тілдеайтайықшы. Қане, барлығымыз шаттық шеңберге тұрайық.

Қайырлы таң, ұстазым!

Қайырлы таң, достарым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық!

Доброе утро, учитель!

Доброе утро, друзья!

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте всем добра.

Good morning, good morning

Good morning to you

Good morning, good morning

We are glad to see you.

Жарайсыңдар, енді сабағымызды одан әрі қарай әнұранмен бастайық.

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі

Күз мезгілі неше айдан тұрады?

Үш айдан

Ал, біз қай Мемлекетте тұрамыз?

Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Біздің Елбасымыз кім?

Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Біздің ұлтымыз кім?

Біздің ұлтымыз қазақ

Біз қай тілде сөйлейміз?

Біз қазақ тілінде сөйлейміз.

Жарайсыңдар. Ия, балалар біздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілі. Біз бір бірімізбен қазақша сөйлесеміз. 1997ж «Тіл туралы» заңымыз қабылданды. Күз айының алғашқы Қыркүйек айының 22-сі тілдер күні болып белгіленді.

Қазақ тілі бай тіл. Болашақ жас ұрпақтарымыз, яғни сендер тілдеріңді қадірлеп, құрметтеулерің керек. Ана тілімізді қадірлеу Мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Елбасымыз Н. Ә Назарбаев айтқандай қазақ қазақпен қазақша сөйлесу керек. Қане, балалар сендер тіл туралы тақпақ білесіңдерма?

Шынар. Сақтар болсаң халқыңды тілді сақта,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса!

Б.Альбина. Ей,туған тіл! Ата анамның бал тілі!

Көп нәрсе ұқтым дүниеден туған тілім арқылы

Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған,

Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдаған.

Сержан. Ана тілім,

Жүрегісің анамның,

Жүрек ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

М. Альбина. Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшсе тілім менде бірге өшемін.

Данияр. Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

Анель. Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Балалар, біз жерімізде, яғни Қазақстанда қазақша сөйлесеміз.

Біз Ресейге барсақ, Ресейдің Мемлекеттік тілі орыс тілінде сөйлесеміз. Ал, ағылшын еліне барсақ, біз ағылшын тілінде сөйлесеміз. Сондықтан, балалар бірнеше яғни көп тілді сөйлесе білсек те, артық етпейді, бірақ қазақ тілін әрқашанда мақтан етіп, құрметтей білуіміз керек.

Бізде бүгін тіл мерекесі болғандықтан, бізге қонаққа тілмаш келеді. Бізге тілмаш өзінің тапсырмаларымен келеді.

Тілмаш кіреді.

Тілмаш: Сәлеметсіздерме, балалар! Мен тілмашпын. Слайд арқылы тапсырмалар орындатады.Үш тілде.

Енді, балалар біз тілмашқа өз білімімізді көрсетіп, мақал мәтел, нақыл сөздер, тақпақтар айтайықшы.

Ерасыл: Ана тілім елдігім,

Ана тілім ерлігім

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

Айзере: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Елнұр: Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

Мейіржан: Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар,

Қойын қойын сырыңды түбінде келіп шын табар.

Сабина: Піл көтермегенді тіл көтереді

Әлия: Ақын тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.

Мерей. Туған тілім анам тілі өз тілім!

Туған тілім далам тілі өз тілім!

Туған тілім бабам тілі өз тілім!

Туған тілім адам тілі өз тіілім!

Сағын: «Ана тілімізді ұмыту бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту».

Біздің балалар сізден көп нәрсе үйренді. Сізге көп рахмет. Тілмашпен қоштасу.

Сергіту сәті.

Міне мынау сол қол,

Міне мынау оң қол,

Шапалақты соғайық,

Топылдатып билейік.

Хлоп хлоп хлопаю,

Топ топ топаю,

Это левая рука,

Это правая рука.

Here is my left hand

And here is my right hand

I can clap, clap them,

With all ty might.



Қорытынды: Балалар біз бүгін сабағымызда не туралы әңгімеледік. Бізге қонаққа кім келді. Біз тілмаштан не үйрендік.

Әрқашан ана тілімізді құрметтейік. Ана тілімізді ұмыту, бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту. Сондықтан балалар ана тілімізді ұмытпай, қастерлейік. Сабағымызды Ананың тілі әнімен аяқтайық.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет