1914 жылы бітіреді, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі.
1918 жылы аяқтайды.
1929 жылы басталған зобалаң қармағына ілінеді.
1931 жылы мерт болады.
“Сегіз қырлы, бір сырлы дарын”
1926 ж. Қызылордада басылып шықты.
Бастан-аяқ салиқалы, ұстамды проза үлгісінде жазылған.
“Қартқожа” романындағы
Қартқожа бейнесі
“Бұл кім?”
– Осылайша жазы-қысы оқып, баспа түркі жазба танып, хат жазатын болды. Хат танығанша, “отау иесі” азамат та болып қалды.
– Жұман – аз, нашар атаның тұқымы, Жұман дегенім... кім?
– Қазақта да мұндай жетік, орысшаға судай кісі болады екен – ау!
– Мына шәкірт қыс үшкелде оқып, жаз қаражат табуға елге келіп, бар байдың екі баласын оқытып жатқан.
Сол балалардың ішінде босаға жақта астында бір жапырақ тай тері,мұрнын қос-қос тартып,қожаның ақ сабауына қарай түсіп,шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып, бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен,қалай... Екі жеңі де сауыс , бетінің бір жағы да сатпақ,көзінің былшығы да жөнді тазармайды.Сол баланың қақ-соқпен ісі жоқ.момақан,аңқау,көзі бажырайып,аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой,тап сол бала осы еді.Құдай оңдап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа... Жас балаға лайық та ат емес қой.
«Жуас түйе жүндеуге жақсы» ғой. Қартқожаны жуассынып, басынып, балалар үстінен түспейді. Шайнап-шайнап, домалақтаған қағазбен атып, әйтпесе:«Мынаны қарашы» - деп мұрынға түртіп қалып, болмаса маңдайын өлшеп, мазақтай беретін.
«Әттең, менің кедейлігім-ау! Әйтпесе солардың менен ақылы артық па? Зейіні артық па? Артық болса, малы артық.Дүние шіркін -ай! Кегімді алатын да күн болар ма екен!...»
Ол былтыр крестьянский нашалніктің періуатшігін көрген.
Ол қаңдай еді! Үсті-басы аппақ! Сары ала түйме! Шашын қайырған. Аяғында-әмірқан етігі.Нашалніктің алдында аузы-аузына жұқпай судыратқан, кісілер таң қалмаушы ма еді?! Ол бір стражнікпен орысшаласып-орысшаласып, жеңіп кеткені қайда!
Қартқожа қатты сүйсінген.Қазақта да бұндай жетік , орысшаға судай кісі болады екен ау!-деп таңданған.
«Япырмай, орысша оқыр ма еді! Әбілда періуатшіктердей болар ма еді...Олардың арманы бар ма екен...»
Дегенмен сомадай болып, бір ауылдың сиырына қауға тарта алмауды намыс көреді;сыр алдырмағасы келеді.Сиырлар қарқының басқан кезде, Қартқожа бітегене тыныстап,оң жаққа қарады.
Содан кейін Қартқожа сұрай бастады.
Ол қаланың, үшкөлдің,медресенің, оқудың жайынан сұрады.
Шаруаның жайы мынадай; реніш анадай болған соң, «оқимын» деп бекінген Қартқожаның үні өшті, тіл күрмелді, ойын тұман басты, іші-бауыры, өзегі өртелгендей болып, иығы түсіп, еңсесі салбырап кетті.Оңаша жерде Қартқожа тәңіріге налып, зарланатын болды. «Құдай-ау, не жаздым? Мұнша сорлы қылғандай неңді алдым? Бүйтіп қор еткенше жаратпасаң етті!Қырсықтан көзімізді ашатын күнің бар ма?Жоқ па?...» деп зарлаушы еді.Сонда да оқудан күдерін үзбеді,өйткені түсінде оқып жүретін еді.
Онда үшкөлге кіреді, ол орысша оқып, тілге судай болады..Сонсоң «ұлық» болуға да жарайды.Міне, Қартқожаның жұбанышы.
Жүніспен жаңа хат танып, үшкөлге барам деп жүргенде ,мұндай күйге ұшырадым- ау!
Алдыңғы жылы жаңа ойланып жүргенде, әкем ондай болып еді. Енді мұндай дүкірт килікті. Шынымен сорға бола жаралған жан екенмін.Әлде үйді құдайға тапсырып, кетіп қалам ба!
-Міне біреуді уатып бере қойшы, міне бір кісідегі алымсағым кетейін деп тұр,- деп зыр қағып,әркімге бір жалынып жүр екен.Қартқожа аяп кетті.
-Ағай, қанша керек еді?-деді.
-Қырық бес миллион еді! Е, қарағым! Жақсы болды ғой!... Ой тілеуіңді берсін!.....
Түсінде қалаға барған екен дейді.Қала деген кісінің миы жетпейтін шым-шытырық бірдеңе. Ылғи бір заңғар үйлер, аспанмен тілдескен мұнаралар, қара құрттай қайнаған ығы-жығы кісі.
-Ағатайлар.... бірдеме қылыңыздар...Нашар, жетім едім.. Оқуға ынтық едім....-деп Қартқожа жалына бастады.
Білімге осынша шөлдеп, қолына түскен қазақ баспа сөзін бір нүктесін қалдырмай арылтып шықса да, кез-келген оқығанға жабысып, білімге сұрау салса да. Қазақща оқу Қартқожаның сусының қаңдырмады. Адасып жүріп, тұмсығы тығырыққа тірелген адамдай, беттеген жолынан тайқып, қайта берді.Орыстың тіреліп тұрған кітапханасын, кітап дүкендерін көргенде , байлардың тамағына телмірген есіктегі малайдай екі көзі телміріп, арам астай көрініп ауыз тие алмады.Орысша білсем екен деп талпынады.
-Жеңеше, тым нашар көрінеді ғой. Мал беріп ешкім ала қоймас. Маған беріңіз ...- деп жабысты.