Тәжірибелік сабақ №10. Валюта айырбастау туралы есеп.
Мақсаты: Валюта айырбастау бөлімшесіндегі сәйкес операцияларды модельдеу үшін «Валюта айырбастау» атты форма құру.
Қажетті құралдар: MS Windows операциялық жүйесі бар дербес компьютер, әдістемелік нұсқаулық, Borland Delphi 7.0 бағдарламасы.
Теориялық мәлімет. Редакторлейтін алаң (Edit) объектісі пернетақтадан жолдық символдарды енгізу үшін қолданылады. Алынған жолдық шаманы (Text қасиеті) санға және керісінше түрлендіру үшін Pascal тілінің стандартты функциялары Val және Str, немесе Delphi ортасының StrToFloat және FIoatToStr функциялары қолданылады.
Edit редакторлеу алаңының қасиеттері:
Қасиет
|
Сипаттамасы
|
Мәндері
|
CharCase
|
Редакторлеу алаңына енгізулетін символ түрлері
|
ecNormal (қалыпты), ecUpperCase (бас әріп), ecLowerCase (кіші әріп)
|
Ctl3D
|
Объектінің көлемді бейнесі
|
True, False
|
PasswordChar
|
Құпия сөзді енгізуге арналған символын
|
#0 (мәтіннің қалыпты көрінуі), * (мәтін жұлдызша түрінде көрінеді), 0 (мәтін нөл түрінде көрінеді)
|
Readonly
|
Мәтінді өзгертудің мүмкіндігі (алаңның белсенді болуы)
|
True (мәтінді өзгертуге болмайды), False (мәтінді өзгертуге болады)
|
Hint
|
Тышқан бағыттаушысын жақындатқанда пайда болатын анықтама мәтіні
|
Символдардың кездейсоқ жолы
|
ShowHint
|
Анықтаманы көрсету/ көрсетпеу
|
True, False
|
Text
|
Редакторлеу алаңындағы мәтін
|
Символдардың кездейсоқ жолы
|
Ауыстырып қосқыш объектісі (RadioButton) бірнеше ұқсастардың арасынан қандайда бір әрекетті таңдау үшін қолданылады. Ауыстырып қосқыштың келесі қасиеттерін қарастырамыз:
Қасиет
|
Сипаттамасы
|
Мәндері
|
Checked
|
Ауыстырып қосқыш жағдайы
|
True (таңдалған), False (таңдалмаған)
|
TabOrder
|
Tab пернесі арқылы объектіні таңдау реті
|
0 (бірінші), 4 (бесінщі)
|
TabStop
|
Табулятор арқылы берілген объектіге жүгіну
|
True (рұқсат етілген), False (рұқсат етілмеген)
|
Достарыңызбен бөлісу: |