Тапсырма. «Валюта айырбастау» атты бағдарламаны құру
Тапсырманың орындалу әдістемесі:.
1. Delphi 7 бағдарламасын іске қосыңыз: Пуск = Borland Delphi = Delphi 7.
2. Delphi 7 бағдарламасының Терезесін мұқият қараңыз.
3. Жаңа жоба құру: File = New = Application. Оны «Мои документы» бумасында құрылған жоба бумасында сақтаңыз.
4. Бастапқы формасында қосымшаның келесі терезесін құрыңыз:
а) Бастапқы көрініс б) Толтырылған көрініс
Сурет 10.1.
5. Бастапқы форманың келесі қасиеттерін тағайындаңыз:
|
Қасиет
|
Мәні
|
|
Қасиет
|
Мәні
|
1
|
Caption
|
Валюта айырбастау
|
4
|
BorderStyle
|
bsDialog
|
2
|
Height
|
380
|
5
|
Font Size
|
12
|
3
|
Width
|
450
|
|
|
|
6. Суретте көрсетілген барлық компоненттерді Standart компоненттер палитрасынан формаға орналастырыңыз.
7. Бұл компоненттерге келесі қасиеттерді тағайындаңыз:
Қасиет
|
Компонент
|
Label1
|
Label2
|
Label3
|
Label4
|
AutoSize
|
True
|
True
|
True
|
True
|
WordWrap
|
False
|
False
|
False
|
False
|
Caption
|
Доллар
|
Тенге
|
=>
|
Валюта курсы
|
Қасиет
|
Компонент
|
Edit1
|
Edit2
|
Edit3
|
Edit4
|
Height
|
|
|
|
|
Width
|
|
|
|
|
Text
|
Алаң ішін тазалау
|
Алаң ішін тазалау
|
Алаң ішін тазалау
|
Алаң ішін тазалау
|
Enabled
|
True
|
True
|
True
|
False
|
Қасиет
|
Компонент
|
RadioButton1
|
RadioButton2
|
Button1
|
Button2
|
Height
|
49
|
49
|
33
|
33
|
Width
|
129
|
129
|
105
|
105
|
Checked
|
True
|
True
|
|
|
Caption
|
Сатып алу
|
Сату
|
Есептеу
|
Шығу
|
8. Бағыттағыштардың бағыты өзгеріп, операция түрін (сату немесе сатып алу) көрсететіндей радиобатырмаларды бағдарламалаңыз. RadioButton2 (Сату) ауыстырып қосқышын екі рет шертіңіз. RadioButton2Click процедурасы ашылады. Бұл процедура денесіне келесі кодты теріңіз:
procedure TForml.RadioButton2Click(Sender: Tobject);
begin
{Бағыттағыштың бағытын өзгертеміз}
Label3.Caption := '=>';
Edit3.SetFocus {Edit3 алаңын белсенді етеміз}
end;
Дәл осылай RadioButton1 (Сатып алу) ауыстырып қосқышын бағдарламалаңыз.
9. «Шығу» батырмасын бағдарламалаңыз:
procedure TForml.Button2Click(Sender: TObject);
begin
Close ; {Бағдарлама терезесін жабамыз}
end;
10. «Есептеу» батырмасын бағдарламалаңыз:
procedure Tforml.ButtonlClick(Sender: TObject);
var kurs1, kurs2, summa : real; cod : integer; ed : string[9];
begin
{Сатып алу курсы мәнін аламыз}
Val (Edit1.Text, kurs1, cod);
{ Сату курсы мәнін аламыз}
Val (Edit2.Text, kurs2, cod);
{Сумманың сандық мәнін USD -те аламыз}
Val (Edit3.Text, summa, cod);
if RadioButton2.Checked = True then summa:= summa * kurs2 else
summa := summa * kurs1;
Str(summa:9:2, ed); Edit4.Text := ed;
{Сумманың сандық мәнін мәтіндік форматқа түрлендіреміз және нәтижені Edit4 шығару алаңының Text қасиетіне меншіктейміз}
end;
11. Бас мәзірден Run => Run командасын немесе құрал саймандар тақтасынан Run батырмасын шертіп немесе F9 функцияналдық пернесін басу арқылы бағдарламаны орындауға жіберіңіз.
12. Құрылған бағдарламаны өз бумасында сақтаңыз. Ол үшін бас мәзірден File => Save All (Барлығын сақтау) таңдаңыз немесе құрал саймандар тақтасынан Save All батырмасын шертіңіз.
13. Жобаның ехе-файлын құрыңыз: басты мәзірден Project => Build All (Барлығын конструкциялау) .
Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:
1. Құрылған формаға ақша соммаларының алаңдарын тазалауға арналған тағы бір батырманы қоямыз.
2. Тышқан бағыттағышын Editl және Edit2 алаңдарына орын ауыстырғанда сәйкесінше «Сатып алу курсын енгізіңіз» және «Сату курсын енгізіңіз» деген анықтамалар шығуын қамтамасыз етіңіз.
3. «Есептеу» батырмасына арналған процедурада сату операциясынан зейнеткерлік қорға 1 % жинақты қарастырыңыз.
4. Бұл жобаға жаңа форма терезесін қосыңыз. Бірінші формадан барлық объектіні екінші формаға көшіріңіз, содан кейін суретте келтірілгендей болуы үшін артық объектілерді кетіріңіз және «Есептеу» батырмасы процедурасындағы кодты метрді километрге және керісінше аударатындай өзгертіңіз.
Сурет 10.2.
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай объект жолдық символдарды енгізу үшін қолданылады?
2. Шамаларды бір бірене түрлендіру үшін қандай функциялар қолданылады?
3. Құпия сөзді енгізуге арналған символды қай қасиет арқылы тағайындайды?
4. Тышқан бағыттаушысын жақындатқанда пайда болатын анықтама мәтіні қай қасиет арқылы тағайындайды?
5. Редакторлеу алаңындағы мәтін қай қасиет арқылы жазылады?
6. Қандай объект бірнеше ұқсастардың арасынан қандайда бір әрекетті таңдау үшін қолданылады?
7. Табулятор арқылы берілген объектіге жүгіну қай қасиет арқылы тағайындайды?
8. Ауыстырып қосқыш жағдайы қай қасиет арқылы тағайындайды?
Достарыңызбен бөлісу: |