Тапсырманың орындалу әдістемесі: 1. Алдыменен компьютер жүйесінің сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз.
2. Процессор орнын тағайындаңыз және оның салқындату жүйесін зерттеңіз. Белгісі бойынша процессор типі мен шығарушы фирмасын анықтаңыз.
3. Кеңейтпе платаларын қондыруға арналған слоттар орнын тағайындаңыз. Олардың саны мен типін анықтаңыз /ISA, VLB, PCI, AGP/. Олардың пішімдерінің, түстерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
Шинаның
ажыратып-қосқышы
Түсі
Өлшемі
ISA
Қара
Ұзын
PCI
Ақ
орташа
AGP
қоңыр
Қысқа
4. ТЕСҚ микросхемасының орнын тағайындыңыз. Жапсырмасы бойынша компьютердің BIOS жүйесін шығарушы фирмасын анықтаңыз.
Келесі кестені толтырыңыз:
Шығарушы
Модель
Процессор
Чипсет
BIOS жүйесі
Жедел жады модульдері ажыратып-қосқыштарының саны
Кеңейтпе платаларын қондыруға арналған слоттар саны
SIMM
DIMM
ISA
PCI
AGP
Тапсырма№3.Компьютердің жүктелу ретін зерттеу.
Тапсырманың орындалу әдістемесі: 1. Мониторды қосыңыз.
2. Жүйелік қорапты қосыңыз. Процессорге ток көзі берілгенде, оның ТЕСҚ микросхемасына жүгінуі және компьютер жұмысын тағайындайтын бағдарламанының іске қосу орындалады. Осы мезетте монитор экранында BIOS версиясы жөнінде хабарлама пайда болады.
3. Хабарламаны бақылау үшін Pause/Break пернесі қолданылады. Ол жүктелуді тоқтата тұрып, хабарламаны оқуға мүмкіндік береді. Жүктелуді жалғастыру үшін ENTER пернесі қолданылады.
Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар: 1. BIOS құралдары арқылы IRQ номерлерін үлестіру.
2. BIOS құралдары арқылы дискіжетектерді ажырату.
3. Windows мүмкіндіктері арқылы IRQ номерлерін үлестіру