Әдебиеттір тізімі: 6,7,18
Тақырып 5. Заң актілері – тарихи дерек көзі. Мерзімді басылымдар.
Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде.
РКФСР, КСРО және Қазақстан конституциялары. Кеңестік заң қабылдау жүйесінің ерекшеліктері. Кеңестік заңдар мен заң актілерінің деректік орыны мен маңызы. Оларды дерек көзі ретінде талдаудың методтары.
Большевиктік мерзімді басылымдардың пайда болуы, сипаты, бағыт – бағдары, мақсаты және ерекшеліктері. Кеңестік газеттер мен журналдардың деректік маңызы және оларды талдаудың методтары. “Ақ жол ”, “Еңбекші Қазақ”, “Социалды Қазақстан”, “Социалистік Қазақстан” газеттері, “Қызыл Қазақстан”, “Қазақстан Большевигі”, “Қазақстан Коммунисі” журналы.
Кеңестік кезеңдегі жеке адамдық құжаттарды сыныптау. Қоғам қайраткерлерінің хаттары тарихи дерек ретінде. Күнделіктер, естеліктер, заманхаттар. Сәкен Сейфулиннің “Тар жол, тайғақ кешуі”. Куәгерлер мәліметі Зұлмат тарихының дерегі ретінде. Жеке адамдық құжаттарды зерттеу методикасы.
Достарыңызбен бөлісу: |