Магистратура



бет20/33
Дата03.06.2020
өлшемі0,55 Mb.
#72132
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
Алматы қаласы жастарының демонтративті тұтынуы

Кесте 2 жалғасы

көзге көрінетін атрибуттар сатып алуға қомақты қаржыны жұмсауға дайынсыз ба?

Барлығы

33,6%

10,8%

33,4%

3,8%

3,8%


Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес (Кесте  2), ата-анасымен бірге тұратын жастардың тұтынушылық әрекетінде айтарлықтай жауапкершілік байқалмайды, өзінің тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көзге көрінбейтін заттарға үнемдесе де қомақты қаржыны жария тауарлар мен қызметттерге жұмсауы дайындығын көрсеткіндердің басым бөлігі (61,4%) ата-анасымен бірге тұрады, ал 36,8%-ы пәтер жалдап тұрады, тек 1,8%-ы жеке пәтерінде тұрады және «иә» деп жауапбергендердің қатарында жатақханада тұратын респонденттер табылмады.

Сонымен қатар, сұралған жастардың отбасылық айлық табыс көзі мен кредит алуға деген көзқарасын анықтаған болатынбыз. Орташа айлық табысы 25 мың тенге көлеміне дейінгілердің басым бөлігі қаржысын жинауға тырысады, жетпеген жағдайда кредитке жүгінеді – 39,1%, кей кезде ұнаған тауар үшін кредит алатын кездері болатынын 34,8%-ы көрсетті, ал 21,7%-ы кредит алуды құп көрсейді және ең аз бөлігі (4,3%) ұнаған тауар үшін кредит алуды толықтай қолдайды, қазір және бүгінмен өмір сүру қажет деп есептейді. 26-60 мын теңге көлемінде табыс көретін жастардың көбі (33,3%) бүгінгі күнмен өмір сүруді құптап, ұнаған кез-келген тауар үшін кредит алуға дайын, 28,6%-ы да кей кездерде кредитке жүгінетінін көрсетті, тек 21,4%-ы ұнатқан тауарын сатып алу үшін кредит алуды құптамайтынын белгіледі. Ал орташа айлық табысы 100 мың теңгеден артық болатын респонденттері тиісінше кредитке көп жүгінбейтінін атап, кредит алуды өзі үшін дұрыс емес деп біледі. 100мың мен 150мың теңге арасындағы табыс табатын респонденттердің тек 0,7%-ы ғана, ал 150 мыңнан жоғары табысы барлар 7,6%-ы ғана бүгінгі күнмен өмір сүреді. Ал олардың көп бөлігі біраз уақыт күте турады (23,5%; 10,2%) немесе өзі үшін кредит алуға бармайды (38,6%; 45,2%).


Кесте 3 – Қиылысу кестесі. Отбасыңыздың орташа айлық табасын көрсетіңіз. * Ұнаған тауарды сатып алып үшін кредит алуға дайынсыз ба?





Ұнаған тауарды сатып алып үшін кредит алуға дайынсыз ба?

Барлығы

иә, бұны толықтай қолдаймын, қазір және бүгінмен өмір сүру қажет

иә, кей кезде

жоқ, біраз күте тұрамын, жинаған ақшам жетпеген жағдайда кредит аламын

өзім үшін кредит алуды дұрыс деп есептемеймін




Кесте 3 жалғасы

Отбасыңыздың орташа айлық табасын көрсетіңіз.

25 мыңға дейін

4,3%

34,8%

39,1%

21,7%

100%

26 мыңнан 60 мыңға дейін

33,3%

28,6%

16,7%

21,4%

100%

61 мыңнан 99 мыңға дейін

1,2%

65,9%

11,8%

21,2%

100%

100 мыңнан 150 мыңға дейін

0,7%

37,3%

23,5%

38,6%

100%

150 мыңнан жоғары

7,6%

37,1%

10,2%

45,2%

100%

Барлығы

6,4%

41,2%

16,4%

36,0%

100%



Төмендегі диаграммаға зер салар болсақ, респондент жастардың 58,8 пайызы егер де қажет болса, қомақты қаржыны жұмсауға дайын екендігін айтқан, 29,8 пайызы «жоқ» десе, 11,4 пайызы нақты иә деп жауап берген. Рационалды түрде қаржыны жұмсайтынын да аңғаруымызға болады (Сурет 6).

Сурет 6  Респонденттердің «Көзге көрінбейтін заттарға үнемдеутініңізді біле отырып, көзге көрінетін атрибуттар сатып алуға қомақты қаржыны жұмсауға дайынсыз ба?» сұрағына жауаптарының көрсеткіші
«Ұнаған тауарды сатып алып үшін кредит алуға дайынсыз ба?» сұрағына жауап алу барысында жалпы көрсеткіш бойынша респонденттердің 41,2 пайызы ұнатқан тауарын несие алып болса да алатынын көрсеткен. 41,2 пайызы кей кезде ондай шешім қабылдап, әрекетке баратынын білдірген. 36 пайызы бұндай әрекетті қисынсыз деп танитынын айтқан (Сурет 7).


Сурет 7  Респонденттердің «Ұнаған тауарды сатып алып үшін кредит алуға дайынсыз ба?» сұрағына жауаптарының көрсеткіші
Респондент жастар «Адамдар өз табысына сай киінуі тиіс» деген пікірмен келіспейтінін (31,2; 24,4) пайыздық көрсеткішпен білдірген (Сурет 8) және (29,4; 25,8) пайызы «премиум класс тауарларын сатып алмаған жөн» деген пікірмен де санаспайтынын айтқан (Сурет 9).

Бұдан басқаларға қарағанда жастар әлеуметтік топ ретінде өзгеше қасиеттерге ие екендігін көруге болады. Бұл не қасиеттер? Ең әуелі, олардың «рухының беймазалығы», болмысқа сын көзбен қарайтындығы, ешкімге кіріптар болғысы келмейтін «өзімшілдігі», ақиқаттан, тіпті қоғамнан іргесін аулақ салуға ұмтылуы, саяқ жүріп, қара басының қамын бәрінен биік қоюы.



Сурет 8  Респонденттердің «Адамдар өздерінің табысына сай киінуі тиіс» деген пікірге жауаптарының көрсеткіші


Сурет 9  Респонденттердің «Кірісі аз адам премиум класс тауарын сатып алмағаны жөн» деген пікірге жауаптарының көрсеткіші
Әлеуметтік класс – қоғамдағы тұрақты және біртекті бөлінулер. Олар иерархиялық түрде бөлінген және олардың мүшелері ортақ құндылықтарға, қызығушылықтарға және іс-әрекеттерге қарай бөлінеді. Бір әлеуметтік класс ішіндегі мүшелер басқа әлеуметтік кластардан ерекшелейтін өздеріне тән іс-әрекетті көрсетеді. Әлеуметтік класс белгілі бір нақты өнімді немесе брендті көрсетеді.

«Адам өзінің әлеуметтік статусын әрдайым көрсету керек» деген сауалымызға респонденттердің 36,2 пайызы келіспеймін деп жауап берген. 23,2 пайызы жауап беруге қиналатынын айтқан. 16,2 пайызы «мүлдем келіспеймін» десе, 18 пайызы қандай контентте, қандай да орта болмасын өз статусын көрсету керек деп ойлайтынын білдірген (Сурет 10).



Статустық тауарлар тиімді әлеуметтік белгі болуын алдыға қояды. «Сенде не бар?» - кешегі күннің сұрағы болса. Бүгінгі күннің ең маңыздысы: «Не істей аласың?». Статустық тауарлардың орнына мысалға, шет тілін меңгеру, билей алу, жоғары деңгейде суретке түсіре білу, видео түсірілім жасай алу, ерекше тағам дайындай алу сияқты дағдылар пайда бола бастауда.

Сурет 10  Респонденттердің «Адам өзінің әлеуметтік статустын әрдайым көрсету керек» деген пікірге жауаптарының көрсеткіші


Тауар немесе қызметті тұтынудағы мақсат бір және оны түсініп мойындау басқа нәрсе екенін білген жөн. Өйткені тауар не қызметті көру барысында қажеттілі немесе пайдалылығы туралы ойлану біраз уақытты алатынын тәжірибеден білеміз. Осы орайда сұралған жастардың, өздерінің жастық ерекшеліктерін ескере отырып, тұтыну кезіндегі тұтыну мақсатын қаншалықты деңгейде ескеретінін білу қызығушылық тудырды. Нәтижесінде респонденттердің басым көпшілігі (33%) тауарды өз рахаттары үшін сатып алатынын айтты, 23,2%-ы тауарды физикалық немесе рухани даму мақсатында тұтынатын көрсетті. 26%-ы тауарды тұрмыста жеткіліксіз болған жағдайда тұтынатынын айтса, 4,8%-ы өз статусын басқаларына көрсету мақсатында тұтынады екен. Және 1,6%-ы көп жағдайда алған тауарына өкінетінін көрсетті (Сурет 11).


Сурет 11  Респонденттердің «Тауардың қандай мақсатпен сатып алынған фактын түсінесіз бе?» сұрағына жауаптарының көрсеткіші
Осы көрсеткіштерді респонденттердің жастық ерекшелеіктері бойынша салыстырмалы талдау жасасақ. Көріп отырғанымыздай жастардың басым көпшілігі (33%) тауарды өз рахаты үшін сатып алады. Мектеп оқушылары үшін өзіндік рахатынан кейінгі (46,2%) орында тұрмыстағы жеткіліксіздік себебі тұтынуға алып келеді (20%) және одан кейін барып өздерінің физикалық немесе рухани дамулары үшін тауарды тұтынады (13,8%), ал 9,2%-ы өз статустарын көрсету үшін демонстративті тұтынуға қаржы жұмсайтынын көрсетіп отыр. 18 бен 21 жас аралығындағы жастар, көп жағдайда студенттер, өздерінің статусын көрсету мақсатында тауар тұтынбайтынын айтты. Расымен де жоғары оқу орнына немесе колледжге түскен жас үшін психологиялық өзгерістердің орын алатынын ескере отырып, басқа жас категорияларынан айрықшаланытыны дұрыс. Оқу мақсатында жиналған үлкен ортаға түскен кезде жас адамнын өмірге деген көзқарасымен қатар тұтынудағы ерекшеліктері өзгере бастайды. Бұндай өзгерістер, жоғарыда аталып өткендей Г.С. Абдирайымованың жастардың құндылықтық бағдары бойынша зерттелген еңбектерінде толығымен аталған. Оған қоса студенттік шақтың психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, үлкен ортадан айрықшаланғысы келетін жастар да кем еместігін ұмытпау керек. Сұралған студенттік шақтағы респонденттер көп жағдайда тұрмыста жеткіліксіз болған жағдайда ғана тауарды тұтынатынын көрсеткен, кейін барып қана өз рахаты үшін (18,6%) және физикалық не рухани дамуына (15,7%) тұтынады. Және 18-21 жас аралығындағы сұралған жастар үшін тауарды сатып алу ойы кенеттен пайда болады (10,8%). Ал 22-25 жас категориясы мен 26-29 жас категориясы арасындағы айырмашылықтарға тоқталсақ, 22-25 жас аралығындағы жастар үшін ең алдымен өзіндік рахат, кейін тұрмыстағы тапшылық тұтынуға мақсат болады. Ал 26-29 аралығы үшін ең алдымен физикалық немесе рухани даму жолында сатып алынған тауар, кейін ғана өз рахатын мақсат етеді (Кесте-4).
Кесте 4  Қиылысу кестесі. Жасыңыз. * Тауардың қандай мақсатпен сатып алынған фактын түсінесіз бе?


 

Тауардың қандай мақсатпен сатып алынған фактын түсінесіз бе?

Бар-лығы

иә, мен өз статусымды басқаларына көрсету үшін сатып аламын

иә, мен тұрмыста жеткіліксіз болған тауарды сатып аламын

иә, мен тауарды өзімнің жеке дамуыма (рухани және физикалық) сатып аламын

иә, мен тауарды өз рахатым үшін сатып аламын

жоқ, менің тауарды сатып алуым кенеттен пайда болады

жауап беруге қиналамын

жоқ, мен көбіне тауарды сатып алғаныма өкінемін




14-17

9,2%

20,0%

13,8%

46,2%

1,5%

6,2%

3,1%

100%

18-21

0%

41,2%

15,7%

18,6%

13,7%

10,8%

0%

100%



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет