Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет420/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

«Мақаламды  редактор  оқып,  «жақсы»  деп  айтты»  дегенім.  Солай  түсініп, 

Меңтай  да  қайта-қайта  бас  изейді.  Мен  тағы  да  ишара  жасап,  қолымды 

сілтеп, көше жақты нұсқаймын. Оным – «мақала баспаханаға терілуге кетті» 

деген сөзім. Меңтай алақанын шапалақтайды. 

Тағы  бір  барғанымда  Меңтай  «Маған  тамақ  әкелме,  өзін  іш»  деп  ымдады. 

Бір күні кешке екі қолын жастық етіп, соған қисайтып басын қойды. Онысы – 

«Маған алаңдамай, жақсылап ұйықта» дегені еді. Бірде қолын төбесінен аса 

созып, өзі жоғары қарады. Онысы «Ұзынбала» - Жомартбек келіп кетті дегені 

деп  ұқтым.  Өйткені  Жомартбек:  «Енді  жеңгем  болдың,  маған  ат  қой»  деп 

болмағаннан кейін кейде Меңтай саған қойған атым деп оны Ұзынбала деп 

атайтын.  Бір  жолы  ол  бас  бармағы  мен  сұқ  саусағын  дөңгелектеп  көзіне 

апарды да, екі саусағын көрсетті. Онысы – «тостаған көз Майра бүгін екі рет 

келіп кетті» дегені болатын. 

Төртінші күні түсте (таңертең де келіп, Меңтайды көріп кеткен болатынмын) 

жүгіріп  келіп,  таныс  терезенің  түбінен  «Меңтай!»  деп  дауыстадым.  Терезе 

алдына ешкім келмеді. 

Тағы да «Меңтай!» деп айқайладым. Бұл жолы өз дауысымнан өзім шошып 

кеттім. 

Дауысым  палатаға  да  үрейлі  естілді-ау  деймін,  терезе  алдына  орта  жастағы 

қазақ әйелі жетіп келді. Келді де, мені көре салып кейін қашты. Тұла бойым 

шіміркеніп,  не  болғанымды  білмей  кеттім.  Тағы  да  «Меңтай-а-ай!»  деп 

айқайлап  жібердім.  Бұл  жолғы  үнім  перзентхана  маңын  ғана  емес,  бүкіл 

Алматыны, барша Алатау аясын басыма көтере шыққан жан дауысымдай еді. 

Іштен ақ халат киген қартаң сестра жүгіріп шығып, тез-тез бірдеңе деп, мені 

қолтықтап ішке қарай алып кетті. 




426 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет