Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет432/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Солардың  ішінен  Меңтай  екеуміздің  мәңгілік  адал  досымыз  Жомартбек 

Жолдин  ғылым  докторы  атағын  алды.  Зайкүл  есебін  тауып,  бір  бастықтың 

етегінен  ұстаған.  Соның  беделімен,  тамыр-таныстық  деген  кәрі  кеселдің 

көмегімен  ол  да  кандидат  деген  атқа  ие  боп  алған.  Қазір  ол  бір  институтта 

«басын жарып, көзін шығарып» әдебиеттен сабақ береді. Зәкең бұрынғының 

бәрін  ұмытқан.  Әшейінде  шекірейіп  жүретін  әйел,  кандидат  болса  мүлде 

кекірейіп  кетеді  емес  пе.  Ол  да  солай:  кездесе  қалсаң  –  танығысы  келгенін 

таниды,  танығысы  келмегенге  танауын  көтеріп  жүре  береді.  Жеңілтек 

адамды  жағдай  өзгертпей  қоя  ма?  Мінеки,  өмір  дегеніңіз,  кейде,  ойсыз, 

ұшқалақ  адамды  ұшпаққа  осылай  шығарады  екен.  Қанипа  да  –  кандидат. 

Майра Абаева Ленин орденімен наградталған. 

Жақында оған еңбегі сіңген мұғалім атағы берілді. 

Тұмажанның да қайда екенін білгіңіз келетін болар? Жер үстінде ол да жүр. 

Бірақ  біздің  қоғамымызда  ондайлардың  орны  түрме  емес  пе?  Түрмеге 

түскен.  Сақтық  кассасын  меңгеруші  боп  тұрғанда  бірнеше  облигацияға 

подлог  жасап,  мемлекеттің  көп  ақшасын  жегені  және,  өз  сөзімен  айтқанда, 

басқа  да  «үзіп-жұлып,  жұлмалағаны»  үшін  көп  жылға  сотталған.  Оның  екі 

сөзінің бірі «Ошақбаев опық жемейді» болып келуші еді. Жоқ. 

Ошақбаевтар да омақасады екен. 

Олардың  әділетсіздігінің,  арсыздығының,  ынсапсыздығының  зауалы  -  заң 

екен. 


Ал енді қалған кім дейсіз ғой? Қос ғашық Тана мен Заман болар. Ертедегі екі 

ғашықтың  қолы  жетпеген  мұратқа  осы  екеуі  жетті.  Екеуі  қосылып,  көп 

бейнеттерді  бастарынан  кешіріп,  сол  жақта  жүріп  институт  бітіріп,  елу 

төртінші  жылы  елге  келді.  Қазір  екеуі  де  мұғалім.  Тана  Серкебаева  екі  рет 

Жоғарғы  Советке  депутат  болып  сайланды.  Білімбай,  Ербол,  Махаббат, 



437 

Әдеби KZ 

Меңтай  есімді  төрт  баласы  бар.  Бір  ұл,  бір  қызына  Меңтай  екеуміздің 

атымызды  қойыпты.  Мен олармен  анда-санда  кездесіп  тұрамын. Кездескен 

сайын  алдымен  кішкентай  қыздарын  құшағыма  алып:  «Меңтайым  менің!» 

деп шөпілдете сүйемін. Содан соң Тана мен Заманға қарап: 

–  Ал  осы  заманның  Қозы  Көрпеші  мен  Баян  сұлуы,  амансыңдар  ма?  -  деп 

құшағымды жаямын. 

Көздері  жасаурап,  еріндері  дірілдеп  ол  екеуі  қатарласа  маған  қарай 

ұмтылады. 

Асыл жар, адал досқа не жетсін, шіркін! 

1963-1970 Алматы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет