Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет436/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жігіттері  сіздерге  және  осындай  қызық,  тартымды  роман  жазып  шығарған 

Әзілхан  Нұршайықов  ағайға  көп-көп  рахмет  айтады».  Житомир  облысында 

әскери  борышын  өтеп  жатқан  жауынгер  Қуантай  Бұзаубаев  бұл  романның 

өзінің әскери борышын ойдағыдай атқаруға көмектескенін жазады. 

Сөйтіп  оқырмандар  өз  хаттарында  осылай,  алдымен  кітап  жайындағы 

пікірлерін білдіре келіп, өздерінің «әттеген-айларын» айтады: анау неге олай 

болмады,  мынау  неге  бүйтпеді  деген  сияқты  өз  өкініштерін  ортаға  салады. 

Осындай  бірнеше  сұрақтарына  жауап  беруді  өтінеді.  Ондай  сұрақтарға 

оқырмандармен  бетпе-бет  жүздескенде  толық  жауап  беруге  мүмкіншілік 

мол.  Ал  конференцияда  кездеспей,  республиканың,  тіпті,  Отанымыздың 

алыс  түкпірлерінде  жатқан  оқырмандарға  жеке-жеке  жауап  беру  қажет. 

Алғашқы  4-5  хат  келгенде  мен  оларға  қолма-қол  жауап  та  бердім.  Өйткені 

мен  ол  кезде  мұндай  көп  хаттың  астында  қалармын  деп  ойламаған  едім. 

Бірте-бірте  хат  көбейе  бастаған  соң  олардың  әрқайсысына  бөлек-бөлек 

жауап  жазып  үлгере  алмайтынымды  аңғардым.  Жүзінші  хат  келгенде  «Жүз 

хатқа жауап» деген тақырыппен газетке мақала жазуға, сөйтіп оқырмандарға 

баспасөз арқылы жауап беруге ұйғардым. Бірақ осы кезде науқастанып, ұзақ 

уақыт ауруханада жатып қалдым. Шынымды айтсам, сол науқастанып жатқан 

кезімде  оқырмандардан  үзбей  келіп  тұрған  хаттар  маған  дәрігерлердің  емі 

мен дәрісінен кем болған жоқ. Әр хат маған от берді, жаныма жігер құйды. 

Міне,  ауруханадан  шығып,  қолыма  қуат  кіргеннен  кейін,  романым  жөнінде 

жылы  лебіздер  білдіріп,  хаттар  мен  қиын  күнде  демеу  болған  қадірлі 

оқырмандарыма рақмет айту үшін қолыма қалам алып, осы жауапты жазуға 

кірістім. 

Жоғарыда аталған мыңға жуық хатты түгел оқып шыққаннан кейін солардың 

ішіндегі барлық оқырман үшін ортақ мәні бар деген оншақты сұраққа жауап 

беруді жөн көрдім. 




441 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет