Махамбет атындаєы Батыс Ќазаќстан мемлекеттік


Тақырып: Рим жеке құқығындағы консенсуальды шарттар (2 сағат)



бет43/73
Дата21.07.2020
өлшемі0,54 Mb.
#63507
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Тақырып: Рим жеке құқығындағы консенсуальды шарттар (2 сағат).

Мақсаты: Консенсуальды шарт түрлерімен таныстыру.

Консенсуальды шарт ұғымы. Консенсуальды шарт – бұл тараптардың келісімге келген кезінен жасалды деп есептелетін шарттар. Консенсуальды шарттың түрлері: сатып алу – сату шарты, жалдау шарты, тапсырма шарты, серіктестік шарты.

Сатып алу – сату шартының ұғымы (emtio venditio).Сатып алу – сату шартының пәні мен бағасы. Сатып алу – сату шарты тараптарының міндеттері. Сатып алу – сату шарты бойынша сатушы тауарды сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал сатып алушы тауарды қабылдап алып сатушыға белгіленген ақшаны төлеуге міндеттенеді.Сатып алу – сату шартының негізгі шаруашылық мақсаты – сатып алушының өзінің шаруашылығына қажетті тауарды алуы. Шаруашылық пайданы екі жақта алады, сондықтан да бұл шарт екі жақты.

Тапсырма шартының түсінігі (mandatum). Тапсырма шарты дегеніміз сенім беруші сенім алушыға қандай да болмасын әрекетті сенім берушінің пайдасына ақысыз орындауын қабылдауы туралы консенсуальды шарт. Сенім алушы сенім берушінің берген тапсырмасын толық және шартқа сәйкес орындауға міндетті. Тапсырманы орындауға байланысты шығындарды сенім білдіруші көтереді. Сенім беруші мен сенім алушы. Мандатаридің және манданттың міндеттері. Mandatum mea, tua, aliena gratia. Мандатумның тоқтатылуы.

Жалдау шартының ұғымы. Жалдау шарты бойынша жалға беруші қандай да болмасын затты жалға алушыға уақытша пайдалануға беруге міндеттенеді, ал жалға алушы затты қабылдап ақысын төлеуге және мерзімі аяқталғаннан кезде затты қайтаруға міндеттенеді. Жалға беруші (locator) мен жалға алушының (conductor) міндеттері. Жалдаудың түрлері: затты жалдау (locatio conductio rerum), қызметті, жұмысты жалдау (locatio conductio operarum) және мердігерлік (locatio conductio operis). Затты жалдау шартының реквизиттері. Жалдау шартының тоқтатылуы.

Серіктестік шартының түсінігі. Рим құқығы бойынша серіктестік түрлері. Серіктестік белгілері. Серіктестіктің тоқтатылу негіздері.


28 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет