Макроэкономикалық көрсеткіштер



Дата10.03.2022
өлшемі1,95 Mb.
#134951
Байланысты:
2-лекция МАКРОЭКОНОМИКА
transfer-receipt-13 5246462429, transfer-receipt-13 5246462429, пед.психолог, 2 СРСП арай, Қимақ қағанаты Жұмыс парағының жауаптары, «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілік 3-4 жас, annotation113518

2-дәріс. Макроэкономикалық көрсеткіштер (1-бөлім)

Дәрістің мақсаты – ЖІӨ, оны есептеу әдістемесімен, түрлерімен, баға индекстерімен танысу

Дәріс жоспары

  • Жалпы ішкі өнім және оны есептеу әдістері
  • Номиналды және нақты жалпы ішкі өнім
  • Ұлттық есеп жүйесі

Жалпы ішкі өнім және оны есептеу

Жалпы ішкі өнім – белгілі бір уақытта, әдетте бір жылда, ел резиденттерімен өндірілген ақырғы тауарлардың нарықтық құны.

Жалпы ішкі өнімді есептеу әдістері:

  • қосылған құн бойынша (өндірістік әдіс);
  • шығыстар бойынша (ақырғы тұтыну әдісі);
  • кірістер бойынша (бөлу әдісі).

ЖІӨ-ді қосылған құн бойынша есептеу

Барлық өндірушілердің қосымша құндарын қосу арқылы жалпы ішкі өнім анықталады.

Қазіргі кезде бұл әдіс жиі қолданылады. Өйткені кәсіпорындардың берген есептері негізінде мемлекеттік статистика агенттігінде өндіріс туралы деректер неғұрлым тез жиналады.

ЖІӨ-ді шығыстар бойынша есептеу

Бұл әдіс бойынша экономикалық субъектілердің келесідей шығыстары қосылады:

● үй шаруашылығымен ұзақ мерзім бойына қолданылатын және ағымдық тұтыну шығындары (оған тұрғын үй алуға кеткен шығындар кірмейді);

● фирмалардың негізгі өндірістік қорға салған инвестициялары, запасқа салған инвестициялар, сонымен қоса, үй құрылысына инвестициялар (бағалы қағаздарға салынған инвестиция макроэкономикада қаралмайды).

● мемлекеттің мектеп, жол салуға, құрылысқа жұмсалған, әскерді ұстап тұруға, мемлекеттік басқару аппаратын ұстап тұруға жұмсалған шығындар ( мұнда трансферттік төлемдер кірмейді).

● шетелдің біздің тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсаған таза шығындары (таза экспорт).

ЖІӨ-ді кірістер бойынша есептеу

Бұл әдіс бойынша экономикалық субъектілердің келесідей кірістері (табыстары) қосылады:

  • халықтың жалақы түрінде алған және дербес қызметінен алған табыстары;
  • корпорация табысы;
  • рента немесе арендалық төлем (жал төлемі) түріндегі табыс;
  • жинақтау бойынша пайыздық ставка;
  • кәсіпкерлік қызметке салынатын салық (мемлекет табысы)
  • амортизациялық аударым.

ЖІӨ құрамында келесідей сомалар есептелмейді:

  • зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, әлеуметтік сақтандыру сомасы тәрізді өнім өндіруге байланысты емес төлемдерден тұратын мемлекеттік трансферттік төлемдер;
  • қор нарығында айналыста жүрген бағалы қағаздар құны;
  • бұрын қолданыста болған тауарларды қайта сатудан түсетін түсім.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)

Ұлттық есепшоттар жүйесінің (ҰЕЖ) жаңа нұсқасына сәйкес, ЖҰӨ көрсеткіші тәжірибеде қолданылмайды.

ЖҰӨ-ді қазіргі жалпы ұлттық табыс (Ж.Ұ.Т.) ретінде қарастыруға болады.

Ж.Ұ.Т. =ЖІӨ+шетелден алынатын алғашқы табыстар сальдосы.

Шетелден алынатын алғашқы табыстар сальдосы ел резиденттерінің шетелден алған табыстарынан елдегі бейрезиденттерге төленетін табыстарды шегеру арқылы анықталады.

Атаулы және нақты ЖІӨ

  • Атаулы (номиналды) ЖІӨ ағымдағы жылдың бағасы арқылы есептеледі.
  • Нақты ЖІӨ тұрақты бағамен, яғни базистік жылдың бағасымен есептеледі. Сондықтан нақты ЖІӨ-ді инфляцияға түзетілген атаулы ЖІӨ деп те атайды.

ЖІӨ дефляторы және баға индекстері

Елдегі инфляция деңгейін анықтау үшін ЖІӨ дефляторы, баға индекстері қолданылады.

Баға индекстері:

▪ Ласпейрес индексі;

▪ Пааше индексі;

▪ Фишер индексі.

ЖІӨ дефляторы

ЖІӨ дефляторы атаулы (номиналды) ЖІӨ-ді нақты ЖІӨ-ге бөлу арқылы анықталады:

Ласпейрес индексі

Ласпейрес индексі арқылы баға өзгерісін есептеген кезде ағымдық кезеңде өндірілген тауарлар мен қызметтер көлемі ескерілмейді.

Пааше индексі

Пааше индексі арқылы баға өзгерісін есептеген кезде

Базистік кезеңде өндірілген тауарлар мен қызметтер көлемі

ескерілмейді.


Ріо – тауар мен қызметтің базистік жылғы бағасы,
Ріt - тауар мен қызметтің ағымдық жылғы бағасы,
Qіо – тауар мен қызметтің базистік жылғы көлемі,
Qіt – тауар мен қызметтің ағымдық жылғы көлемі.

Фишер индексі

Баға өзгерісін бұл индекс арқылы есептеуде Пааше және Ласпейрес индекстерінің кемшіліктері жойылады.

Әдебиет

  • Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика-М.: Дело и сервис, 2005
  • Бугаян И.Р. Макроэкономика- Ростов- на- Дону, 2000
  • Бункина М.К.,Семенов В.А. Макроэкономика - М,2001
  • Бурда М, Виплош Макроэкономика-СПб.,1998
  • Вечканов Г.С. Макроэкономика – СПб., 2010
  • Ивашковский С.Н. Макроэкономика- М.:1998
  • Ивашковский С.Н. Микро и макроанализ – М,1999
  • Макроэкономика: Учебник/ под ред. А.Абишева – М., 2007
  • Мамыров Н.К., Тілеужанова М.А. Макроэкономика- А.: Экономика, 2003
  • Тілеужанова М.А. Макроэкономика – А.: Экономика, 2008


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет