Малгельдинова Қизат Айдархановна



Дата28.03.2017
өлшемі170,27 Kb.
Малгельдинова Қизат Айдархановна

Техникалық колледжі, Астана қаласы
Жер тарихы шежіресі

Тақырыбы:. Жер тарихы шежіресі


Мақсаты:
1. Жер тарихының ақиқаттығына көз жеткізіп, дұрыс көзқарас, дүниетанымдылықты қалыптастыру.
2. Жер, жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы теориясын талқылау арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту.
3. Жер тарихының даму жолдарын біліп қазіргі табиғат аясына, экологиялық жағдайларға бей - жай қарамауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Пәнаралық байланыс: География, Дүниетану,
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, суреттер
Сабақтың әдістері: Пікір алмасу, ой қозғау
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау
сұрақ - жауап,
III кезең.
Жаңа сабақ түсіндіру
IV кезең. Көп білемін.
V кезең. Жауабын табу Тест

VI кезең “Ой қозғау» Бекіту сүрақтары.


Қорытынды:
Үйге тапсырма:
Оқушы білімін бағалау:
Үй тапсырмасы: Эволюцияның негізгі заңдылықтары.
Дивергенция
Конвергенция
Параллелизм
Жаңа сабақ
Эволюциялық процесті басынан аяғына дейін ертедегі тіршілік ғылым – палеонтология жаңғыртып жасап береді Жер тарихының шежіресі. Жер тарихы(ұзақ уақыт аралығы)- заманға; заман – кезеңге; кезең - дәуірге; дәуір - ғасырға бөлінеді. Бір заманның аяқталуы мен келесі заманның басталуының арасында құрлық пен теңіздің арақатынасының өзгеруі; тау түзілуінің қарқынды жүруі - жер бедерін өзгертіп, қайта құрайды.

1. Архей - ежелгі заман.


2. Протерозой - алғашқы тіршілік заманы.
3. Палеозой - ертедегі тіршілік заманы.
4. Мезозой - ортадағы тіршілік заманы.
5. Кайназой - жаңа өмір заманы.

Архей заманындағы тіршіліктің дамуы. Архей заманында аспанды түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанартаулар атқылаған. Ауда оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз еді.


Протерозой заманында тіршіліктің дамуы. Протерозой - Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Бұл кезеңде көпжасушалы жасыл балдырлардың суда еркін жүзген және су түбіне бекінген түрлері шықты. әсіресе біржасушалы организмдерден - бактериялар, көк - жасыл балдырлар және талшықтылар өте көп тараған. Протерозойда организмдердің басым көпшілігі теңіз ішекқуыстылары, губкалар, буылтық құрттар, былқылдақденелілер екендігі жер қыртысы қабаттарынан табылған қалдықтардан байқалған. Сонымен қатар саңырауқұлақтар, буынаяқтылардың қалдықтарының болғандығы дәлелденген.
Палеозой заманы 6 кезеңнен тұрады: кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір, пермь.
IV. Көп білемін 6 кезеңге анықтама беру.

Кембрий.Ауа райы қоңыржатопырақ болмағандықтан тіршілік, негізінен, сулы ортада дамыды.Құрлықта тек бактериялар мен көк-жасыл балдырлар тіршілік еткен

Ордовик.Теңізде қоңыр, қызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами береді.Кәзіргі сегізаяқ, кальмарлардың туысы –алғашқы бесаяқты былқылдақденелілер пайда болды.

Силур.Тау түзілу процесі қарқынды болғандықтан құрылықтың көлемі артты, ең алғашқы омырқалылар пайда болды.Алып ракоскорпиондар дамыды

Девон. Балықтар кезеңі. Теңіздерде шеміршекті және сүиекті балықтар пайда болды.

Таскөмір. Ауа райы ылғалды,жылы болып батпақты жер аумағы көбейген.Алғаштектес плауындар, лепидодендрон мен сигиллярия, каламиттер қалың орман болып өскен

Пермьде тау сілемдері иүзіліп құрлық көлемінің ұлғаюы климаттыда өзгертті.Батпақты ылғалды жерде өскен ормандар, қырықбуындар, плауындар азайып біртіндеп жойылды.
V. Жауабын табу» тест

VI. Ой-қозғау Бекіту сүрақтары


Жер иарихының шежіресі нені анықтайды
Қанша заман бар, олар қалай деп аталады

Палеозей заманында қанша кезең бар, және олар қалай деп аталады

Силур мен девонда пайда болған өсімдіктер

Қорытынды: Біздің әлеміміздегі тірі организмдердің биосферамен өзара ықпалы.


Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер – тірі организмдердің түрлері болып саналады.
Алуан түрлі жағдайда тіршілік етуге икемделуінің арқасында тірі организмдер ауада, суда және жер қыртысында таралған.

Үйге тапсырма:. Жер тарихының шежіресі Реферат жазу.


Оқушы білімін бағалау














Малгельдинова Қизат Айдархановна

Техникалық колледжі, Астана қаласы


 

Сабақтың тақырыбы: . Мутациялық өзгергіштік (слайдымен)

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға мутациялық өзгергіштік түрлері, олардың себептері, организмге әсері туралы білім беру. Өзгергіштіктің түрлерін жіктеу, оларды салыстыру, мутациялық өзгергіштіктің органикалық дүниенің дамуы мен жұмыстары үшін маңызды екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың биология ғылымына қызығушылығын тудырып, дүниетанымын, жеке тұлғасын, коммуникативтік біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, өз ойларын айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: CТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: проектор, үлестірмелер, сурет - плакаттар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Сынып оқушыларын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы тексеру
ІІІ Жаңа сабақ.

«Тірек мәтін»


1. Мутация дегеніміз не? Бұл ұғымды қалыптастырған кім?

Мутация дегеніміз - организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері - гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш рет голландиялық ботаник Х. Де Фриз қалыптастырды.


2. Мутагендер дегеніміз не, олардың қандай түрлері бар?
Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды
Мутагендер деп атаймыз. Мутагендердің 3 түрі бар: физикалық, химиялық, биологиялық.
3. Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутацияның қандай түрлері бар?
Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар: гендік, хромосомалық, геномдық, цитоплазмалық
4. Гендік мутация дегеніміз не?
ДНҚ құрамындағы генде өзгеріс болады. ДНҚ-дағы нуклеотидтердің орны өзгереді, ДНҚ молекуласындағы бір нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін, немесе бір нуклеотидтің орнына басқа нуклеотид орналасады.
5. Хромосомалық мутация
Хромосомалық мутация түрлі хромосомалық өзгерістерге байланысты болады. Бұл жағдайда хромосомаларды құрылымы өзгереді. Ондай өзгерістер хромосомаішілік және хромосомааралық болып келеді.
6. Хромосомаішілік мутацияның қандай топтары бар?

Хромосомаішілік өзгерістерге мыналар жатады: дефешенсия - хромосома ұштарының жетіспеушілігі; делеция - хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы; инверсия - хромосомабөлігінің 180 - қа бұрылуына байланысты гендердің орналасу ретінің өзгеруі; дупликация - хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі.


7. Хромосома аралық мутацияның қандай топтары бар?
Хромосомааралық өзгерістерге хромосоманың бір бөлігінің ғана ұқсас емес басқа бір хромосомамен ауысып кетуі жатады, оны транслокация дейді.
8. Геномдық мутация дегеніміз не?
Геномдық мутация дегеніміз - жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік.
9. Геномдық мутацияның қандай түрлері бар?
Митоз бен мейоз кезінде хромосома саны теңдей бөлінбей, не көбейеді, не азаяды. Көбейсе полиплоидия, азайса анеуплоидия немесе гетероплоидия деп атайды.
10. Полиплоидия
Гаплоидты хромосома санының еселеніп көбеюін полиплоидия деп атайды. Полиплоидия құбылысы табиғатта кеңінен тараған, олар табиғи жағдайлардың әсерінен пайда болатындығы дәлелденді. Мәдени өсімдіктердің көпшілігі табиғи полиплоидты формалар. Хромосома санының еселену дәрежесіне қарай 3n - триплоидты, 4n - тетраплоидті, 5n - пентаплоидті болыпкеледі.
11. Анеуплоидия
Анеуплоидия немесе гетероплоидия хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. Бұлқұбылысты ең алғашК. Брид жес дрозофила шыбынындағы жыныспен тіркесіп тұқымқуалау заңдылығын зерттеу барысында байқаған болатын.
12. Цитоплазмалық мутация.
Цитоплазмалық тұқымқуалауды зерттеудің негізін 1908 - 1909 жылдары неміс ғалымдары К. Корренс пен Э. Баур салған. Цитоплазмалық тұқымқуалау негізінен аналық жол мен жүреді, өйткені аналық жасушада цитоплазманың мөлшері көп, алаталық жасушада цитоплазма мөлшері аз. Сонымен цитоплазмалық мутация плазмогендердің өзгеруі нәтижесінде организм белгілерінің өзгеруі болып табылады. Плазмогендер тек пластидтер мен митохондрияларда ғана болады.
(Электрондық оқулықтан мутациядық өзгергіштік туралы көрсету)
ІІІ кезең
Кері байланыс. Деңгейлік тапсырмалар.
І. деңгей (5 ұпай) 
1. Мутациялық және модификациялық өзгергіштікті салыстырыңдар
2. Мутациялық өзгергіштіктің мәні неде?
3. Полиплоидтар дегеніміз не, оның маңызы қандай?
ІІ. деңгей(4 ұпай)
Өзгергіштік Мутацияның типтері Мутацияның пайда болу себептері
Мутация
1.
2. Мына сөйлемдерді толықтырыңдар:
А. Мутагендердің ————– түрі бар, оларға ———— мутагендер жатады.
Ә. Хромосомалардың белгілі бір бөлігінің екі еселенуін ———, ал хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсуін ——— деп атайды.
Б. Хромосомалар санының екі еселенуін ———, үш еселенуін ——, ал төрт еселенуін ——– деп атайды.
ІІІ. деңгей (3 ұпай)
«Сәйкестендіру тесті
1. Генот1. Генотип

а. Вирус; бактериялар


2. Химиялық мутаген ә. 44 ХУ
3. Биологиялық мутаген Б. Өз ата аналарынан қабылданған гендер жиынтығы
4. Әйел адамның хромосомалар жиынтығы В. Темекі, алколоид, колхицин
5. Мутация Г. 44 ХХ
6. Синдромдар Ғ. Қараңғыда көру қабілетінен айырылу
7. ер адамдарда хромосома жиынтығы Д. Тұқым қуалайтын өзгерістер
8. Гемофилия Е. 2О 3О жас аралығында бұлшықет құрылымының және қызметінің өзгеруі
9. Дальтонизм. Ымырт жабылғанда көрмеу Ж. Қанның ұйымауы
10. Бұлшықет дистрофиясы З. Бірнеше мүшенің қызметін бұзатын ауру.

Жауаптары:


1. Б 6. З 2. В 7. Ә 3. А 8. Ж 4. Г 9. Ғ 5. Д 10. Е
ІҮ. деңгей (Шығармашылық деңгей)
Есеп. Полиплоидия.
Қызылша өсімдігінің хромосома жиынтығының диплоидты саны 2n=18. Негізгі санды – х - ты қолданып, мынадай өсімдік түрлерінің: а) үшплоидты; ә) тетраплоидты; б) пентаплоидты, гексаплоидты хромосома жиынтығын анықтаңдар.
Шешуі: Егер қызылша өсімдігінің диплоидты саны 2n=18 - ге тең болса, алгаплоидты жиынтығы, жыныс жасушаларының мейоздық жолмен бөлінуіне байланысты гаплоидты саны: n=9 - ға тең.
Жауабы: а) үшплоидты 3*х=3*9=27
ә) тетраплоидты 4*х=4*9=36
б) пентаплоидты 5*х=5*9=45
гексаплоидты 6*х=6*9=54
Үйтапсырмасы:
1.§49 Мутациялық өзгергіштік
2. Деңгейлік тапсырмаларды аяқтау.
3. Өзбеттік тапсырмалар:
А) Мутациялар
Ә) Геномды мутация
Б) Хромосомалық мутация
В) Гендік мутация
Г) Цитоплазмалық мутация
Д) Мутагендердің зиянды әсерінің қалай алдын алуға болады.
Қосымша тапсырмалар
Тест жұмысы
1. Мутация тудыратын факторлар
А) мутагендер В) анеуплоидия
С) гетероплоидия Д) токсиндер Е) полиплоидия
2. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм генотипінің өзгеруі
А) генотиптік өзгергіштік В) тұқымқуалайтын өзгергіштік
С) Модификациялық өзгергіштік Д) мутациялық өзгергіштік
Е) модификациялық, мутациялық өзгергіштік
3. Әртүрлі жұпқа жататын пішініне қарай ажыратылатын хромосома
А) гаплоидты В) гомологтыемес С) гомологты Д) аллельді Е) соматикалық
4. Хромосомалардың қызметі
А) органикалық заттарды тасымалдау В) тұқымқуалау
С) бөліну, ақпараттарды тасымалдау Д) көмірсуларды тасымалдау
Е) нәруыздарды синтездеу
5. Цитоплазмалық тұқымқуалауды зерттеудің негізін салған
А) К. Коренс, Э. Баур В) Э. Чермак - Зейзенаг
С) С. С. Четвериков Д) И. Н. Вавилов Е) К. де Фриз
Жауаптары:
1. А; 2. С; 3. В; 4. В; 5.
Малгельдинова Қизат Айдархановна

Техникалық колледжі, Астана қаласы


Мутациялық өзгеріштік

 Сабақтың тақырыбы: . Мутациялық өзгергіштік (слайдымен)


Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға мутациялық өзгергіштік түрлері, олардың себептері, организмге әсері туралы білім беру. Өзгергіштіктің түрлерін жіктеу, оларды салыстыру, мутациялық өзгергіштіктің органикалық дүниенің дамуы мен жұмыстары үшін маңызды екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың биология ғылымына қызығушылығын тудырып, дүниетанымын, жеке тұлғасын, коммуникативтік біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, өз ойларын айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: CТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: проектор, үлестірмелер, сурет - плакаттар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Сынып оқушыларын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы тексеру
ІІІ Жаңа сабақ.
«Тірек мәтін»
1. Мутация дегеніміз не? Бұл ұғымды қалыптастырған кім?
Мутация дегеніміз - организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері - гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш рет голландиялық ботаник Х. Де Фриз қалыптастырды.
2. Мутагендер дегеніміз не, олардың қандай түрлері бар?
Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды
Мутагендер деп атаймыз. Мутагендердің 3 түрі бар: физикалық, химиялық, биологиялық.
3. Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутацияның қандай түрлері бар?
Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар: гендік, хромосомалық, геномдық, цитоплазмалық
4. Гендік мутация дегеніміз не?
ДНҚ құрамындағы генде өзгеріс болады. ДНҚ-дағы нуклеотидтердің орны өзгереді, ДНҚ молекуласындағы бір нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін, немесе бір нуклеотидтің орнына басқа нуклеотид орналасады.
5. Хромосомалық мутация
Хромосомалық мутация түрлі хромосомалық өзгерістерге байланысты болады. Бұл жағдайда хромосомаларды құрылымы өзгереді. Ондай өзгерістер хромосомаішілік және хромосомааралық болып келеді.
6. Хромосомаішілік мутацияның қандай топтары бар?

Хромосомаішілік өзгерістерге мыналар жатады: дефешенсия - хромосома ұштарының жетіспеушілігі; делеция - хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы; инверсия - хромосомабөлігінің 180 - қа бұрылуына байланысты гендердің орналасу ретінің өзгеруі; дупликация - хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі.


7. Хромосома аралық мутацияның қандай топтары бар?
Хромосомааралық өзгерістерге хромосоманың бір бөлігінің ғана ұқсас емес басқа бір хромосомамен ауысып кетуі жатады, оны транслокация дейді.
8. Геномдық мутация дегеніміз не?
Геномдық мутация дегеніміз - жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік.
9. Геномдық мутацияның қандай түрлері бар?
Митоз бен мейоз кезінде хромосома саны теңдей бөлінбей, не көбейеді, не азаяды. Көбейсе полиплоидия, азайса анеуплоидия немесе гетероплоидия деп атайды.
10. Полиплоидия
Гаплоидты хромосома санының еселеніп көбеюін полиплоидия деп атайды. Полиплоидия құбылысы табиғатта кеңінен тараған, олар табиғи жағдайлардың әсерінен пайда болатындығы дәлелденді. Мәдени өсімдіктердің көпшілігі табиғи полиплоидты формалар. Хромосома санының еселену дәрежесіне қарай 3n - триплоидты, 4n - тетраплоидті, 5n - пентаплоидті болыпкеледі.
11. Анеуплоидия
Анеуплоидия немесе гетероплоидия хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. Бұлқұбылысты ең алғашК. Брид жес дрозофила шыбынындағы жыныспен тіркесіп тұқымқуалау заңдылығын зерттеу барысында байқаған болатын.
12. Цитоплазмалық мутация.
Цитоплазмалық тұқымқуалауды зерттеудің негізін 1908 - 1909 жылдары неміс ғалымдары К. Корренс пен Э. Баур салған. Цитоплазмалық тұқымқуалау негізінен аналық жол мен жүреді, өйткені аналық жасушада цитоплазманың мөлшері көп, алаталық жасушада цитоплазма мөлшері аз. Сонымен цитоплазмалық мутация плазмогендердің өзгеруі нәтижесінде организм белгілерінің өзгеруі болып табылады. Плазмогендер тек пластидтер мен митохондрияларда ғана болады.
(Электрондық оқулықтан мутациядық өзгергіштік туралы көрсету)
ІІІ кезең
Кері байланыс. Деңгейлік тапсырмалар.
І. деңгей  
1. Мутациялық және модификациялық өзгергіштікті салыстырыңдар
2. Мутациялық өзгергіштіктің мәні неде?
3. Полиплоидтар дегеніміз не, оның маңызы қандай?
ІІ. деңгей
Өзгергіштік Мутация. Мутагендер
1.Кесте толтеру.
2. Мына сөйлемдерді толықтырыңдар:
А. Мутагендердің ————– түрі бар, оларға ———— мутагендер жатады.
Ә. Хромосомалардың белгілі бір бөлігінің екі еселенуін ———, ал хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсуін ——— деп атайды.
Б. Хромосомалар санының екі еселенуін ———, үш еселенуін ——, ал төрт еселенуін ——– деп атайды.
ІІІ. деңгей
«Тест жұмысы
1. Мутация тудыратын факторлар
А) мутагендер В) анеуплоидия
С) гетероплоидия Д) токсиндер Е) полиплоидия
2. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм генотипінің өзгеруі
А) генотиптік өзгергіштік В) тұқымқуалайтын өзгергіштік
С) Модификациялық өзгергіштік Д) мутациялық өзгергіштік
Е) модификациялық, мутациялық өзгергіштік
3. Әртүрлі жұпқа жататын пішініне қарай ажыратылатын хромосома
А) гаплоидты В) гомологтыемес С) гомологты Д) аллельді Е) соматикалық
4. Хромосомалардың қызметі
А) органикалық заттарды тасымалдау В) тұқымқуалау
С) бөліну, ақпараттарды тасымалдау Д) көмірсуларды тасымалдау
Е) нәруыздарды синтездеу
5. Цитоплазмалық тұқымқуалауды зерттеудің негізін салған
А) К. Коренс, Э. Баур В) Э. Чермак - Зейзенаг
С) С. С. Четвериков Д) И. Н. Вавилов Е) К. де Фриз
Жауаптары:
1. А; 2. С; 3. В; 4. В; 5. А;
ІҮ. деңгей (Шығармашылық деңгей)

Малгельдинова Қизат Айдархановна

Техникалық колледжі, Астана қаласы


Эволюциялық идеялардың даму тарихы.


Дебат сабағы (презентация түрінде)
Сабақ тақырыбы: Эволюциялық идеялардың даму тарихы.
Сабақ мақсаты: Эволюцияның даму тарихы жолында студенттердің пікір таласын тудыра отырып өздерінің көздерін жеткізу және өздігінен білім алуды қамтамасыз ету.

Сабақ міндеттері:


- эволюцияның даму тарихын толық ашу;
- студенттердің өздері дайындаған мәліметтерін айқын жеткізу
- студенттердің дебат барысында қызығушылығын ояту- ой тастау.
Сабақ түрі: дебат
Сабақ көрнекіліктері:
интерактивті тақта, плакаттар, кестелер,

Ұйымдастыру кезеңі:


Амандасу. Студенттерді түгелдеу. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру. Студенттердің көңілін сабаққа аудару
Сабақты өткен тақырыптармен байланыстыру:
Оқытушының сөзі. Презентация бойынша өткен тақырыптарға ауызша шолу жасау ( 10 минут)
Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуыЭволюция терминін алғаш М.Хейл қолданды (1677). Кейін швейцарлық ғалым Ш.Бонне (1720 – 93) эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды (1762). Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: жалпылама сұрақ – жауаптар..

. 1: «Эволюция» латынша «evolutio» - тарихи даму, өзгеру, өрлеу» деген мағынаны білдіреді. Эволюциялық ілім - тіршіліктің жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күшінің тарихи дамуын зерттейді «Эволюция» ұғымы нені білдіреді?


2. «Қайта өрлеу» қай ғасырда дамыды, оған қандай жағдайлар себеп болды?
ХV ғасырдың екінші жартысында жаңа елдер ашылып, тауар өндірістері мен сауда жұмысы қарқынды дамыды. Мұндай жетістіктер жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтердің көбеюіне жол ашып, қайта өркендеу дәуірі басталды.
3. Неліктен Аристотельді «Жануартану» ғылымының негізін қалаушы дейміз?
Аристотель - философ әрі жаратылыстану зерттеушісі. «Жануарлардың тарихы», «Жануарлардың бөліктері туралы» еңбектер жазып, зерттеуіне байланысты, оны жануартану ғылымының негізін қалаушы деп айтады.
4. Аристотельдің шәкірті Теофраст өсімдіктерді зерттегенде қандай жақтарына мән берді?
Теофраст өсімдіктердің адам өміріндегі маңызына, ағаш көмірін, шайыр затын алу жолдарына көңіл бөлді.
5. К. Линней ең жоғарғы және ең кіші жүйелік топтар деп нені атады?
Ғалым К. Линней ең ірі жүйелік топ - класс, ең кіші төменгісі - түр деді.
6. К. Линней жануарлар жүйесін қандай белгілеріне қарап топтастырды және неше класқа бөлді?
К. Линней жануарлар жүйесін қан айналымы және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді:
1) сүртқоректілер 2) құстар 3) амфибиялар 4) балықтар 5) бунақ денелілер 6) құрттар
7. Ж. Б. Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы неде?
Ж. Б. Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы - нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын тереңірек зерттеуінде.
8. Ж. Б. Ламарктің кемшіліктерін көрсетіңдер.
Ж. Б. Ламарктің кемшілігі - көп әрі белсенді қимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, ондай мүше жақсы өседі және тұқым қуалайды деп ойлағаны.
9. Ч. Дарвин ілімінің шығуына негіз болған алғышарттар.
Ч. Дарвин ілімінің шығуына негіз болған алғышарттар: шикізаттың ұлғаюы, өндірістің дамуы, сұрыптау жұмыстарының басты назарда болуы, бірнеше түр ( ірі қара, жылқы, шошқа, қой, ит, кептер ) қолтұқымдарының шығарылуы, өсімдіктердің жаңа іріктемелерінің алынуы т. б.
10. Ч. Дарвиннің қандай еңбектерін білесіңдер?
- 1859 ж. « Түрдің пайда болуы»
- 1868 ж. « Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі»
1871 ж. « Адамның шығу тегі»
- 1875 ж. « Жәндік қоректі өсімдіктер»
- 1876 ж. « Айқас және өздігінен тозаңданудың әсері»
- 1877 ж. « Орхидеяның тозаңдануы» және т. б.
Дебат – тақырып бойынша пікірталас.
Дебат барысындағы сұрақтар:
1. К. Линнейдің эволюциялық ілімге қосқан «Жүйенің жасандылығын» дәлелдеңдер.
Линней өсімдіктердің 8000 - нан астам, жануарлардың 4200 - ден астам түрлерін анықтады. Ұқсас түрлерді туысқа, ұқсас туыстарды отрядқа, отрядтарды класқа бipiктipдi. К. Линней барлық өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына қарай 24 класқа бөлді. Гүл бөлімдеріне күлте, тозаңқап, аталық жіпшесі, шірнелік, аналық жатыны, аналық аузы, гүлтабаны, гүлсағағы, гүлсерігі атауларын енгізді. Өсімдік түріне латын тілінде қосарлы атау тізімін (бинарлы номенклатура) (туысы мен түpi) ұсынды.

Жүйесінің жасандылығы: өсімдіктердің туыстық жағының ескерілмеуі. Мысалы: сәбіз – шатыргүлділерге, зығыр – зығыр тұқымдасына жатады, ал ол екеуін бір топқа біріктірген.


К. Линней: « Жасанды жүйе табиғи жүйе табылғанша жойылмайды», - деп жазды, бұл өзінің жасаған жүйесінің жасанды екенін мойындағанды білдіреді.
2. Ж. Б. Ламаркті «Алғашқы эволюцияның негізін қалаушы» деген пікірге қосыласыңдар ма?
Ж. Б. Ламарк эволюциялық теориясында сол кезеңде ашылған жаңа деректерге байланысты өсімдіктер мен жануарлар құрылысын тереңірек зерттеуге арнады.

1809 ж. «Зоология философиясы» деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретінін айтты.


Ламарк эволюциясының негізгі факторы — сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелердің өзгеретіндігі, ал жаттықпаған мүшелердің өзгермейтіндігі деп есептеді. Өзгермеген мүшелер қалады немесе кішірейіп, жойылып кетеді деген.
Мысалы, а) жираф мойнының ұзын болуы: оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерде мекендеп, ағаш жапырағымен қоректену үшін мойнын биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалап қозғалуы: денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған.
3. Эволюция құбылысы, тіршілік деңгейі мен сатыларының ерекшелену себептері неде?
Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында молекулалық деңгейден биосфералық деңгейге дейін байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметін ерекшелейді.
4. Эволюцияның қозғаушы күші қандай?
Эволюцияның қозғаушы күшінің пайда болуына эволюция механизмдерінің қарқынды дамуы салдары, дәлелдемелер мен анықтамалар, биологиялық эволюцияның даму жолындағы жаңалықтар себеп болды. Қозғаушы күш - техниканың дамуы, адамға белгісіз дүниенің пайда болуы деп танылады.
5. Эволюцияның қазіргі таңдағы дамуы қандай?
6. 1960 жылы Америка Ч. Дарвиннің теориясын неге жоққа шығарып қолдамады?
7. Ч. Дарвин бойынша тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікке берген түсініктердің дұрыстығын дәлелдеңдер.
8. Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптауы туралы не айтасыздар

Эволюция ұғымы, оның бағыттары. Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:

1. Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.

2. Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.

3. Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.

4. Тірі зерзаттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі. Бұдан өзге де анықтамалар тұжырымдауға болады. Егер егжейтегжейлі ой толғаса, тіршілік дамуының эволюциялық үдерісі жай ғана алға үдемелі қозғалыстағы көрініс еместігін байқаймыз. Оны эскалатордың (жылжымалы саты) үдемелі және біркелкі жатық қозғалысымен салыстыруға болмайды. Оның әрбір баспалдағы бірінен кейін бірі біркелкі қозғалыспен жоғары, тек жоғары қарай қозғалады. Ақиқатында мүлде анағүрлым күрделі. Эволюция үдерісі күрделі және оның белгілі жоспары болмайды.

Сендерге ғаламшардағы тіршіліктің дәл қазіргідей үнемі бола бермейтіні бұрыннан мәлім. Сендер тіршіліктің ертерек кезендерде дүниеге келгені туралы бұрыннан білесіңдер. Бұрынырақта зілдер (мамонт) мен динозаврлар (сұмпайы кесірткелер), үңгір аюлары және қылыш тісті жолбарыстардың тіршілік еткені туралы да сендерге мәлім. Бұл жануарлар бұрын өмір сүрді, бірақ бізге дейін сақталып қалғаи жоқ. Ал қазір өмір сүретін, бізге үйреншікті болып кеткен көптеген түрлер ғаламшарда жақында ғана пайда болды. Мәселен, теңіз жұлдыздары немесе ақулаларға қарағанда көдімгі иттер, мысықтар немесе торғайлар олардан тарихи жағынан өлдеқайда жас. Демек эволюция тарихи өзгеріс үдерісі ретінде үнемі біркелкі жүрмейтінін түсіну қажет. Біріншіден, ағзалардың сан алуан жүйелік топтарындағы эволюциялық өзгеріс жылдамдығы айтарлықтай ерекшеленеді. Топтардың бірде қандай да бір уақыт аралығында өзгелерінен тезірек эволюция жолымен бірте-бірте дамып, сол топтың езі тарихи даму барысында екінші уақыт аралығында мүлдем бөгеліп қала алады.

Тірі ағзалардың қандай да бір жүйеленген тобының дамуына, қалыптасып жетілуіне жүздеген және мыңдаған факторлар әсер етеді. Атап айтқанда сақталуы, тірі қалуы және одан әрі жетілуі - эволюциялық жолмен бірте-бірте дамуы сол факторларға тәуелді болады.

Эволюциялық табыс негізінде екі ұғымды: биологиялық алға басу және биологиялық кері кету ұғымдарын бөліп керсету макұлданды. Биологиялық алға басу (прогресс) дегеніміз - дарақтар санының, жүйеленген. сан алуандыцтың (едәуір усақ жүйеленген. топтар санының) артуы және аймақтың кеңеюі. Мөселен, мезозойкезеңінде сұмпайы кесірткелер (динозаврлар) үстем болды. Бұл олардың «биологиялық алға басу» кезі еді, яғни дарақтар көп болды, жүйеленген топтар (сан алуан ұшқыш, жыртқыш, теңізде тіршілік ететін және шөпқоректі динозаврлар) көп бөлды. Сөйтіп осы түрлер бүкіл ғаламшарды іс жүзінде жайлап алды.

Кері кету дегеніміз - алға басуға кері үдеріс, яғни эволюциялық сәтсіздік. Биологиялық кері кету (регресс) - дарақтар саны мен олардың жуйеленген топтары санының кемуі және аймақтың тарылуы. Биологиялық кері кету кезінде санын қалпына келтіріп, алға басуға мүмкіндігі бар өкілдер жеткілікті мөлшерде сақталады.

Бізге органикалық өлемнің 5 - 6 миллион жылдардан кейін қандай болатыны, сондай-ақ ол сол қалпында сақталып қала ма, жоқ па беймәлім. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі. Эволюциялық ілім жасаудаЧарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашкан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды.

Бағалау кезеңі:


Оқытушы студенттердің сабақ барысындағы жауап беруі, үй тапсырмасын орындауына қарай бағалайды. м
Үй тапсырмасы: II - тарау
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет