«Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру



бет3/4
Дата26.12.2021
өлшемі21,13 Kb.
#105783
1   2   3   4
Байланысты:
Сабақ жоспары

«Ең жақсы мамандық» ойыны

Әрбір студентке мынадай сұрақ беріледі. Студенттерге келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:

Ең ақшасы көп ……………….(банк қызметкері, экономист).

Ең жасыл ……………………….(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).

Ең тәтті ………………………….(аспаз, кондитер).

Ең күлкілі ………………………(клоун, карикатурашы).

Ең жауапты ……………………(сот, бухгалтер).

Ең салмақты …………………..(мұғалім, заңгер).

Ең қарым-қатынасы күшті ……………(биснесмен).
Хакім Абай «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» деп текке айтқан жоқ. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» әрбір баланы білім нәрімен сусындататын да – ұстаз.
Әбу Насыр әл-Фарабидің: «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген сөзі тегін емес.
Жер дүниені тітіреткен Ескендір Зұлқарнайын да әрдайым жорықтан оралғанда ең әуелі ұстазына, одан кейін барып, ата-анасына сәлем беруге баратын көрінеді. Оның себебін сұрағандарға: «Ата-анам менің аспаннан жерге түсуіме, дүниеге келуіме себепкер. Ал ұстазым жерден аспанға кіруіме себепші», – деген екен.

Мұғалім – барша мамандықтың көш бастаушысы, мәртебелі мамандық.


Мұғалім, ұстаз сөзіне талдау жасап көрелік!
Топпен жұмыс


  • М – мейірімді




  • Ұ- ұлағатты




  • Ғ- ғазиз




  • А- ақылды




  • Л- лайықты




  • І- іскер




  • М- маман


  • Ұ – ұлы




  • С – сабырлы




  • Т – тапқыр




  • А – ардақты




  • З – зиялы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет