«Саусақтар арқылы мінезді анықтау» жаттығуы
Айжан: Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезінуге тәрбиелеуі керек.
Ақниет: Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты. Мұғалім үнемі балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
«Ашық микрофон»
Қорытындылау кезеңі:
Рахмет, сендердің айтқан ой-пікірлеріңе қарай, бүгінгі сабағымыз өте маңызды болды деп есептеймін.
«Жарқын болашақтың кепілі - жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді.
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін! - дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін!
Достарыңызбен бөлісу: |