МамандықҚа кіріспе


Тәжірибелік жұмысты орындау реті



бет2/4
Дата15.09.2017
өлшемі1,06 Mb.
#32650
1   2   3   4

1.5 Тәжірибелік жұмысты орындау реті
1 Тетік үлгісі, өндіріс сериялығы, жіктеу кестесі мен станок, дайындама мен кесу аспабының тапсырма нұсқасына сәйкес келтірілген негізгі параметрлерінің негізінде станок шифрін құру.

2 Аспап пен дайындама апаратын түзілімдердің базалық беттеріне қысқаша сипаттама беру.

3 Нұсқа бойынша тапсырманы орындауға қатысты кесу аспабының, айлабұйымны, өлшеу аспабы мен басқа технологиялық жабдықтың түрін анықтау.

4 Станкотық технологиялық мүмкіндіктерін атау.

5 Осы түрдегі (нұсқаға сәйкес) станокта қолданылатын кесу аспабын атау.

Бақылау сұрақтары
1 Металл кескіш станоктарды қандай белгілер бойынша бөледі?

2 Әмбебаптылық пен автоматтандыру дәрежесі бойынша станокарды қалайша жіктейді?

3 Технологиялық тағайындалу мен өңдеу түрлері бойынша станоктарды қалай жіктейді?

4 Станок үлгісінің шифрін құрудың принәипін түсіндіру.

5 Станоктар дәлдік класстарын және дәлдік классынан классқа көшкендегі геометриялық параметрлерге шақтамалар қатынасын атаңыз.

6 Станоктарды салмақ (масса) бойынша қалай жіктейді?

7 Нұсқа бойынша тетікті өңдеу кезінде қолданылатын кесу аспаптарын атаңыз.

8 Тапсырма нұсқасы бойынша станоктың технологиялық мүмкіндіктерін атаңыз.

9 Станокта қолданылатын айлабұйымдар мен кесу аспабын атаңыз.


2 тәжірибелік жұмыс. Тетіктердің өлшемдерін штангенқұралмен және микрометрлік құрылғымен бақылау
2.1 Тәжірибелік жұмыстың мақсаты:

- микрометрлік құрылғылармен және штангенқұрал құрылғысымен олардың техникалық және метралогиялық берілгендерімен танысу;

- өлшеу тәсілдерін және әдістерін меңгеру;

- өлшемдерді өңдеу нәтижесінде тәжірибеге ие болу.


2.2 Аспаптар және саймандар
Бұл тәжірибелік жұмыста келесі аспаптар мен саймандар қолданылады:

  • штангенциркульдер ІІІ-ШЦ, ШЦ-I (МЕСТ 166 - 80);

  • ШГ штангентереңдік өлшеуіштер (МЕСТ 162 - 80);

  • штангенрейсмастар ШР (МЕСТ 164 - 80);

  • МК микрометрлер (МЕСТ 6507 - 78);

  • ГМ микрометрлі тереңдік өлшеуіштер (МЕСТ 7470 - 78).


2.3 Жалпы мәліметтер
Тағайындалуы бойынша барлық өлшенетін аспаптар және құралдар арнайы және әмбебапты болып бөлінеді. Әмбебапты өлшейтін аспаптар көп түрлі тетіктерді өлшеуге арналған. Ал арнайы тек қана жеке параметрлерге немесе белгілі бір тетіктерді өлшеуге арналған. Сыңдарлы белгілері бойынша әмбебапты аспаптарды және құралдарды екіге бөлуге болады:

- қосалқы межелікпен сызықталған құралдар (әмбебапты бұрышөлшеуіш және штанген құралдар; -микрометрлі құралдар );

- механикалық –иінтіректі құралдар (көрсеткіш) және т.б.;

- әмбебапты өлшеу құралдары және аспаптар, олардағы меншікте сурет немесе нүкте түріндегі белгілер бар болуымен сипатталады. Жабдықтарды өлшеу үшін келесі негізгі метрологиялық көрсеткіштер орнатылған;

- екі көршілес межеліктер белгілер арасындағы аралық-межеліктер бөлімі;

- екі көршілес меншік белгі осі арасындағы ара қашықтық межеліктер бөлімінің ұзындығы (1 немесе 0,5 мм);

- шамалар белгісінің әртүрлілігі екі көршілес межеліктің белгісіне сәйкес келетін межеліктердің бөліну саны.

Мысалы, микрометрлік аспаптардың бөліну мөлшері 0,01 мм-ге тең, яғни атанақтың бұрылысы кезінде микрометр сабағының бойлай сызықшасына қатысты бір сызықшадан екіншісіне дейін микрометрлік буранда 0,01 мм-ге орын ауыстырды;

- межелік бойынша тікелей есептеуге болатын ең үлкен және ең кіші өлшемдердің белгісі -өлшеу шегі. Тексерілетін тетіктің бетіндегі байланыс жеріндегі өлшенілетін ұштығының әсер күші (микрометрде нк тәріздес өлшенілетін тежеуіш 700 ± 200 сН жіберіледі) - өлешенілетін күш.


2.4 Штангенқұралдар
Штангенқұралдар деп конусты және межелікті қармаққа негізделген сызықты өлшем өлшеу жабдығы-межелік бөліну санының бүтін және бөлшек шама есебі үшін қосымша межелікті айтамыз.

Штангенқұралдарға жатады: штангенциркулдар, штангенте-реңдіклшеуіштер және штангенрейсмастар. Штангенқұралдармен ол- өлшеудің тура және абсолютті тәсілі. Штангенциркулдер тереңдіктің сыртқы және ішкі өлшемдердін өлшеуге арналған, сонымен қатар белгіленген жұмысты штангенциркулді хромдолған тотбаспайтын инструментальды және құрылымды болаттан жасайды. Өлшенілетін беттің қаттылығы 50 - 60 НRС. Штангенциркулды МЕСТ 166 – 80 0,05 және 0,1 мм межелік бойынша есеп беру мәнімен келісе отырып жасайды. Келесі түрде: ШЦ-І екіжақты тереңдік өлшеуішпен; ШЦ-І –біржақты, қатты балқымамен жабдықталған ШЦ-ІІ –екіжақты; ШЦ-ІІІ –біржақты (2.1-сурет). Барлық штангенциркуль құрылғысының негізгі бөлігі болып жақтауша, қосалқы межелік, жақтаушаның қысқышы, межелік қармақ болып саналады. Штангентереңдікөлшеуішті есептеу мәнді МЕСТ 162 - 80-ге сай 0,1 және 0,5 мм межелік бойынша және 0,5 мм бағытталған есеп берумен дайындайды (ТУ-2-034-620-84) (2.2-сурет). Штангентереңдік өлшеуіште жалпақ өлшенілетін бетті, 1 негіз бар. Негізбен қоса 8 қосалқы межелікпен бүтіндей 3 жақтауша жүргізілген, 6 қарнақ микрометрлік межелікпен жақтаушада негізге перпендикулярлы орын ауыстырады. Тереңдікөлшеуіш микрометрлік беріліс механизмімен жабдықталған. Штангенрейшастар белгілердің өлшемдерін көлемді және биіктікті өлшеуге арналған. Штангенрейшастарты МЕСТ 164-80-ге сай 0,1 және 0,5 мм межелік бойынша есеп берудің мәнімен дайындайды.




а) ШЦ-II; б) ШЩ-III.

1 – жылжымайтын өлшеу еріндері; 2 – жылжыйтын өлшеу еріндері; 3 – жақтауша; 4 – жақтаушаны қысқыш; 5 – қарнақ; 6 – қосалқы межелік; 7 – тереңдікөлшеуіштің сызғышы; 8 – микрометрлік берілістің жақтаушасы; 9 – микрометрлік берілістің сомыны және бұрандасы; 10 – микрометрлік берілісті жақтаушаларды қысқыш.


2.1-сурет – Штангенциркульдердің түрлері

1 – негіз; 2 – өлшеу табаны; 3 – белгілеу табаны; 4 – жақтауша; 5 – қосалқы межелік; 6 – микрометрлі берілісті жақтауша; 7 – қарнақ; 8 – сомын және микрометрлі берілісті бұранда; 9 – өлшенетін табан; 10 – белгіленген табан.
2.2-сурет – ШГ түрді штангентереңдікөлшеуіш
Штангенрейшастар 4 жақтаушаның 8 микроберіліс механизмімен және 4 қосалқы межеліктің межелігімен жақтауша орын ауыстыратын 7 қармаққа жоғары қарай бекітілген 1 негізден тұрады. Қажет болған жағдайда жақтаушаға қоныт тоқтатқыш бұранда көмегімен өлшенетін немесе белгіленген табандарды бекітеді. Ал шешілетін табанда екі өлшенілетін беті бар. Үстіңгісі – ішкі өлшемдерді өлшеу үшін, ал астыңғысы сыртқы өлшемдерді өлшеуге арналған. Штангенрейшастартың межелігі бойынша берілген есеп берудегі ішкі өлшемді өлшеген кезде өлшенілетін табанның биіктігін қосады.

Тетіктерді өлшеуді және белгілеуді тақтада жүргізеді.



Штангенрейсмастардың негізгі бөліктері ретінде бөліну саны 1 мм-ді межелік –сызғыш және есептеу дәлдігі 0,1 ;0,05, 0,02; және т.б. болатын сызғыш бойынша орын ауыстыратын қосымша межелік болып саналады. Қосалқы межелік көмегімен есептеу үшін қосалқы межеліктің 0-дік бөлу мөлшерінің алдында мм-лердің бүтін санын негізгі межелік бойынша анықтайды. Содан кейінгі қосалқы межелігінің қай сызықшасы негізгі межеліктің сызықшасына жақын басатынына сәйкес қосалқы межелік бойынша оған мм-дің біліктерінің санын қосады. 2.3-суретте мысалы қарастырылады.

а) 0,1 мм; б) 0,05мм шамасымен штангенаспаптарда көрсеткішті оқу үлгісі
2.3-сурет – Қосалқы межелік бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет