«Өмірмен байланыс» бөлімі.
Сендер өздерің тұрып жатқан Балқаш бекетінде қандай кәсіпорындар, мекемелер бар?
Ол жерлерде қандай мамандық иелері жұмыс жасайды?
Олардың атқаратын қызметтері қандай?
"Бұл кім?" кәсіби бағдар ойыны.
Барысы: Тренингке қатысушыларға қима парақшаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары сол мамандықты табу керек.
Хирург, Фабрика басшысы, Хатшы, Кітапханашы, Банк қызметкері, Сатушы, Мұғалім, Бухгалтер, Слесарь.
Тестік тапсырмалар: «Ең,ең..»
Ең ақшасы көп мамандық қандай?
а/еден жуушы;
ә/мал дәрігері, орманшы;
б/ бухгалтер, экономист
Ең “жасыл” мамандық қандай?
а/ мұғалім, дәрігер;
ә/ эколог, бағбан;
б/ мұнайшы, ұшқыш
• Ең “тәтті” мамандық қандай?
а/ аспаз, кондитер;
ә/ сот, заңгер;
б/ шахтер, ғарышкер
• Ең “күлкілі” мамандық қандай?
а/ журналист, зергер;
ә/ клоун, крикатурашы;
б/ ғарышкер, ұшқыш
• Ең жауапты мамандық қандай?
а/ сот, бухгалтер;
ә/ әнші, биші;
б/ ұста, шебер
• Ең салмақты мамандық қандай?
а/Клоун, әзілкеш;
ә/мұғалім, заңгер;
б/ аспаз, кондитер
• Ең қарым - қатынасы күшті мамандық қандай?
• а/ мұнайшы, орманшы;
ә/ бағбан, дихан;
б/ бизнесмен, кәсіпкер
«Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығуы
Өз ойыңыздағы бақыт құсының суретін салып, қанатына тілек жазып, қарсыласыңа сыйлау.
Пікірлесу, талдау: Бүгінгі «Мамандыққа саяхат» жасау барысында қандай әсер алдың?
Өзің үшін қандай қорытынды жасадың, ойландыратын жағдай болды ма? (Оқушылардың жауабын тыңдау)
Қорытынды: Адам, өмірінде екі - ақ нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын деп санайды екен. Біріншісі - мамандық, екіншісі - адал жар.Қарап отырсақ, жұмыс пен оның аясында отбасында тіршілік ету адам ғұмырының тең жартысын алады екен. Өзіңді мамандықтар әлемінде табу - өзіңнің қоғамға қажетті адам екеніңді сезіну, лайықты қаржы табу, өз қабілеттеріңді барынша көрсету мен сый - құрметке бөлену бұл нағыз бақыт болып табылады.Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Достарыңызбен бөлісу: |