МамандығЫ: 0101000- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» Күні



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі218,28 Kb.
#82881
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
752 8272 31337


МАМАНДЫҒЫ: 0101000- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Күні: 07.10.2020
Тобы: МДБ-Т-19




Қайырлы күн, білім алушы!
«Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен дайындалған сабақ тезисі мен тапсырмаларды назарыңызға ұсынамын. Берілген ақпаратты толық игеріп, тапсырманың жауабын 22.00-ге дейін орындап жіберуіңізді сұраймын. Тапсырманы толық орындаңыздар!!!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Тұрақты тіркестер

Тіл арқылы қатынас жасау процесінде сөздер, әдетте, жеке дара күйінде емес, бір–бірімен тіркесіп қолданылады.Сөздердің тілдің граматикалық заңдарына орайласып,емін-еркін тіркесуінен синтаксистік единицалар-еркін(ерікті) сөз тіркесімен сөйлемдер жасалады.Сөздердің жалпы тіркесі және синтаксистік(еркін ) сөз тіркесі сөздердің бір –бірімен емін-еркін тіркесуінен жасалады.Бірақ сөздер бір-бірімен жапа тармағай тіркесе бермейді,мағыналарының үйлесімділігі болғанда ғана,тіркесіп жұмсалады.Мағыналық үйлесімділік сөздердің бір-бірімен семантикалық жақтан үйлесуге бейімділігі дегенді білдіреді.Еркін сөз тіркесінде оны құрастырушы сыңарлар(сөздер) мағыналық үйлесімділік шеңберінде басқа сыңарлармен(сөздермен) ауыса алады.Мысалы: оқушымен сөйлесу-мұғаліммен сөйлесу-қойшымен сөйлесу; т.б
Сөздердің еркін тіркесіне сырттай ұқсас,бірақ іштей, яғни тілдік табиғаты жағынан,оған қарама-қарсы қойылатын оймақ ауыз ,жүрек жұтқан, жүрегі тас шығу ат-тонын ала қашу, т.б тәрізді тіркестер бар.Бұлар құрамы жағынан тұрақты болып келеді де, бүтіндей оралым бұрыннан тіркескен дағдылы қалпын сақтайды,сыңарлар «ешкімнің еркіне көнбей», «өзінен өзі тіркесіп қойған» тәрізді болып ұғынылады.


Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр. Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығы болады:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет