Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады.
Мысалы: атшы, басшы деген туынды зат есімдер ат, бас деген зат есім түбірлерінен жасалса, атшылық, басшылықдеген туынды зат есімдер атшы, басшы деген зат есім негіздерінен (туынды зат есімдерден) жасалған. Ал, жақсылық, үлкендік деген зат есімдер -лық (-дік) жұрнағы арқылы жақсы, үлкен деген сын есімдерден туған.
Сондай-ақ, егін, сауын туынды зат есімдері ек, сау деген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егінші, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады т. б.
Цифрлық білім беру ресурстары:
Зат есім туралы қосымша ақпарат төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар:
https://yznaika.com/hints/17-zat-esim
http://megamozg.kz/index.php?id=3238&page=view_mat&partition=other&subpartition=articles_kazakh
https://yandex.kz/video/preview?text=%D0%B7%D0%B0%D1%82%20%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BC&path=wizard&parent-reqid=1603127942440805-1193848762634797953800275-production-app-host-sas-web-yp-91&wiz_type=vital&filmId=7004519475672791764
https://www.wikiwand.com/kk/%D0%97%D0%B0%D1%82_%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BC
Зат есім туралы бейнежазбаны төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар:
https://www.youtube.com/watch?v=XSRIZ_oCaw0
Білім бақылау тапсырмалары:
Сөздер ішінен зат есімдерді теріп жазып, сөйлем құрастырыңыздар.
Қалам, ағаш, қызыл, жүгірді, әдемі, мұғалім, сызғыш, терезе, он бес, алыс, дәрігер, ата, компьютер, сіңлі , орындық,бор, аспазшы, ит, отырды.
Берілген сөйлемнен күрделі зат есімдерді тауып, фонетикалық талдау жасаңыз.
Мемлекеттік шекара - мемлекеттік аумақты белгілейтін шектер.
Аэропорт, әуежай – әуе көлігі құралдарымен тұрақты түрде жолаушыларды, жүк пен пошта тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын.
Жалпы есімдер мен жалқы есімдерді қатыстырып «Ауылым — алтын бесігім» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыз. (жалпы есімдер мен жалқы есімдердің астын сызыңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |