Мамандығы: «Электр энергетика» Оқу жылы



бет8/12
Дата27.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#150945
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ИЭВ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС . ЭЭ

_____________________________________________________________

9-зертханaлық жұмыс. Электронды осциллографты пайдаланып айнымалы


кернеудің жиілігі мен фазасын өлшеу (9-апта, 2 сағат)


Жұмыстың мақсаты: электронды осциллографтың көмегімен айнымалы кернеудің жиілігі мен фазасын өлшеуде тәжірибелік шеберлік жинақтау


Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Екі айнымалы кернеудің фазаларының ығысуын өлшеу.


1.1. Сұлбаны жинаңдар (9.1-сурет). Фазаайналдырғыш тізбек резисторлар блогынан А7 жинастырылған. резисторы ретінде (9.2-суреттегі сұлба) 10 кОм резистор пайдаланылады. Бұл резистордың жылжымалы түйіспесін ортаңғы қалыпқа қойыңдар. Фазаны реттейтін резистор ретінде (9.1-сурет) шкаласы санмен бөліктенген 10 кОм көп айналымды (оборотты) айнымалы резистор (блок А7) пайдаланылады. конденсаторы ретінде А8 блогының 1 мкФ сыйымдылығы бар конденсатор пайдаланылған. Фазаайналдырғыш тізбек 212.2 блогының арнайы формалы кернеу генераторының синусоидалы кернеуінен қоректенеді. Осциллографтың X және Y кірістерінің фазайналдырғышқа қосылуы 9.1-суретте көрсетілген. Екі кірістің де жалпы нүктелері бірге қосылғандықтан және осциллографтың корпусына бекітілгендіктен, кірістердің біреуінің жалпы сымын қоспаса да болады.
1.2. Арнайы формалы кернеу генераторының (блок А1) тұтқаларын бастапқы қалыпқа қойыңдар:
- «Форма» ауыстырып қосқышын синусоидалы шығыстық кернеу қалпына қойыңдар;
- «Амплитуда» тұтқасын мүмкіндігінше (тірелгенге дейін) сағат тіліне қарсы бұраңдар;
- «Частота» тұтқасын мүмкіндігінше (тірелгенге дейін) сағат тіліне қарсы бұраңдар (минималды жиілік);



9.1-сурет. Фазалардың айырымын өлшеуге арналған қондырғының электрлік қосылу сұлбасы



9.2-сурет. Фазайнайналдырғыштың сұлбасы


1.3. 10 кОм айнымалы резистордың (А7 блогының беткі панелінің жоғарғы жағында орналасқан) тұтқасын, резистордың шкаласын және оның тұтқасындағы рискіні пайдалана отырып, ортаңғы қалыпқа қойыңдар.


Санмен бөліктенген айнымалы резистордың тұтқасын (А7 блогының беткі панелінің төменгі жағында орналасқан) мүмкіндігінше (тірелгенге дейін) сағат тіліне қарсы бұрай отырып, индикаторда «000» алыңдар.
1.4. Арнайы формалы кернеу генераторының шығысындағы кернеудің амплитудасын жоғарылатыңдар, «Амплитуда» тұтқасын ортаңғы қалыпқа шамалап қойыңдар.
1.5. Осциллографтың X және Y каналдарының («ВОЛЬТ/ДЕЛ» ауыстырып қосқышы, «ПЛАВНО» тұтқасы) сезгіштігін реттегішімен және сәулені ығыстыру тұтқаларымен экран осінің бойымен экранның ¾ бөлігінен кем емес кескінді алуға тырысыңдар.
Қажет болғанда А1 генераторының шығысындағы кернеуді («Амплитуда» тұтқасымен) өзгертіңдер.
1.6. Санмен бөліктенген айнымалы резистордың тұтқасын бұрай отырып, фазалар айырымының бірнеше жуықтлған мәндерін қойыңдар және осы айырымның шамасын өлшеп алыңдар.
2. Екі айнымалы кернеудің жиілігін өлшеу.
2.1. Сұлбаны жинаңдар (9.3-сурет).
2.2. Экспериментті жүргізу барысында А1 блогының үш фазалы генераторының фазаларының біреуіндегі синусоидалы кернеудің (кернеу осциллографтың Y кірісіне қосылған) жиілігі өлшенеді. Өлшенетін кернеудің жиілігі А1 блогының арнайы формалы кернеу генераторының синусоидалы кернеуінің жиілігімен салыстырылады (бұл кернеудің жиілігі А1 генератор блогының жиілікөлшегішімен (частотомерімен) өлшенеді).
2.3. Арнайы формалы кернеу генераторының (блок А1) тұтқаларын бастапқы қалыпқа қойыңдар:
- «Форма» ауыстырып қосқышын синусоидалы шығыстық кернеу қалпына қойыңдар;
- «Амплитуда» тұтқасын тірелгенге дейін сағат тіліне қарсы бұраңдар;
- «Частота» тұтқасын тірелгенге дейін сағат тіліне қарсы бұраңдар (минималды жиілік);
2.4. Бір фазалы қорек көзінде G1 қорғаныстық ажырату құрылғысын және автоматты ажыратқышты қосыңдар.
2.5. А1 кернеу генераторлар блогының «СЕТЬ» ажыратып қосқышын және А11 осциллографын қосыңдар. Қондырғыны қыздыру үшін А1 және А11 блоктарын 5 минуттан кем емес уақытқа қосып қойыңыздар.
2.6. Арнайы формалы кернеу генераторының шығысындағы кернеудің амплитудасын жоғарылатыңдар. Лиссажу фигурасының мөлшері горизонтал бойынша экраннан шығып кетпеуін қадағалаңдар.
2.7. Осциллографтың Y каналының реттегішімен және сәулені ығыстыру тұтқаларымен экран осінің бойымен экранның ¾ бөлігінен кем емес Лиссажу фигурасының кескінін алуға тырысыңдар.

9.3-сурет. Жиілікті өлшеуге арналған қондырғының электрлік қосылу сұлбасы


2.8. А1 блогының «ЧАСТОТА» тұтқасын бұрай отырып, экранда Лиссажу фигурасының (фигураны жайлап айналдыруға – бірнеше секунд ішінде 1 «айналым (оборот)» рұқсат етіледі) қозғалыссыз кескінін алуға тырысңдар.


«ЧАСТОТА» (блок А1) индикаторы бойынш генератордың жиілігін анықтаңдар.
Лиссажу фигурасының формасы бойынша өлшенетін жиіліктің шамасын есептеңдер.
10,11-зертханалық жұмыс.тұрақты және айнымалы ток көпірлерімен электр тізбегінің элементтерінің параметрлерін өлшеу (10, 11-апта, 4 сағат)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет