Мамандығы: «Электр энергетика» Оқу жылы



бет4/12
Дата27.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#150945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ИЭВ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС . ЭЭ

_____________________________________________________________
5-зертханалық жұмыс. Амперметрдің өлшеу шектігін кеңейту (5-апта, 2 сағат)


Жұмыстың мақсаты: амперметрдің өлшеу шектігін кеңейтуде тәжірибелік шеберлікті жинақтау.


Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Сұлбаны жинаңдар (5.1-сурет). Сұлбаның элементтерін оқытушының көрсетуімен таңдап алыңдар.



5.1-сурет. Амперметрдің өлшеу шектігін кеңейту сұлбасы


2. 5.1-кестеге К кілтінің қосылу және ажыратулы қалпында А аспабының көрсетулерін жазыңдар.


5.1-кесте.


К кілті ажыратулы

К кілті қосулы


бөлік

мА

бөлік

А













3. 5.1-кестедегі эксперименттік мәліметтерден Rш шунт кедергісінің мәнін есептеңдер. RА кедергісі омметрмен өлшенеді.


_______________________________________________________________________


_______________________________________________________________________


4. Шунтты аспапқа қоса отырып, миллиамперметрдің өлшеу шектігін мА-ден мА-ге дейін кеңейтіңдер. Миллиамперметрдің Ом тең.


4.1. Шунт кедергісін есептейміз:


Ом.

4.2. Амперметрдің өлшеу шектігін кеңейту үшін сұлбаны жинаңдар (5.2-сурет).


Реттелетін тұрақты кернеу көзінің G (блок А1, 212.2) шығысына тізбектеліп жалғанған кедергіден (блок А7, 2330), сандық миллиамперметрден (MY60, блок А3) және аналогты миллиамперметрден (мультиметр 7050, блок 510.1) тұратын тізбек жалғанған, аналогты миллиамперметрдің шунты - А7, 2330 блогынан айнымалы резисторы бар. Токтың өлшеу шектігін кеңейтетін аналогты миллиамперметрді калибрлеу үшін сандық миллиамперметрі пайдаланылады.

5.2-сурет. Амперметрдің өлшеу шектігін кеңейту үшін электрлік қосылу сұлбасы


Реттелетін тұрақты кернеу көзінің G (блок А1, 212.2) шығысында минималды шығыс кернеуін қойыңдар: 0…15 В кернеуді реттеу тұтқасын барынша (тірелгенге дейін) сағат тіліне қарсы бұрыңдар. Тұрақты кернеу көзінің тумблерін жоғарғы қалыпқа ауыстырыңдар: қорек көзі «+» және «-» ұяшықтарына жалғанған.


Резистордың минималды кедергісін 10 Ом қойыңдар - тұтқаны барынша (тірелгенге дейін) сағат тіліне қарсы бұрыңдар (блок А7, 2330).
Айнымалы резистордың 330 Ом тұтқасын ортаңғы қалыпқа – көрсеткішті (указательді) 50% қойыңдар (блок А7, 2330).
А3 (510.1) блогының мультиметрлерінің өлшеу шектігін қойыңдар: 7050 мультиметрі үшін - 5 мА тұрақты ток өлшеу шектігіне; MY60 мультиметрі үшін - 200 мА тұрақты ток өлшеу шектігіне.
Тұрақты кернеу генераторының А1 реттеу тұтқасын сағат тілінің бағытымен айналдыра отырып, MY60 сандық мультиметрінің көрсетуі бойынша тізбектің тоғын 100 мА қойыңдар. Егер кернеу максималды (15 В) болғанда, генератордың шығысында талап етілген ток алынбаса, онда айнымалы резистордың кедергісінің «330 Ом» шамасын азайтыңдар. Шунттың кедергісін реттей отырып, аналогты аспаптың жебесі (нұсқама тілі) шкаланың соңғы бөлігіне ауытқуына қол жеткізіңдер. Шунттың кедергісінің шамасын 10 Ом резистордың тұтқасын сағат тілімен жайлап бұрай отырып реттеу тиімді: аналогты миллиамперметрдің тоғы жайлап өсе бастайды.
Жебені шкаланың соңғы бөлігіне жақындатып, генератордың шығыстық кернеуін реттеу арқылы тізбектің тоғын 100 мА жеткізу қажет. Бұдан соң шунттың кедергісін өзгертуді токтатпай, аналогты аспаптың жебесін мүмкіндігінше шкаланың ақырғы бөлігіне жақындату қажет.
Тұрақты кернеу генераторының шығыстық кернеуін азайта отырып, аналогты аспаптың жебесін шкаланың 8, 6, 4 және 2 бірліктер бөліктеріне біртіндеп қойыңдар, 80, 60, 40 және 20 мА сәйкес. Аналогты аспаптың бұл көрсетулеріне сәйкес келетін тізбектің тоғының дәл (нақты) мәнін сандық мультиметрдің көрсетуі бойынша анықтаңдар. Аналогты аспаптың көрсетулерінің абсолютті қателігін есептеңдер. Алынған мәндерді 5.2-кестеге енгізіңдер.
5.2-кесте.



Аналогты миллиамперметрдің көрсетулері ( )

Сандық миллиамперметрдің көрсетулері, мА ( )

Абсолютті қателік, мА


Бөліктер

мА

1

8

80







2

6

60







3

4

40







4

2

20







5. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңдар______________________________
_____________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет