1. Құрастырылу мақсаты:Қазақстан Республикасында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда оқуды жалғастыру мүмкіндігін анықтау.
2. Міндеті: Білім беру бағдарламасы бойынша үміткердің білім деңгейін анықтау: М075 – «Маркетинг және жарнама» 3. Тест мазмұны: Тест жоғары оқу орындарының «Маркетингтік зерттеулер» пәнінің оқу бағдарламалары негізінде оқу материалын келесі тәртіппен қамтиды. Тапсырмалар оқу тілінде (орыс тілінде) беріледі.
№
Тақырыптың мазмұны
Тапсыр малар саны
Қиындық деңгейі
1
Маркетингтік зерттеулердің мәні, мазмұны, ұйымдастыру және бағыттары. Маркетингтік зерттеулердің мәні мен маңызы. Маркетингтік зерттеулердің мақсаты, міндеттері, объектілері және пәні. Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің қажеттілігін анықтау. Маркетингтік зерттеулер тұтынушыларының құрылымы. Маркетингтік зерттеулердің жіктелуі.
Маркетингтік зерттеулердің бағыттары және жалпы сипаттамасы. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу үшін қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.
1 А
2 В
3
2
Маркетингтік зерттеулердегі ақпарат. Маркетингтік зерттеулерді жоспарлау. Маркетингтік ақпараттың мәні, құрамдас бөліктері, мақсаттары, ерекшеліктері. Маркетингтік ақпаратты қалыптастыру принциптері. Маркетингтік ақпараттың жіктелуі. Маркетингтік ақпарат көздері: анықтамасы, артықшылықтары мен кемшіліктері. Екінші ретті ақпараттың жіктелуі. Екінші ретті ақпараттың ішкі және сыртқы түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Маркетингтік ақпарат көздерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Маркетингтік зерттеулер жоспарларының жіктелуі. Маркетингтік зерттеулердің түрлері бойынша зерттеу дизайнының сипаттамасы: анықтамасы, зерттеу мақсаттары, негізгі параметрлері, алынған ақпараттың сипаты, зерттеу нәтижелері, маркетингтік зерттеулердің қолданылатын әдістері.
Маркетингтік зерттеулер түрлерінің арасындағы байланыс. Маркетингтік зерттеулер жүргізу жөніндегі іс-шараларды белгілеу.