Мақсаты: Аналитикалық химия пәнінің негізгі түсініктерімен, әдістерімен, қарастыратын мәселелерімен танысу. ДӘріс жоспары



бет5/6
Дата11.05.2022
өлшемі46,49 Kb.
#142075
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 сабақ.docxаналитика

Анықтайтын ион

Реагент

К+ ионының концентрациялары, моль/л

0,1

0,01

Сlim

К+

NaHC4H4O6

Ақ тұнба

Тұнба жоқ

1:1000

Na3[Co(NO2)6]

Сары тұнба

Сары тұнба

1:13000

Бірінші реакцияда К+ ионы ақ түсті, екіншіде сары түсті тұнба береді. К+ ионының концентрациясы кеміген жағдайда натрий гидротартратымен тұнба түзілмейді. Реакцияның сезгіштігі реакцияның жүру жағдайына (рН, tº, еріткіш табиғатына т.б) тәуелді. Демек, реакцияның сезгіштігі белгілі бір жағдайда ғана тұрақты шама. Реакцияның сезгіштігі өзара байланысты төрт шамамен сипатталады.


1) Ашу шегі – m (мкг). Шекті сұйылтылған ерітіндінің ең кіші көлеміндегі анықталатын ионның ең аз мөлшері (1 г = 106 мкг).
2) Минималды көлем – Vmin (мл). Ионды ашуға мүмкіндік беретін шекті сұйылтылған ерітіндінің ең аз көлемі.
3) Шекті концентрация - Сlim (г/мл). Анықтауға мүмкіндік туғызатын заттың ең аз концентрациясы.
4) Шекті сұйылту - Vlim (мл/г). Құрамында 1 г еріген заты концентрациясы шекті ерітіндінің көлемі. Шекті сұйылту шекті концентрацияға кері шама. .
Vlim -------- 106 мкг
Vmin ------- m, мкг (ашу шегі) немесе


Есеп. Ерітіндідегі мыс(ІІ) ионының шекті концентрациясы 410-6 г/мл және ашуға қажетті ерітіндінің ең аз көлемі 0,05 мл. Мыс ионын аммиакат түрінде анықтағандағы реакцияның ашу шегін есептеу.

Берілгені: Clim(Cu2+) = 410-6 г/мл
Vmin = 0,05 мл

Шешуі:
m(Cu2+) = 410-60,05106 = 0,2 мкг

m(Cu2+) = ?

Талдау бөлшектік және жүйелік болып екіге бөлінеді. Бөлшектік талдау - зерттелетін ертіндінің бір бөлігінен белгілі бір иондарды басқа иондардың қатысында спецификалық реакцияларды қолданып анықтауға негізделген әдіс. Жүйелік талдау - иондарды аналитикалық топтарға бөліп, содан кейін осы топты құрайтын әр ионды анықтауға негізделген әдіс. Белгілі бір реактивтің әсерінен бірдей аналитикалық реакция көрсететін иондар тобын аналитикалық топ деп атайды. Ионның жалпы қоспасынан реактивтің көмегімен иондар тобын бөліп алуға болады. Иондарды аналитикалық топтарға бөлу олардың тұздарының: сульфидтерінің, хлоридтерінің, карбонаттарының, гидроксидтерінің ерігіштігіне негізделген. Талдауда қолданылатын топ реагентіне байланысты, катиондарды топқа бөлудің үш жіктеу жолы бар. Сульфидтік жіктеу бойынша катиондар бес аналитикалық топқа бөлінеді. Бұл жіктеу бойынша катионның толық талдау жүргізу үшін көп уақыт (25 сағ.) қажет және қолданатын H2S улы. H2S жұмыс орындау үшін арнайы жабдықталған лабораториялар қажет. Аммиакты-фосфатты жіктеу бойынша да катиондарды бес аналитикалық топқа бөледі. Қышқылдық-негіздік жіктеу бойынша катиондарды қышқылдар, сілтілер және аммиак ерітіндісі әсеріне қарай алты аналитикалық топқа бөлінеді. Аналитикалық катиондарының топ саны бойынша аммиакты-фосфатты жіктеу қышқылдық-негіздік жіктеуге ұқсас, бірақ талдау жолы күрделірек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет