Мақсаты: Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін меңгеру. Санау жүйесі



бет1/3
Дата14.12.2021
өлшемі112,52 Kb.
#127077
  1   2   3
Байланысты:
Зертханалық жұмыс 8- санау жүйесі


Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: Кілттерді генерациялау үшін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалану. E-mail-мен хабарлар алмасу кезінде ЭЦҚ-ны және шифрлауды қолдану. Санау жүйесі.
Мақсаты: Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін меңгеру.
Санау жүйесі
Кез келген позициялық жүйе келесі түрде енгізіледі. р – бүтін саннан тұратын негізі және 0, 1, 2,..., р-1 цифрларынан тұратын алфавит таңдалынады. Сонда осы жүйедегі кез келген Х саны:

қосындысы түрінде ұсынылады. Мұндағы, Х – бүтін бөлігі n+1 цифрдан және бөлшек бөлігі k цифрдан тұратын, негізі p болатын жүйедегі сан. Ал, ai – жүйе алфавитіндегі сандар. Ендеше, жүйеде берілген сандарды жазу келесі түрде болады:



Xp=an an-1…a1 a0 , a-1…a-k .

Ондық позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін он цифр қолданылады: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. Бұл жүйедегі кез келген сан мына түрде жазылады:

Компьютерде әдетте екілік санау жүйесі, яғни 2 негіздеуші бар санау жүйесі қолданылады. Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен1 цифрларының көмегімен жазылады және екілік сан деп аталады. Екілік санау жүйесіндегі санның жазылу түрі:



Екілік жүйенің елеулі кемшілігі – мұнда санды жазу үшін 0 және 1 цифрлары көп қажет болады. Бұл адамның екілік санды қабылдауын қиындатады. Сондықтан екілік жүйе әдетте компьютердің «ішкі қажеттілігі» үшін қолданылады, ал адамның компьютермен жұмыс істеуі үшін үлкен негіздеуішті санау жүйесі таңдалады. Бұл кезде сегіздік немесе он алтылық жүйелер жиі қолданылады.



Сегіздік санау жүйесі сегіз цифрдың көмегімен санды көрсетеді: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.

16 негіздеушісі бар санау жүйесін он алтылық санау жүйесі деп атайды. Он алтылық позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін ондық сандардың мәні 10, 11, 12, 13, 14 және 15 болатын сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Сонда он алтылық жүйенің барлық цифрлары мыналар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, E, F.

Ондық санау жүйесіндегідей, сегіздік және он алтылық санау жүйелеріндегі сандар оңай оқылады, олар екілік санау жүйесіне қарағанда сәйкесінше үш (сегіздік) және төрт (он алтылық) есе аз разрядты қажет етеді (8 және 16 сандары 2 санының сәйкесінше үшінші және төртінші дәрежесі).

Сегіздік және он алтылық сандарды екілік жүйеге ауыстыру өте қарапайым: әрбір цифрды оған эквивалентті екілік триадамен (үш цифрмен) немесе тетрадамен (төрт цифрмен) алмастыру керек.

Мысалы:



Санды екілік жүйеден сегіздік немесе он алтылық жүйеге ауыстыру үшін, оны үтірден солға және оңға қарай триадаға (сегіздік үшін) немесе тетрадаға (он алтылық үшін) бөлу керек және әр топты сәйкесінше сегіздік (он алтылық) цифрлармен алмастыру керек.



Мысалы,


Сандарды жазу жүйелері







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет