1- жүргізуші:Жеңіс күні біздің баршамыз үшін халқымыздың жанқиярлық ерлігінің нышаны, ержүректілік пен төзімділіктің және қаһармандылықтың символы. Ылайым, біздің ата - бабаларымыздың ерлігі өскелең ұрпақ үшін өжеттіліктің, намысшылдықтың, адамгершіліктің зор үлгісі болсын. Осы бір тамаша мереке – 9 мамыр күні сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт, амандық және ашық аспан тілейміз!
2- жүргізуші:Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет , қантөгіс, өлім – жетім.Соғыс дегеніміз – күн сайын туған – туыстан , жақын – жорадан, қарулас досыңнан айырылу.