Мақсаты Білімділік: Оқушыларды Ұлы ақын А.Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу



Дата06.11.2016
өлшемі46,82 Kb.
Абайды оқы -танырқа

Мақсаты

Білімділік: Оқушыларды Ұлы ақын - А.Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу.

  • Тәрбиелік: Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.

  • Шығармашылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:-Бүкіл еліміз болып әлем таныған данышпан ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен еңбектерімен танысу.Абайдың қара сөздерінен тәлім-тәрбие алып,тәрбиелі,ақылды,білімді болуға тырысу.

-Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын,оны ойла.

Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма.

-Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған.Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып,көзқарасы қалыптасып,сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді.Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі-өз жанына шығарған төл өлеңдері;екіншісі-ғақлия немесе қара сөздер деп аталатын прозасы;үшіншісі-өзге тілдерден ,әсіресе, орысшадан аударған өлеңдері.Осыған байланысты біздің бүгінгі кешіміз 4 бөлімнен тұрады.2-4слайд

1.Өмірбаяны:(Зайцева Ольга) 5,7,8 слайд

Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.

Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті.Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

2-Мажитова Айдана 9-10 слайд

Абай-лирик ақын-Вера

Абай 12 жасынан бастап өлең жазған.Абайдың табиғат лирикасы,әсіресе, жылдың 4 мезгілін суреттейтін өлеңдері-күшті ақындық шеберлікпен,зор мәдениеттілікпен жазылған аса сұлу,сырлы жырлар.



Оқу-ғылым жөнінде13 слайдВера

-80 жылдары орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұрады.Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсы болсын-ер жеткен ой-санасының жемісі.Бұған дейін жазған өлеңін өз замандасы Көкбай атынан таратып жүрген Абай1886 жылдан бастап өз атына көшірген.

«Ғылым таппай мақтанба»-Шмыгля Ксения, «Өнер білім бар жұрта»-Воробьева Елена,Зайкина Дарья-«Әсем болма әр неге»

Табиғат лирикасы16 слайдВера

.Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры сурет салып оған жан бітіруінде. “Қыс” деп аталатын өлеңнің есімізге түсірейік.(Қыс-Хунцария Арина, «Жазғытұры»- Папаев Владимир, «Жаз» -Батырева Диана, « Күз»-Браун Д

Абай-философ.17 слайд(Султанова Бағдат-слайд)

Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 46 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.



Абайдың 31-ші қара сөзіВера

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар. Әуелі-көкірегі байлаулы болмақ керек. Екінші-сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғыну керек. Үшінші-сол нәрсені, ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдеріне: уайымсыз, салғырттық, ойыншы күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе- күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер.



Болотина Юлия-қара сөздер-

18-қара сөз:-тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озбақ.Онан басқа нәрселерімн оздым демектің бәрі де-ақымақтық.

34-қара сөзі:-Адам баласына-адам баласының бәрі дос.

38 қара сөзі:-Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар.Содан қашпақ керек.Әуелі-надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық деп білерсің.

45 қара сөзі:-Адамшылықтың алды махаббат,әділет, сезім.Бұл әділет,сезім,махаббат кімде көбірек болса, ол кісі-ғалым,сол-ақыл.

Абай-аудармашы.Вера

Абайдың ақындық мәдениетті жетелдіруде,ақынның қоғамдағы орыны көркем сөздің рөлі туралы ойлануына орыстың классигі Пушкиннің ықпалы зор болды.Пушкин шығармаларын оқып, оны аударумен Абай шұғылданада.

-Абай 1892 жылы «Қаранғы түнде тау қалғып»өлеңін М.Ю.Лермонтовтың «Из Гете»өлеңінен аударған. (Мажитова Айдана выразительно читает)

Қаранғы түнде тау қалғып, Горные вершины ,

Ұйқыға кетер балбырап. Спять во тьме ночной.

Даланы жым-жырт,дел-сал ғып, Тихие долины,

Түн басады салбырап. Полны свежей мглой.

Шан шығармас жол –дағы Не пылит дорога,

Сілкіне алмас жапырақ Не дрожат листы.

Тұншығарсың сен*дағы. Подожди немного,

Сабыр қылсаң азырақ. Отдохнешь и ты.



Абай-сазгер19 слайдВера

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй,-деп білдірген

Абай –ақын ғана емес,сонымен бірге,сазгер-қазақтың халық музыкасын терең білген адам.

Абайдың табиғатты суреттейтін өлеңдерінің ішінде «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің орны ерекше.Өлеңде айлы түн мен жайлаудағы елдің түнгі тіршілігінің сұлу да сырлы көріністері табиғи қалпында суреттелген.Өлең 1888жылы жазылған.

«Желсіз түнде жарық ай» орындайтын Наб Екатерина

«Көзімнің қарасы» орындайтын Наб Ирина.

Мұғалімнің сөзі:

-Абайдың мақсаты: наданды өнерлі,ақылсызды,ақылды,жалқауды еңбекқор епсізді епті,берексізді берекелі ету еді.



-Ақын ,дана болам десеңдер,Абайды оқып танындар.Тәрбиелі,өнегелі болсам десендер,қара сөздің мағынасын түсініндер.Ал,тілді жақсы білсем десендер,Абайдың,Пушкиннің тілін үйреніндер.
Каталог: 0F1162FFA22D318D
0F1162FFA22D318D -> 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні
0F1162FFA22D318D -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі Сабақтың мақсаты
0F1162FFA22D318D -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері мен көлдері
0F1162FFA22D318D -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағының физикалық-географиялық аудандастыру. Өткізген: география пәні мұғалімі
0F1162FFA22D318D -> Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
0F1162FFA22D318D -> Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің есебі. Запорожье орта мектебі
0F1162FFA22D318D -> Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның пайдалы қазбалары.»
0F1162FFA22D318D -> Баяндама: Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы
0F1162FFA22D318D -> Сабақтың тақырыбы: Ғажайып түстер
0F1162FFA22D318D -> Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет