Мақсаты: Оқушылар денсаулығын нығайтып, білім алуға, еңбек етуге, Отан қорғауға даярлығын арттыра отырып жоғары адамгершілік қасиеттер, рух сергектігін, күші мен төзімділігі қалыптасқан, дені сау, шат көңілді ұрпақ тәрбиелеу. Міндеті
Түсінік хат Қазақстанымыз тәуеліз ел болғалы қазақтың ұлттық ойындарының дамуы және бұрынғы ата – бабамыздың қалдырып кеткен «Асық» - ойындарының көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес,ол – тірі тарих. Тарихты білу тектілікке саналады. Бабаларымыз ұрпағымыздың білекті те,жүректі болуымен қатар ақылды икемді, епті болуына да қатты алаң болған. Сол себепті де осы өнерді дүниеге келтірген «Асық» ойыны бабаларымыздан мирас болып келе жатқан асыл мұраларымыздың бірі.Әр кездері замманның қиыншылығына қарамастан осы ұлттық ойынымызды үлкендердін көрсетуімен қазіргі уақытқа дейін жалғасын тапты. Егемендік алған соң мектептің оқу бағдарламасына қазақтын ұлттық ойындарын таратуы енгізілді. 2011жылы Республикалық Ұлттық Ойындар Комитеті (РҰОК) құрылып жанынан «Асық және Шекемтас» Ұлттық Ойын Федерациясы (РҰОФ) ашылды. Осы жылы «Асық және Шекемтас» спорт ойындары Қазақ халқының спорттық ұлттық ойындары ретінде енгізіліп арнайы ережесі бекітілді
Мақсаты: Оқушылар денсаулығын нығайтып, білім алуға, еңбек етуге , Отан қорғауға даярлығын арттыра отырып жоғары адамгершілік қасиеттер, рух сергектігін , күші мен төзімділігі қалыптасқан, дені сау, шат көңілді ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеті: Оқушылардың ұлттық ойындарымызға деген қызығушылықтарын арттыру, қазіргі заманда дамып келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарын жетілдіру мақсатында асыл мұрамызды ұрпақтан – ұрпаққа дәріптеу.
Күтілетін нәтиже: Ауылдық, аудандық, облыс тіпті республика көлемінде осы «Асық ату» ойынның таралуы және ойынға өткізілетін жарыстардың көбейуіне ат салысу. Қазақтың ұлттық ойындарын дамыту.