Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту



бет1/3
Дата08.06.2022
өлшемі41,35 Kb.
#146191
  1   2   3
Байланысты:
ойлан тап (2)


Тақырыбы : «Ойлан тап»
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Ойын барасы: Ойынға 3 адамнан тұратын 2 топ қатысады.
Ойын алаңы: магнит тақтада , 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк
Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.
1. Қызыл конверт- «Логика».
2. «Өрмекші торы».
3. Жасыл конверт- «Көкпар».
4. Лотерея билеті.
5. « От ».
6. Көк конверт- « Тәуелсіз Қазақстан-Білімді ұрпақ».
7. «Алтын сандық ».
8. « Қамал ».
9. Сары конверт- « Сөз асылы -мақал ».
10. «Қара мысық ».
Техникалық құрал:компьютер, плакаттар , үлестірмелі қағаз.
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар оқушылар!


Бүгінгі сайысымызда “Біз ХХІ ғасыр жаһандану картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен тану керек ” Ендеше осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады. Олай болса
«Ойлан тап» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын, жатқандай асып-тасып,


Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып
Ойынымызды бастамас бұрын оқушыларды паравоз биімен ортаға алып шығып тілекпен көңіл күйді көтеріп алсақ. 2 топқа біріктіру. I– «Қызыл кәмпит» , IІ –«жасыл кәмпиттер» тобы
Шын жүйрік шабысынан табылады.
Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер,білімменен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Қанеки кім шығады сайысуға,- алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда .

Ал, қанеки сайысты біз бастайық


Ұрандарымызды айтып,
Өзімізді таныстырып тастайық.
Әр топ өз капитан командаларын сайлайды

І топ: Қызыл кәмпит «Болашақ» дарындылар тобы:


Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз алған білімді.

ІІ топ: Жасыл кәмпит «Эврика» тапқырлар тобы:


Ұраны:
«Тапқырлық таныту-мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
Сонымен құрметті көрермендер, сайысымызды басталық.
Ойынымыздың өтілу тәртібімен таныстырайық.
Ойын алаңы: Тақтада 10 санымен белгіленген тапсырмалар бар .
Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.
Ойын шарты:
«Қара мысық» түссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.
« От » келсе , жинаған ұпайларыңыздың 3 ұпайы күйіп кетеді.
«Лотерея билеті»- керісінше 3 ұпай сыйлыққа беріледі.
«Қамалға» келсеңіз , қиын сұраққа тап боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.
«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.
«Өрмекші торына» түссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.
4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк берілген мұндағы сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай санын жинау. Ұпай санын әр топтың түсіндегі кәмпиттер арқылы жинау.
Ойын барысы:
Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,
« Т » әрпінен басталатын
Сөздерді кім көп айтады, сол команда бірінші бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет