Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру; дамытушылық



бет1/3
Дата31.01.2018
өлшемі244,18 Kb.
  1   2   3



Сыныптан тыс жұмыс 10 сынып

«Жұлдызды сәт» ойыны



Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын,

жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру;



дамытушылық: белсенділігін дамыту, ой-өрісін кеңейтуге

дағдыландыру, математикалық сұрақтарға

мәдени түрде жауап беру, қарым-қатынасты

дамыту;


тәрбиелік: тез ойлай білуге, шапшаңдыққа, өз бетімен

жұмыс жасауға, көпшілік алдында өз ойын

еркін айта білуге тәрбиелеу;

Сағаттың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сағаттың жоспары: І - айналым «Есте сақтайық»

ІІ – айналым «Математикалық термин құрастыру»

ІІІ – «Кім тапқыр? » Математикалық сөзжұмбақ

ІV – «Тарихи зал»

V – «Оқу залы»

VІ – «Кім жылдам ?»



VІІ – Жеңімпазды анықтау

Оқушыларға слайдтан 15 түрлі зат көрсетіледі. Оқушылар ол заттарға 1 минут қарайды. Содан соң слайдты жауып қоямын. Оқушылар қандай зат көргенін параққа жаза бастайды. Осы он бес затты дұрыс тапқан оқушы екінші айналымға өтеді. Қалған оқушылар көрермен болып қалады.

Слайдта сөздер жазылады. Оқушылар осы сөздерден математикалық термин құрастырады. Сөздерді дұрыс құрастырған оқушылар келесі айналымға өтеді.

  • Снег-на-ток (Котангенс)

  • Рик-цуль (циркуль)

  • Аки-тем-фира (арифметика)

  • Ал- йод-ног (диогонал)

Оқушылар математикалық сөзжұмбақтар шешеді.

Бір ағаштың он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара кәнеки ойлан тап.

Жыл, ай, тәулік, күн мен түн

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында Сызғыш
Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз

Цифр

Мені көрде - жерді көр,

Қозғалыстың көкесі.

Айналыстан туады,

Планеталар бір-бірін,

Шыр айнала қуады. Шеңбер

Келесі айналымда оқушылар «Тарихи залға»еніп, сұрақтарға жауап береді.

  • Русьта сынық сан деп деп қандай санды атаған? Бөлшек санды




  • Алғашқы қазақша алгебра оқулығын жазған кім? Қ. Сатпаев




  • Трапеция” сөзін ежелгі гректер мына ұғымдардың қайсысымен атаған? үстел




  • Қандай гүл математик әйелдің құрметіне аталған? Гортензия

1723-1788 жылы өмір сүрген француз математигі Гортензин Лекот құрметіне аталған. Ол бұл гүлді Индиядан әкелген



  • Ондық бөлшекті алғаш рет ашқан XV ғасырда өмір сүрген өзбек математигі кім? Әл-Каши

Әділ қазылар келесі айналымға өткен оқушыларды анықтағанша

музыкалық үзіліс жасалынады.

Келесі айналым «Оқу залы». Оқушылар өз білімдерімен сайысады Түрлі тақырыпта есептер беріледі.
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу