Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Би: «Ақбұлақ»
І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –
І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Ұлжан.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
І жүргізуші: Иә, Жеңісбек.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Ғалымбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!
«Той бастар» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.
ІІ жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым» орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.
І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне ауыл әкімі Бибісара апайдың жылы лебізін тыңдасақ.
Рахмет, апай!
ІІ жүргізуші: «Қазақ қызы» орындайтын 8 – класс оқушысы Қуанышбай Әбдуали.
І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Кемал ағайға береміз. Рахмет, ағай!
ІІ жүргізуші: «Ұстазыма» орындайтын 7 – класс оқушысы Жеткербай Гүлзат.
І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Жеңісбек менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.
ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?
І жүргізуші: Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Ұлжан, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрағасы Мейрамбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!
ІІ жүргізуші: «Асыл досым» әні орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.
І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
І жүргізуші: Жеңісбек, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ұлжан.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік өзін - өзі басқару ұйымының президенті Әбілова Ақмаралға береміз. Рахмет !
ІІ жүргізуші: «Ұстазым» әні орындайтын 7 – класс оқушысы Жұматай Тұрсынай.
І жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін мерекелік құттықтау өзді мектеп басшысы Ғалымбек ағайғ береміз. Рахмет, ағай!
«Достар» әні орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.
ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар !
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
Ұстазым – ұлағатым, үлгі – өнегем
Жарияланды 21-03-2014, 02:54 Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.
Барысы: I - бөлім. «Аяулы асыл мектебім»
- Құрметті ұстаздар қауымы! Бүгінгі мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күзде келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім – ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздарымен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Олай болса құрметті, мәртебелі мамандық иелері, баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтарын қошеметпен ортаға шақырамыз. (музыка ойнап тұрады)
- Асыл сөздің қас шебері атанған ақын Ахмет Байтұрсынов « Алты алаштың баласы жиналса да, ұстаздың орны төрде» дегендей орындарыңыз әрқашанда төрде болсын! Шәкірттеріңіздің мерейіне бөлене беріңіздер!
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман, - дегендей барлық білім мен тәрбиені тек сіздерден алып ұлы өмірге аттанамыз. Барлық білімнің ошағы, мейірімділіктің шуағы мектептен басталады.
- Туған топырағынан нәр алып, тұнық ауасымен тыныстаған, білім нәрімен сусындап, сұлулығын бойына сіңірген өз тарихында талайларға әріп танытып, талайлардың арманына қанат болған, үлкен өмірге бағыт – бағдар беріп, биік шыңдарға ұшырған алтын ұя мектебіміз 1938 жылы шаңырақ көтерген екен. Міне, осы қасиетті де киелі қара шаңырағымыз да біздер де білім алып отырмыз.
Жас ұрпаққа тәрбие бесігі отбасы болса, сол тәрбиені жалғастырып білім беруші мектеп. Ал, мектепте бірегей тұлға ұстаз, мұғалім қызмет етеді.
Ұстаз болып, білім нұрын шашып, ұрпақ тәрбиелеп жүрген аяулы ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын!
1 – оқушы. Динара:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды,
Мерекеде жарқын тілек білдіріп.
Құттықтаймыз, ұстазым, баршаңызды!
2 – оқушы. Ержан:
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы болып жағылар.
Қадірлі ұстаз, аяулы ыстық мектебім.
Шәкіртіңнің сый – құрметін қабыл ал.
Хор: « Қоңырау»
II – бөлім. « Ұстазым ұлы мәңгілік,
Жадымда қалар жаңғырып»
Оқушылардың жыр – шумақтары.
Хормен: Қуанышты кернеген,
Жүрек қалай жасырсын,
Бар баланың бақыты,
Ұстаздарым асылсың!
III – бөлім.
« Алдыңғы буын айнамыз,
Қадірлі ұстаз жайнаңыз!»
- Бүгінгі үлкен мерекемізге зейнеткер ұстаздарымыз қатысып отыр. Олардың өнегелі істері, жүріп өткен жолдары кейінгі ұрпаққа өнеге. Оқушылар ұстаздар туралы сыр шертеді.
1. «Мектептің жаны - мұғалім» Мырзахан Ержан.
2. «Мектептің жүрегі – ұстаз» -------
3. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» ------------
4. «Ұстазға қарап шәкірт өседі» ------------
5. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» ------------
6. «Ұстаз – ұрпақ мақтанышы» -----------------
Хор: « Ұстазым»
IV – бөлім. « Бәрі сізге арналады»
« Ақ тілегім ақ арман!»
Бұл бөлімде Әрбір оқушы сабақ беріп жүрген ұстаздарына арнап өлең – жырлар арнайды. Қабыл алыңыздар!
Хор: « Жарқын жүзді ұстазым»
V – бөлім. « Сауал – бізден,
Жауап – сізден»
1. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз?
2. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
3. Шәкірттеріңізден алған ең қымбат сыйлығыңыз.
4. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
5. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.
VI – бөлім. « Мектептегі қызықты шақтар – ай»
Көріністерді тамашалайық.
«Ағарған шаш»
«Арман болған пенсия»
- Қошеметтеріңізге рахмет. Қызықты оқиғалардың ордасы – білім ошағы мектебімізге – « Мектебім» әнін жолдаймыз, Қабыл алыңыздар!
VII – бөлім. Хормен:
«Ақтілектер айтылсын,
Көңіліміз шарықтап,
Аспанымыз ақ болсын,
Көгершіндер қалықтап.
Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары:
Тарқамасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ артып, бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан. – сөз кезегін ұсынамыз. Тілек айту.
- «Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейін құрметпен өзіңізге
Шын жүректен арналады тілегіміз» Зейнеткер ұстаздарымыздың тілегі.
- Сіздерге деген алғысымыз шексіз, айтқан тілектеріңіз қабыл болсын! «Ұстазым менің» әні. Орындайтын бір топ оқушылар.
- Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата – ананы. Ата – аналардың тілегі.
Хормен: Жақсылыққа біздерді баптаған,
Ұстазым, өзіңменен мақтанам.
Ізгілік сыйлаған біздерге,
Мың алғыс, мың алғыс сіздерге!
- Мұғалімнің сөзі: Келгендеріңізге көп рахметімізді айтамыз:
Көңілдеріңіз жайнап тұрған бау болсын,
Білім – теңіз, еңбегі ерен тау болсын.
Шәкірт үшін аямайтын бар жанын.
Ұстаздарым!
Әрқашанда дендеріңіз мау болсын!
Шардың ішіне бір қағазға сұрақ жазылады.Мұғалімдер сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап береді 1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/ 2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/ 3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/ 4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/ 5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/ 6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/ осындай сұрақтар
Шет ауданы
Ақшоқы ауылы
Қызылтау орта мектебі
География пәні мұғалімі
КАБДУЛЛИНА Бахыткул Каскырбековна
Тақырыбы: Ұстаздық еткен жалықпас...
Мақсаты: оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Міндеті: оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым, ұстаз,
Күні бүгін ұстаздардың мерекесі.
Құтты болсын мереке баршамызға,
Жүріңіздер үнемі сіздер, алда!
2-жүргізуші: Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті біздер үшін, елге еккендер.
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,
Зердесін болашақтың зерлеткендер!,-дей келе барша ұстаздар қауымы, сіздерді 2 қазан-«Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймыз. Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз-ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігер мен ұлы ақындар да таныбынып, бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған. Ұстаздар мерекесі қарсаңында 10-сынып оқушыларының дайындауымен «Ұстаздық еткен жалықпас...» атты ашық тәрбие сағатын ұсынбақпыз. Тәрбие сағатына мектептің барша ұстаздары қатысып, өз білімдерін, біліктіліктері мен талап-таланттарын алдарыңызға танытпақ.
Сайыстың бөлімдері:
Сәлем-сөздің бастауы (таныстыру)
Өнеріңді таныт, халқыңа! (ән, би шашу)
Білім мен біліктілігіңді қатар ұстан! (викториналық сұрақтар)
Шынықсаң, шымыр боласың (спорттық жарыстар)
Сән әлемінде (сән үлгісін көрсету)
Сайысымызға екі топ қатысады. Оларға қазылық ететін қазылар алқасы сайланады.
1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, нұрлы жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Іздерінен еріп жүрген түлекпіз,
Бас иеміз, әрқашан да тірексіз!,-деп басымызды ие отырып ұстаздарымызда ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Мектепті біздің басқарып,
Ұстаздықты да атқарып
Әріптестеріне басшы атанған,
Директорымыз Рымтай апай
Шықсын өнерімен ортаңыздан.
1-жүргізуші: Бар өмірі арналған жеткіншектерге
Гүлбала апайды ардақтамас жан бар ма?
Ол мектепте қысы-жазы, бүгін де
Жемісі де оның жердің жүзін шарлады.
2-жүргізуші: Қатаңдау жанар, қатқыл мінез, қаттылық,
Шәкірттер көрсетпес оған жат қылық.
Географияны зерттер жан-жақты Айткүл апай
Тәрбиені қатар ұстап, деген әркез «сақтылық».
1-жүргізуші: Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі,
Тым еңбекқор, олар жан-жүрекпен әдемі.
Үйретсе Гүлзат, Айсұлу қазақ тілін
Бақытжан апай мен Алтынгүл санамызға,
Тоқытты өрнегін шетел тілдің.
2-жүргізуші: Айұр мен Сәуле апай,
Сабақ бойы тыным таппай.
Теорема, формуламен
Есі шығар кірпік қақпай.
1-жүргізуші: Сурет салып сыздырар,
Өнерін ол үйретер,
Қос қолынан бал тамған,
Дәмежан апай-ол біздің,
Көрсен жандар тамсандырған.
2-жүргізуші: Әріптері үйреткен,
Көркемдейді серік еткен
Бастауыш сыныпқа білім берген
Әлия, Зеркүл апай біздерге
Ботакөз, Құндыз сіздерге
Тамсандырмақ өнермен
Қарсы алайық, көрермен.
1-жүргізуші: Спортты ермек етіп таңдапты,
Секірту мен жүгіртуден нәр татты.
Біржан мен Асқар ағай мақсаты,
Спортшы қылмақ салмақты.
2-жүргізуші: Би билетті самғата,
Ән шырқатты шырқата.
Айгүл апай өзі де,
Домбырасын сыңғырлата.
1-жүргізуші: Сайысымызды бастайық,
Сахна өрнегін ашайық.
Таныстырып өзді-өзі,
Танытсын ашылмаған өнерді. Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Сәлемсөздің бастауы» (таныстыру) кезеңін бастайық.
Карибаева Самалдың қазақ биін тамашалайық.
2-жүргізуші: Біз білмеген, көрмеген,
Бар екен қандай өнерің.
Тамашалайық, қане, баста,
Өнеріңді таныт, отырған мына халқыңа! (ән, би шашу) кезеңі.
Оспанов Ернардың орындауындағы «Ұстазым» әні.
1-жүргізуші: Білім берген шәкірттерге,
Қуанамыз кей сәттерде.
Мұңаямыз, тағы біз,
Оқымаса шәкіртіміз.
«Білім мен біліктілігіңді қатар ұстан!» викториналық сұрақтар кезеңінде екі топқа тапсырма беріледі. Тапсымада сөйлем жасырылған, екінші топ сол қимылды сипаттап мағынасын ашуы керек.
№1
-Мұғалім, кешіріңіз! Мен бүгін сабаққа дайын емеспін!
-ах, ах! Саған енді не істеу керек?
№2
-апа, маған, Нұргүл апай екі қойып берді. Барып ұрысшы!
-Ой, ботақаным-ай, ертең-ақ жойып аларсың, демала ғой!
№3
-апай, кешіріңіз, кіруге болады ма? Ұйықтап қалыппын.
-сабақтың басталғанына жарты сағат өтті.
-кешіріңіз, кеше түні бойы «Ну, погоди» көріп едім.
№4
-Ата, ата! Мына күнделікті бұрышқа қойшы.
-Балам, неге?
-Өйткені ол, қазақ тілінен екілік алды.
2-жүргізуші: Жүгір, жүгір, шынық,
Болар денең шымыр.
Кедергіден өтеміз,
Жүгіреміз, секіреміз.
Асуға біз жетеміз,
Қаптарға да түсеміз.
Күтіп алар алдымызда,
Суға толы қасық та.
Құяды оны шелекке,
Әрбір тамшы есепте!,-деп әр тамшы суды есепке алатын, әр қадамың жеңістің туын желбірететін жарысымыз «Шынықсаң, шымыр боласың!» кезеңіне келіп жеттік.
Көрермендермен жұмыс: «Менің алғашқы ұстазым» сұхбат алу.
1-жүргізуші: Сәннен де біз қалмаймыз,
Сәнді бұйым таңдаймыз.
Сәнінменен киініп,
Көркімізді сайлаймыз. Сән үлгісіне кезек беріп, сән бағасын береміз.
2-жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңмен бастау алар әр арман.
1-жүргізуші: Ұстаз мейірімі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Көп жасаңдар, өмірге шуақ болып,
Бас иеміз, ұлағатты ұстаздар!
1-2-жүргізушілер: «Ұстазым-бір өзіңе бас иіп өтеміз!» ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік кешіміз мәресіне жетіп, сіздермен қоштасамыз.
Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы
достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер!
Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады.Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз, егеменді ел.Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын
біріктіріп отырған мемлекет.Қазақстан біздің достық үйіміз, ал №4 орта
мектеп білім үйіміз.
Енді «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастайық. Бұл ойын 4 кезеңнен тұрады.
Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық:
1. Абилова А.Н.- оқу ісінің орынбасары.
2.Жұматаева Е.К.- қазақ тілі мұғалімі.
3.Бастемова А.Қ.- әдістеме бірлестігі бастығы.
Топтар өздерін таныстырады: І топ «Шырақ», ІІ топ «Тапқырлар».
Бірінші кезең «Сөз тапқанға».Қазір сендер әріптер аласыңдар.Әр топқа сұрақ қойылады.Сұрақтың жауабы қолдарыңдағы әріптен басталуы керек.Жауап шапшаң болуы тиіс.
І топ сұрақтары. Ө,Қ, Т.
1. Бүгін қандай күн?
2.Сен қайда тұрасың?
3.Жазда қайда болдың?
4.Нені жақсы көресің?
5.Сыныбыңда қанша оқушы бар?
6.Қай пән ұнайды?
7.Досың көп пе?
8.Сенің сүйікті ақының?
9.Немен саяхат жасайсың?
ІІ топ сұрақтары. Ә,Ғ, С.
1.Сенің калаң қандай?
2.Кім болғың келеді?
3.Нені ұнатасың?
4.Қандай құсты білесің?
5.Қандай фильм көрдің?
6.Жақсы көретін күнің?
7.Күз мезгілі ұнай ма?
8.Сенің сүйіп оқитын жазушың?
9.Саған қандай тағам ұнайды?
Екінші кезең «Білімпаздар» сөзі беріледі.Бұл сөзден1минутта бірнеше сөз құрау.
Үшінші кезең «Сен білесің бе?»Интербелсенді тақтада сандар жазылған торкөздердің астында сұрақтар жасырылған.Әр жауап 5 балмен есептеледі.
1. Қазақ тілтану ғылымының атасы кім?
2. «і» қандай дыбыс?
3.«Ұлан-байтақ» сөзінің синонимін тап.
1.Ғ.Айдаров қанша ғылыми еңбектер жазған?
2.«Отан» сөзінің синонимін тап.
3. «Ө»қандай дыбыс?
Төртінші кезең «Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.
І топқа берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық,
доп, сызғыш, гүл.
ІІ топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр, себет, үзіліс, қоян, сурет, пойыз,
сабақ, маймыл,қолшатыр.
Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.
Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта.
Сайыстың жоспары:
І бөлім: Жедел жауап.
ІІ бөлім: Тіл-өнер.
ІІІ бөлім: Бәрін білгім келеді.
ІV бөлім:Қызықты ұйқастар.
V бөлім: Өлең-сөздің патшасы.
Кіріспе сөз.
Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді. дүниені. өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл -халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
-Қайырлы күн құрметті көрермендер,қонақтар, сайыскерлер! Бүгінгі біздің «Жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар»атты сайысымыз гуманитарлық пәндер апталығы аясында өткізіліп отыр.Сайысымызға екі топ оқушы қатысып отыр.
І топ:«Білгірлер».
Ұраны:«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
ІІ топ:«Тапқырлар».
Ұраны:«Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге».
-Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!-демекші,әділқазыларды таныстырып өтейік
1.ӘБЖ -Бастемова А.Қ.
2. қазақ тілі мұғалімі: Альмағамбетова Г.С.
3.қазақ тілі мұғалімі: Нұрұмова Б.Б.
-Ал,қанеки, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.-дей келе қатысушыларға сәт сапар тілеймін.
«Білім деген- биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген-ақылшың
Қиындықтан өткізер»,-деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.
І бөлім. «Жедел жауап».
Шарты: бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншының жауап беруге мүмкіндігі болады.
Ітоп:
1.ҚР-астанасы қай қала?
2.Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым?
3.Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім?
4.Қазақтың атақты күрес шебері.
5.1маусым қандай мереке?
6.Отан соғысына қатысқан батыр қыздар кімдер?
7.Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма
8. 2012жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан женімпазы
9.ҚР-ның Әнұранының авторлары кімдер?
10.Абайдың шын аты кім?
ІІ топ:
1.ҚР-ның рәміздерін ата
2.Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады?
3.Қазір қай жыл?
4.Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?
5.Қазақтың үш биін ата.
6.ҚР-ның Тәуелсіздік күні.
7.Қазақстанның атақты суретшісі кім?«
8.6 шілде қандай мереке?
9.2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан жеңімпазы.
10.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?
ІІ бөлім. «Тіл- өнер»
І топ:
1.Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл).
2.Оқу-білім бұлағы, ...(білім-өмір шырағы).
3.Жүз сом ақшаң болғанша, ...(жүз досың болсын).
4.Білім таппай мақтанба, ...(өнер таппай баптанба).
5.Тіл- қылыштан ...(да өткір).
6.Отан ...(оттан да ыстық).
ІІ топ:
1.Шебердің қолы -ортақ, ...(шешеннің тілі- ортақ).
2.Отансыз адам-...(ормансыз бұлбұл).
3.Ер жігіт елі үшін туады, ...( елі үшін өледі).
4.Мектеп-кеме, ...(білім- теңіз).
5.Жақсы жолдас- жанға серік, ...(жаман жолдас-малға серік).
6.Өнер алды- ...(қызыл тіл).
ІІІ бөлім «Бәрін білгім келеді».
Пәндер айдары. 4пәннен 4сұрақтан барлығы 16 сұрақ әзірленген.Пәндерді таңдау- оқушының өз еркінде.
Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.
Қазақ тілі.
10… Фонетика нені зерттейді?
20.Қазақ тілінде неше септік бар?Қандай?
30.Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Оларды атап бер.
40.Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер.
Әдебиет.
10.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері
20.«Менің атым -Қожа «повесінің авторы кім?
30.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды…
Бұл өлең қалай аталады және оның авторы кім?
40.Қазақ тілі білімінің атасы,қазақ әліпбиінің негізін салушы,құрастырушы кім?
Математика
10.Төрті төртке қосып, төртке көбейткенде қанша болады?(32)
20. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең.(45)
30.Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді.Ол10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді?(15 секунд)
40.Әлияның жасы қазір10-да. Оның шешесі Динаның жасы Әлиядан 4 есе үлкен.Әлияның жасы қазіргіден екі есе үлкен болған кезде, Динаның жасы қаншаға толады?(50 жасқа)
География
10.Қазақстанда неше облыс орталығы бар?(14)
20.Жердің нақты үлгісі.(Глобус)
30.Көкжиектің неше тұсы бар?(төртеу)
40.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі.(Карта)
ІV бөлім Қызықты ұйқастар.
Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
Ітоп:
1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).
2.Число-сан, кровь- ...(қан).
3.Молоко-сут, жди-… (күт).
4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).
5.Таможня- кеден, пол-...(еден).
ІІ топ:
1.Возьми- ал, мед-…(бал).
2.Рыба- балық, народ-…(халық).
3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).
4.Город- қала, ребенок- …(бала).
5.Игра-ойын, шея-…(мойын).
V. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.
Әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.
Қорытынды.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шындарына.
Бүгінігі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.
Достарыңызбен бөлісу: |