Зертханалық жұмыс
Тақырып: Ультрадыбыстық жуушы (мойка). Ультрадыбыстық жуушы (мойка) техникалық
сипаттамасы. Техникалық қызмет көрсету және күту. Туындаған ақауларды жою
Мақсаты: Ультрадыбыстық жуушы (мойка)туындаған ақауларды жою
Керекті құрал-жабдықтар: бейнеролик, таратпалар, ультрадыбысты жуушы, технологиялық карта
Теориялық бөлім
Кіріспе
У льтрадыбыстық тазалау – бүгінгі күні терең тазалаудың ең заманауи әдісі болып табылады. Ультрадыбыстық генератордан шығатын жоғары жиілікті электрлік энергия пьезо-электрлік түрлендіргіштер жүйелерін қолдану арқылы механикалық энергияға айналады, содан кейін ваннаға түседі. Осы процестің нәтижесінде ультрадыбыстық құрылғының жұмыс кезінде пайда болатын қысымның айырмашылығына байланысты жарылғыш миилиондаған шағын ауа көпіршіктері пайда болады. Үлкен энергиямен зарядталған сұйықтық ағындары жасалады. Бұл сұйықтық ағындары тазартылған өнімдердің беттерінен, тіпті ойықтар мен тесіктерінен кір бөлшектерін жояды.
А
В
Д С
А. Ваннаны толтыру индекаторы-ваннаның ұсынылған ең жоғары толтыру деңейін көрсетеді. Ваннада тазартылатын заттар болса да, осы деңгейден асып кетпеуі қажет.
В. Корпус ыстық болғанда тасымалдауда арналған пластик тұтқа.
С.Резервуардан ағызуға арналған тұтқа
Д. Функцияның басқару тұтқасЫ
Тәжірибелік бөлім
Жұмыс барысы
Жұмыстың орындалу тәртібі
1.Резервуарды толтыру
2.Резервуарды толтырмас бұрын су төгетін тесікті жабыңыз
3. Қосар алдында резервуарды қажетті тазалау сұйықтығымен жеткілікті мөлшерде толтырыңыз. Резервуарды резервуар көлемінің 2/3 бөлігіне дейін оңтайлы толтыру.
4.Резервуардың максималды толтыру деңгейінің көрсеткіші тазартылатын заттар ваннада болған жағдайда ұсынылған толтыру деңгейін көрсетеді
5.Таңдалған ерітіндінің ультрадыбыстық тазалауға жарамды екеніне көз жеткізіңіз және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
6.Ультрадыбыстық ваннада жанғыш материалдарды қолдануға болмайды.
7.Термостатты қажетті күйге бұру арқылы тазартылатын температураны таңдаңыз.
8. Құрылғыны іске қосу үшін «қуат» түймесін басыңыз.
Зертханалық тазартуда қолдануға арналған жуғыш ерітінділер
Elma Clean 60 Тот баспайтын болаттан, шыныдан және пластиктен жасалған құралдарға арналған қышқыл негізіндегі тазартқыш. Коррозиялық тақтаны, қақты жояды
Достарыңызбен бөлісу: |