«Машина жасау және стандарттау» кафедрасы магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы



Дата15.09.2017
өлшемі216,35 Kb.
#33885
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Машина жасау және стандарттау» кафедрасы

МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
6М075000 – Метрология мамандығы бойынша

Павлодар




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті





Бекітемін

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры

___________ Өрсариев А.А.

20__ж. «___»____________




6М075000 – Метрология мамандығы бойынша


магистратураға қабылдау ЕМТИХАНының БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушылар_______ кафедра меңгерушісі, т.ғ.к, доцент Жунусов А.К.

Машина жасау және стандарттау кафедрасы


Машина жасау және стандарттау кафедрасының отырысында ұсынылған

20__ж. «____» ________ Хаттама № ____


кафедра меңгерушісі ______ Жунусов А.К. 20__ж. «____» ______
ММиК факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «____» ________ Хаттама № ____.


ОӘК төрайымы ___________ Тусупбекова М.Ж. 20__ж. «_____»___________


МАҚҰЛДАНДЫ:

ММиКФ факультет деканы ___________ Токтаганов Т.Т. «____» _________201__г.


1 Емтиханды өткізу мақсаты мен міндеттері
Магистратураға түсу үшін емтиханның қабылдау мақсаты – бұл үміткерлердің білім деңгейі мен оқуға деген құштарлықтарын анықтайды.

Емтиханды қабылдау міндеттері:



  • мамандықтың сұрақтары бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.


2 Емтиханды ұйымдастыру және өткізу әдісі
Емтиханды тапсыру ҚР БҒМ бекітілген күнімен және грифімен өткізіледі. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау кешенді емтихан (КЕ) және аралас түрде (компьютерлік тестілеу – жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу – питч) үш тілдің (қазақша, орысша, ағылшынша) бірінде бірнеше тілдік оқыту концепциясы бойынша қабылданады.

Емтиханды қабылдау кезеңі видеокамераға түсіріледі.

Емтиханды өткізу кезіндегі болжамды уақыты:

- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ – 1 сұраққа 1,5 минуттан);

- жазбаша емтихан – эссе (30 мин);

- питч – ауызша 2-3 мин, сұрақ-жауап 2 мин.

Компьютерлік тестілеуге магистратураға түсетін барлық үміткерлер кіреді, емтиханның екінші бөлімі оқыту траекториясы бойынша жоспарланған модульдік оқыту бағдарламасы бойынша жеке өткізіледі.

Оқытудың 2 траекториясы жоспарланған.




;№

Оқыту траекториясының атауы

Емтиханды қабылдау түрі

11

Зерттеу

Аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе))

12

Кәсіпкерлік(Start Up - магистратура)

Аралас (компьютерлік тестілеу + питч)

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша) түрдегі емтиханды қабылдау:



  • компьютерлік тестілеу – мамандық бойынша 30 сұрақ, кәсіби әрекетпен байланысты сұрақтар бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • жазбаша бөлімі – эссе, оқуға және ғылыми-зерттеу әрекетіндегі ынтасын анықтау.

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + питч) түрдегі емтиханды қабылдау:

Питч сұрақтарға жауап беру (презентациямен 3 мин баяндама және 2 мин комиссияның сұрақтарына жауап беру), метрологиялық өндірісті қамтамасыз ету және техникалық мүмкіншіліктері бойынша стартап-жобалар идеясын анықтау және оның коммерция тұрғысында іске асыру.


Қабылдау комиссиясының қызмет саласы мен құрамы. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау комиссиясы (ҚК) қабылдайды, ол университеттің ректорымен бекітіледі, қабылдау комиссиясының құрамына төраға және үш комиссия мүшелері, соның ішінде екеуі техника ғылымдарының докторы болуы қажет. Комиссия жұмысына факультет деканы, университеттің арнайы кафедрасы, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, әртүрлі ұйымдар өкілдері және комиссия хатшысы болады.

Комиссияның қызметтік саласына кіреді:



  • мамандықтың сұрақтарындағы үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.

Емтиханды жоғарыда жазылған қабылдау комиссиясы видеокөшірмесі бар арнайы компьютерлік аудиторияда немесе бекітілген аудиторияда өткізеді.

Емтиханды өткізу барысы:



  • үміткер емтиханға аталған күні, аудиторияға белгіленген уақытта келеді;

  • ҚК мүшелерінің рұқсатымен өзінің орнын алады (компьютердің орнын/жауап беттерін алады;

  • үміткер жауап бетінде өзінің атын, тегін, әкесінің атын, әрі қарай оқуға өзі таңдап алған оқыту траекториясын немесе мамандығын жазады;

Эссе үшін:

  • Үміткер 30 мин ішінде эссе жазады (жазған жауабы ұғымды болу керек, соның ішінде кесте, формула, схема және т.б. болуы мүмкін.), ал аралас емтихан түрінде питч түрінде баяндама жасауға дайындалады;

  • барлық жазған жауаптары 3-4 беттен аспау қажет;

  • үміткер жазған жауаптарының әрбір бетіне өзінің қолын қояды және де оны қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады.

  • емтиханның жазбаша бөлімінен кейін питч уақыт кестесі бойынша сол аудиторияда жүргізіледі. Питчті тапсыру түрі: үміткер 3 минут ішінде баяндама жасайды, содан кейінгі 2 минутта комиссияның қойған сұрақтарына жауап береді. Үміткердің питчті қорғауда және бағалауда, бір үміткер және комиссия мүшелері ғана отырады.


3 Білімді бағалау
ҚК мүшелері түсушілердің білімдері мен потенциалын балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағалайды.

Түсушілердің ҚЕ тапсырғандағы білімдерінің бағалау шешімін, комиссия мүшелерінің дауыс беру жүйесі арқылы жабық отырыс шешімімен қабылданады. Дауыстардың теңдей қорытындысында ҚК төрағасының дауысы негізгі болады. Комиссияның барлық отырыстары протоколдармен рәсімденеді. Протоколды шығарушы кафедраның оқытушылары арасында тағайындалатын ҚК хатшысы толтырады. Протоколда білім бағасы, ҚК ерекше ойлары және т.б. жазылады. ҚК нәтижелері университеттің ақпараттық стендылерінде емтихан тапсырған күні ілінеді.

Түсуші бағаларымен келіспеген жағдайда ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады.
4 Білімді бағалау критерийлері
Баға 100 балдық шкала бойынша анықталады. Қабылдау емтиханы бойынша қорытынды балдар кестеге сәйкес цифрлық эквивалентке, әріптік және қалыпты бағаға аударылып, емтихан ведомостыне жазылады.


Баллдық қорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлік эквиваленті

(Ц)


Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Қалыпты жүйедегі баға (Қ)

Емтихан, диф. зачет

Зачет

95-100

4

А

Өте жақсы

Қабылданды

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Қабылданбады


5 Эссе және оны жазу әдістемесі
Тапсырма (максимальды сөз саны - 300):

Магистратурада оқу барысында өзіңіздің ғылыми-зерттеу жұмысыңыздың бағытын қалай көресіз?

Эссе құрылымы А Қосымшасында келтірілген.



Эссе жазу әдістемесі

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Эссе бірнеше бөлімдерден тұрады:

- кіріспе, тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі көрсетіледі (жалпы текстің 10 %);

- негізгі бөлім, автор мәселе бойынша өзінің ойын білдіреді (жалпы текстің 80 %);

- Қорытынды, жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы (жалпы текстің 10 %).

Эссе автордың өз атынан жазылады. Тексты оқуды жеңілдету үшін мағыналы текстыны абзац арқылы бөліп, жаңа ойды жаңа жолдан бастайды.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.
6 Питч және оны жазу әдістемесі
Тапсырма:

Таңдап алған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз.

Питч құрылымы Б Қосымшасында келтірілген.



Питчты жазу әдістемесі

Питч (Питчинг, pitch, pitching)ойды сатып алушыны қызықтыру немесе қаржының бағытын өзіне қарай алу мақсатында сөзбен (кейде визуальды) немесе презентация арқылы көрсету, немесе сценарийды сату. Жақсы жасалған питч 5-10 сөйлеммен ғана берілуі керек (5 минуттан көп емес).

Питч 3 минутқа жасалған презентациясы бар баяндамадан тұруы керек және комиссия мүшелерінің метрологиялық қамтамасыз ету саласынан 2 минуттан тұратын сұрақ-жауабынан тұруы керек.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.

7 Емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі
Қабылдау емтиханы келесі пәндер бойынша өткізіледі: «Сапа менеджменті жүйелері», «Стандарттау», «Метрология».
8 Әрбір пән бойынша тақырыптар тізімі және әрбір тақырып бойынша сұрақтар тізімі

8.1 «Сапа менеджменті жүйелері»

1 тақырып. Кіріспе.

Сапаны басқару жолдарының даму тарихы және эволюциясы.

2 тақырып. Өнiм сапасын басқарудың даму кезеңдерi. Жүйелiк және үдерістік жолдарының пайда болуы.

Өнiм сапасын басқарудың үлгiлерi: Фейгенбаум, Эттингер-Ситтиг, Джуран. Демингтің сапаны басқару жүйесiнiң философиясы. Сапаны басқару тұжырымдамасы. TQM тұжырымдамасы.

3 тақырып. «Сапаны статистикалық бақылау», «сапаны кешендi бақылау», жүйелiк техника және сапаны басқару, АҚШ-тағы ғалымдардың жұмысы (Джуран, Деминг, Фейгенбаум); Джуранның 85/15 формуласы; Жапониядағы сапаны басқару (сапа үйірмелері, статистикалық әдістер, «кайзен», «кайрио», TQM). Халықаралық стандарттар тобы ИСО 9000, ИСО 14000, 19011. Сапа менеджменті жүйелері.

4 тақырып. Сапа менеджментi жүйесiнiң құжаттамасы.

ХС ИСО 9001-2008 «Сапа менеджменті жүйелері» стандартының талаптарына сәйкес СМЖ құжаттамасының құрылымы және иерархиясы.



  • сапа саласындағы саясат және мақсаттары туралы өтiнiш;

  • сапа бойынша нұсқау;

  • ХС ИСО 9001 талап ететін құжатталған процедуралар;

  • тиімді және нәтижелі жоспарлау, жұмыс және оның үдерістерін басқару үшін ұйымға қажетті құжаттар;

  • ХС ИСО 9001:2000 талап ететін жазулар.

Сапа бойынша нұсқау:

  • СМЖ қолдану саласы, нақтылылықтар және кез келген ерекшеліктердің негіздемелері кіреді;

  • СМЖ үшін әзірленген құжатталған процедуралар және оларға сілтемелер;

Қоршаған ортаның сапасы бойынша жетекшілік.

Келесіні қамтитын құжатталған процедура көмегімен ХС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкес құжаттаманы басқару:



  • құжаттарды шығаруға дейін барабарлыққа бекіту;

  • құжаттарды қажеттілік бойынша талдау және өзектеу және қайта бекіту.

Жазуларды басқару:

  • жұмыс күйінде сақтау;

  • ұқсастырудың нақтылығы, жеңілдігі, қалпына келтірушілігі;

  • жазуларды ұқсастыру, сақтау, қорғау, қалпына келтіру, сақтау мерзімдері және алу үшін қажетті, басқару құралдарын анықтау мақсатымен құжатталған процедураны әзірлеу;

5 тақырып. Жетекшіліктің жауапкерлігі.

Жетекшіліктің жауапкерлігі, олардың мазмұны және СМЖ-ның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін мағынасы бойынша талаптарды қамтамасыз ету.

Жетекшіліктің міндеттері.

ХС ИСО 9001:2000 талаптарын орындау. Жетекшілік міндеттерінде келесі талаптарды орындау:



  • ұйымның мәліметіне дейін тұтынушылар талаптарын, сонымен бірге заңдық және регламенттік талаптарды орындаудың маңыздылығын жеткізу;

  • сапа саласындағы саясатты әзірлеу;

  • сапа саласындағы мақсаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;

  • жетекшілік жағынан талдауды өткізу;

  • қажетті қорлармен қамтамасыз ету.

6 тақырып. Жетекшілік өкілі. Жоғары жетекшіліктің жетекшілік құрамынан өкілді таңдау міндеті, оған басқа міндеттерден басқа, СМЖ үрдістерін әзірлеу, енгізу және жұмыс күйінде сақтау бойынша жауапкершілік пен өкілеттіліктерді; жоғары жетекшілікке СМЖ қызмет етуі мен жақсартудың қажеттіліктерін туралы есептерді көрсету; бүкіл ұйым бойынша тұтынушылар талаптарын түсінуін тарату, СМЖ қатысты сұрақтар бойынша сыртқы жақтармен байланысты тоқтатпау міндеттері жүктеледі.

7 тақырып. Қорлар менеджменті. Қорлармен қамтамасыз ету. Ұйымның СМЖ енгізу мен жұмыс күйінде сақтау үшін, оның нәтижелілігін тұрақты жақсарту және тұтынушылардың талаптарын орындау арқылы олардың қанағаттануын жоғарлату үшін қорларды анықтау және қамтамасыз ету міндеті.

Адамдық қорлар. Жалпы ережелер. Алған білім, дайындық, ептіліктер мен дағдылар негізінде біліктілікке қойылатын талаптар.

8 тақырып. Тұтынушылардың талаптарын орындау бойынша ұйымның әрекеттері. Тұтынушылармен байланыс. Тұтынушылармен байланысты үдерістер. Өнімге қатысты талаптарды анықтау. Ұйымның тұтынушылармен орнатылған талаптарын анықтау бойынша міндеті, соның ішінде жеткізу және жеткізуден кейінші қызмет бойынша талаптар, тұтынушылармен орнатылмаған, бірақ пайдалану үшін қажетті талаптар, ұйыммен орнатылған кез келген қосымша талаптар.

9 тақырып. Сатып алулар. Сатып алу үдерістері. Ұйымның сатып алған өнімнің сатып алуларға орнатылған талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету. Жеткізуші мен сатып алынған өнімге қолданылатын басқарудың түрі мен дәрежесін анықтау. Ұйымның талаптарына сәйкес жеткізушілердің өнімді жеткізу қабілетінің негізінде ұйымның жеткізушілерді бағалау және таңдау міндеті.

10 тақырып. Өнімді өндіру үдерістері.

Өнімді өндіру үдерістерін жоспарлау. Ұйымның өнімді өндіру үдерістерін қамтамасыз етуге қажетті үдерістерді жоспарлау мен әзірлеу және оны СМЖ басқа үдерістеріне қойылатын талаптармен келістіру міндеті. Ұйымның қажет жағдайда келесіні орнату міндеті: сапа саласындағы мақсаттар және өнімге қойылатын талаптар; үдерістерді, құжаттарды әзірлеу, сонымен бірге өнімді қорлармен қамтамасыз ету қажеттілігі; өнімге, сонымен бірге өнімді қабылдау өлшемдеріне тән анықтау мен валидация, мониторинг, бақылау мен сынау бойынша қажетті қызмет; өнімнің өмір айналымының үдерістері және алынған өнім талаптарға жауап беретінін куәландыруды қамтамасыз ету үшін қажетті жазулар.

Сапа жоспары. СМЖ үдерістері (өнімді өндіру үдерістерін қоса) мен нақты өнім, жоба немесе келісім-шартқа қолдануға түсетін қорлар – сапа жоспарын анықтайтын құжат.

11 тақырып. Өлшеу, талдау және жақсарту. Жалпы ережелер. Іске асыруға келетін мониторинг пен өлшеулерді, мониторинг пен өлшеу үшін, СМЖ және өнімнің орнатылған талаптарға сәйкес келу куәліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті құрылғыларды орнату; мониторинг пен өлшеудің тәсілі мониторинг пен өлшеуге қойылатын талаптармен үйлесімді екенін растайтын үдерістерді әзірлеу; өнім мен СМЖ талаптарға сәйкес келуін көрсету; қолданылатын әдістерді, соның ішінде статистикалық әдісті, анықтау және оларды пайдалануды кеңейтумен СМЖ нәтижелілігін қайтадан жақсарту міндеті.

12 тақырып. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық жүйесіне қойылатын талаптар.

Жалпыжүйелік талаптар. Мемлекеттік заңдық құжаттары мен нормативті-құқылы актілердің талаптары.

Кәсіпорынды басқаруда жалпыжүйелік әдістер мен тәсілдердң пайдалану; нормативті-құқықты басқарудың ұйымдастырылуы; кәсіпорынның ұйымдастырушылық жүйесінің СМЖ талаптарына дайындығы; кәсіпорынның ұйымдастырушылық жүйесіне қойылатын талаптарды орындау; кәсіпорынды басқарудағы қазіргі уақыттағы әдістер мен тәсілдер; бақсару регламенттерін әзірлеу және қолдану.

Ұйымның ұйымдастырушылық жүйесін СМЖ енгізуге дайындау.

Кәсіпорынды басқарудағы стандарттау. СМЖ талаптарын орындау деңгейін бағалау.

13 тақырып. Ұйымды СМЖ енгізуге дайындау. Сапа менеджменті жүйесін енгізу. СМЖ енгізу ұйымдастыру. Сертификаттауға дайындық. Сапа аудиттерін өткізу. «Ішкі аудит» құжатталған процедура. Ішкі аудиттер (тексерулер).

СМЖ-нің келесі белгілерін анықтау мақсатында жоспарланған аралықтарда аудиттерді (тексерулерді) өткізудің талаптары: жоспарлық шаралар, ХС ИСО 9001:2000 талаптары және ұйыммен әзірленген сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес келеді; тиімді енгізілді және жұмыс күйінде сақталып отыр.

14 тақырып. СМЖ ақпараттық қолдау: CASE-технологиялар, DFD-технологиялар, CAD-технологиялар, ARIS-технологиялар.

15 тақырып. Сапа менеджменті жүйесінің жұмысын автоматтандыру. Консалтинг және консалтингті қызметтер.


8.2 «Стандарттау» пәні

1 тақырып. Кіріспе.

Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Стандарттаудың ғылым ретінде пайда болу тарихы. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі ережелері. ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңы, ҚР «Тұтынушылар құқықтары туралы» заңы. Стандарттау – сапаны басқарудың негізі.

2 тақырып. Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңы. Ереженің негізгі баптары. Стандарттау тұтынушылар құқықтарын қорғау қызметінде. ҚР «Тұтынушылар құқықтары туралы» заңы. Стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау. Стандарттау бойынша ақпараттық қамсыздандыру. Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстарды қаржыландыру.

3 тақырып. Жалпы техникалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік стандарттардың сала аралық кешендері.

Құрылымы мен тағайындалуы. Өнімді әзірлеу мен өндіріске жеткізудің стандарттауы. Стандарттаудың жіктелуі, техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты кодтау. Техникалық құжаттаманы стандарттау.

4 тақырып. Стандарттаудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Стандарттаудың әдістері.

Стандарттаудың әдістері. Стандарттау әдістерінің жіктелуі. Бірыңғайлау, агрегаттау және өзараауыстырымдылық. Ең қолайлы сандар жүйесі, параметрлік қатарлар. Стандарттау. Озық стандарттау.

5 тақырып. Сапа көрсеткіштерінің стандарттауы.

Сапа көрсеткіштері мен сапаның жоғарылауына әсер ететін факторлар. Шикізатты өнімдер, материалдар мен жартылай фабрикаттар сапа көрсеткіштерінің стандарттауы. Машина тетіктері мен жабдықтар сапа көрсеткіштерінің стандарттауы.

6 тақырып. Стандарттау – сапаны басқарудың негізі.

Бірінші принцип – тұтынушыға бағдарлау. Сәйкесті түрде ұйымдастырушылық, әдістемелік-техникалық қамтамасыз етілетін тұтынушыға стратегиялық бағдарлау бәсекелес нарықта әр ұйымға өте қажетті.

Екінші принцип – жетекшіліктің ролі. Осыған сәйкес жетекші жүйелік басқарудың барлық принциптерін жүзеге асыру үшін қажетті шарттарды құруы қажет.

8 тақырып. Стандарттаудың экономикалық тиімділігі.

Өнімнің өмірлік айналымының түрлі кезеңдеріндегі стандарттаудың экономикалық тиімділігінің негізгі көздері стандарттарды енгізудің экономикалық тиімділігі. Өнімді меңгеру мерзімдеріндегі стандарттаудың ролі.


8.3 «Метрология» пәні

1 тақырып. Кіріспе

Өлшеу бірлігінің халықаралық саудаэкономикалық және ғылыми-техникалық байланыстарда ролі және жетістіктерінің мәні. Метрологияның мәні мен мазмұны. Өлшеу, сынау мен бақылау туралы ұғым. Метрологиялық қызметтің құқықтық негіздері. Метрология бойынша заңдықты бұзғаны үшін жауапкерлік. Метрологиялық қызмет. Құрылым, міндеттер, құқықтар мен оларды мөлшерлеу. Өлшеу құралдарын тексеру, мөлшерлеу. Үлгі-нұсқалар мен стандартты үлгілер.

2 тақырып. Метрология туралы негізгі ұғымдар.

2.1 Метрология – өлшеулер туралы ғылым. Метрология – өлшеулер, олардың бірлігіне жету әдістері және қажетті дәлдік туралы ғылым. Өлшеулер адам өмірінде маңызды рольді ойнайды. Ғылымның дамуы өлшеулер саласындағы ілгерілікпен тығыз байланысты. Өлшеулер – таным тәсілдерінің бірі. Сондықтан көптеген ғылыми зерттеулер көлемдік арақатынастар мен оқылатын құбылыстардың заңдылықтарын орнатуға мүмкіндік ететін өлшеулермен қоса беріледі.

2.2 Метрологияның ұйымдастырушылық, ғылыми және әдістемелік негіздері.

2.3 Қазіргі уақыттағы метрологияның талаптары.

Қазіргі уақыттағы түсінудегі метрология – өлшеулер, олардың бірлігіне жету әдістері және қажетті дәлдік туралы ғылым. Метрологияның негізгі бағыттарына келесі жатады:



  • физикалық шамалар бірліктері мен олардың жүйелері;

  • өлшеулердің жалпы теориясы;

  • өлшеудің әдістері мен құралдары, өлшеу дәлдіктерін анықтаудың әдістері;

  • өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының біркелкілігін қамтамасыз етудің негіздері;

  • үлгі-нұсқалар мен үлгілік өлшеу құралдары, үлгі-нұсқалар мен үлгілік өлшеу құралдарынан жұмыс өлшеу құралдарына дейін бірліктер өлшемдерін беру әдістері.

3 тақырып. Метрологиялық қызметтің құқықтық негіздері.

3.1 Өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері, ҚР «Өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңының негізгі ережелері. Нормативті реттеуге қатысты метрологиялық қызметтің түрлері.

Метрология негізгі ережелері тұрақты заңдық актілермен бекітілуі қажет болатын қызмет саласына жатады. Заңның мақсаттары:


  • азаматтарды құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғау;

  • ғылыми-техникалық және экономикалық ілгерілікке жәрдемдесу;

  • халықаралық және фирмааралық байланыстардың дамуы үшін жағымды шарттарды құру;

  • ҚР мемлекеттік басқару органдарының заңдық және физикалық өкілдермен қатынастарын реттеу;

  • Қазақстандық өлшеу жүйесінің әлемдік тәжірибеге бейімделуі.

3.2 Метрология бойынша заңдылықты бұзғаны үшін жауапкерлік.

Өлшеулер бірлігі туралы заңмен метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғандардың заңдық жауапкершілігі ескерілген. Заңның 20 бабы бұзуларға жол бермеу және алдын алудың түрлі шараларын қарастырады. Заңның 25 бабы әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершіліктің мүмкіндігін қарастырады.

4 тақырып. Өлшеу туралы ұғым.

4.1 Өлшеулердің жіктелуі. Негізгі кезеңдері мен операциялар.

Өлшеу құралы (ӨҚ) – өлшеулер үшін арналған, мөлшерленген метрологиялық сипаттамалары бар және белгілі уақыт аралығында өлшемі өзгеріссіз (орнатылған қателіктің шектерінде) болып қабылданатын физикалық шаманың бірлігін жасайтын және сақтайтын техникалық құрал.

4.2 Өлшеу әдістері. Сынау мен бақылау, өлшеулердің шекті мүмкіндіктері.

Дәлдік классы – жіберілетін негізгі және қосымша қателіктерімен, сонымен бірге олардың көмегімен жүзеге асырылатын өлшеулердің нақтылығына әсер ететін басқа қасиеттердің қатарымен анықталатын, құралдардың жалпыланған сипаты. Дәлдік класстары метрологиялық сипаттамалар мен оларды мөлшерлеу тәсілдерін пайдаланумен жеке өлшеу құралдарына стандарттармен регламенттеледі.

5 тақырып. Өлшеу мен бақылау құралдары.

5.1 Өлшеу құралы туралы ұғым, жіктелуі. Элементарлы және кешенді өлшеу құралдары.

Өлшеу – объекттер арасындағы тәртіпті сақтайтын эмпирикалық жүйені сандық жүйеге келтіру. Өлшеудің классикалық тұжырымдамасы – объекттерге айнымалыларды мәндерін жазудың екі тәсілін ажырайды. Бірінші тәсіл деп аталады. Объект қасиетінің межелікке бейнеленуі шарттың бірліктерде жүзеге асырылады.

5.2 Өлшеу құралдарын үлгілеу және есептеу техникасын қолдану.

6 тақырып. Метрологиялық қызметтің құрылымы мен қызметтері.

6.1 Кәсіпорын, ұйым және мекеменің метрологиялық қызметінің құрылымы, міндеттері, құқықтары мен міндеттері.

Өлшеу құралдарының негізгі пайдалануы іске асырылатын өнеркәсіпті кәсіпорындарда өндірістің метрологиялық қамтамасыз етуін ұйымдастыруына негізгі жауапкершілік кәсіпорынның метрологиялық қызметіне (МҚ) жатқызылады. Кәсіпорынның метрологиялық қызметі негізінде қосады:



  • өлшеу күйін талдау;

  • өлшенетін шамалардың тиімді тізімдемесін орнату және сәйкесті дәлдікті өлшеу құралдарын (жұмыс және үлгі-нұсқалы) пайдалану;

  • өлшеу құралдарын тексеру мен мөлшерлеуді өткізу;

  • орнатылған дәлдік нормаларын қамтамасыз ету және т.б. үшін өлшеулерді орындаудың әдістемелерін әзірлеу;

7 тақырып. Өлшеу құралдарын тексеру.

7.1 Өлшеу құралдарын жөндеу және баптау.

Метрологиялық тізбектің барлық буындарында үлгі-нұсқалар немесе өлшеу құралының бастапқы үлгісінен жұмыс өлшеу құралдарына дейін бірліктер өлшемін анық беру белгілі тәртіпте орындалады.

7.2 Тексеру сұлбалары мен жабдықтар.

Тексеру сұлбасы – физикалық шама бірлігінің өлшемін мемлекеттік үлгі-нұсқадан немесе бастапқы үлгілі өлшеу құралынан жұмыс құралдарына берудің құралдар, әдістер және дәлдігін орнатылған ретте регламенттейтін бекітілген құжат.

9 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі


  1. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 17.07.2008 ж.

  2. «Сапа менеджменті жүйелері» пәні бойынша дәрістік кешені. − Иксан Ж.М., 2010 ж.

  3. ҚР СТ ИСО 9000:2008 Сапа менеджментінің жүйелері. Жалпы ережелері мен сөздік. − Астана, 2007.

  4. ҚР СТ ИСО 9001:200 Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар. − Астана, 2007.

  5. ҚР СТ ИСО 9004:2001 Сапа менеджментінің жүйелері. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар. − Астана, 2001.

  6. ҚР СТ ИСО 14001:2006 Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық. − Астана, 2006.

  7. Жанзаков М. М. Стандарттау:[Оқулық] / М. М. Жанзақов, К. А. Мырзабек. – Қызылорда : Тұмар, 2007. – 219 б.

  8. Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негiздерi және техникалық өлшеу. Сапа менеджментi / М. Самсаев [және т. б.]. – Алматы : Бастау, 2008. – 261 б.

  9. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Метрология, стандарт. Павлодар, 2007. – 300 б.

  10. Стандарттау, метрология және сертификаттау: оқулық / Т. Мендебаев, Е.С. Аскаров, Ә.Ө. Ермекбаева – Алматы; ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 368 с.

11. Стандарттау, метрология және сертификаттау негіздері. Қажғалиев Н.Ж., Жусин Б.Т., Захан С. Оқулық. – Астана : С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспаханасы, 2009. 196 б.

12. Жаңзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 бет.


Қосымша

  1. Никитин В.А., Филончева В.В. Управление качеством. 2005 − 127 с.

  2. Шубенкова Е.В. Тотальное управление качеством. − М. : Экз. 2005 − 256 с.

  3. Аристов О.В. Управление качеством. − М. : Инфра − М., 2004 − 240 с.

  4. Техникалық реттеу туралы: ҚР Заңы – Астана, 2004.

  5. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы: ҚР Заңы – Алматы, 2000.

  6. Аскаров Е.С. Стандартизация, метрология и сертификация. – Алматы: 2006. – 308 б.

  7. Стандартизация и сертификация в сфере услуг: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / А.В. Раков, В.И. Корольков и др.; Под ред. А.В. Ракова. – М.: Мастерство, 2002. – 208 с.

  8. Сергеев А.Г., Терегеря В.В. Стандартизация: Учебное пособие для студ. высших и средних спец. учебных заведений.- М.: Логос, 2002. – 240с.

  9. Сертификаттану: Оқулық / Сағадиев К., Смағулов А., Барағбаев Б., Қалиев Ё. – Алматы : РБК, 2000. – 211 б.

  10. Техникалық реттеу туралы: ҚР Заңы – Астана, 2004. 9 қарашадағы № 603 Қаулысы.

  11. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы: ҚР Заңы – Алматы, 2000.

А қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырмалар (максималды сөз саны - 300):

Магистратурада оқу барысында өзіңіздің болашақ ғылыми-зерттеулік әрекетінің бағытын қалай көре аласыз?


  1. Аты-жөні, тегі / Аты-жөні, тегінің кодтамасы

  2. Базалық білімі (мамандығы)

  3. Іс-әрекет бағыты бойынша ұсынылған тақырып

  4. Зерттеудің таңдалған тақырыбының өзектілігі

  5. Мақсаты мен міндеттері

  6. Өңделген деңгейі

  7. Жұмыстың ұсынылған жаңалығы

  8. Теориялық және практикалық мәнділігі

Б Қосымшасы

(Питча құрылымы)
Тапсырма:

Таңдаған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз
Питч құрылымы:

Не туралы айту керек:



  • Аты жөні (компанияның атауы мен логотипі);

  • Сіздің жобаңыз қандай мәселені шешеді;

  • Оның шешілуіне қандай сұраныс бар;

  • Нарық/бәсекелес

  • Сіздің шешіміңіз: негізгі технология (қысқаша);

  • Сіздің шешіміңіз: бәсекелестер алдындағы оң жақтарыңыз;

  • Бизнес-модель: ақшаны қалай табасыз;

  • Маркетинг және сатылым: нарыққа қалай шығасыз;

  • Негізгі көрсеткіштер: гиптезалар, болжамдар, жетістік метрикасы;

  • Команда: неліктен сіздер ғана бұл бизнесты әске асырасыз;

  • Ағымдағы статус (не істелді), жоспар-кесте (не және қашан жоспарланады)

  • Капитал бөлудегі қажеттіліктер (қанша және неге ақша керек ) / инвесторге ұсыныс (олар үшін қандай ұсыныс жасай аласыз)

  • Байланыстар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет