Болт саңылаумен қондырылған қосылыста сыртқы күш болтқа берілмейді. Сондықтан айнымалы күш түскен кезде де болтты тарту күші бойынша статикалық беріктікке есептейді. Айнымалы күштің әсерін қор коэффициентінің мәнін жоғарылатып алу арқылы есепке алады.
Саңылаусыз қондырылған болттар (3.17-сурет). Саңылаусыз қондырылған болт деп, таза орындалған, жазықтық пен болттың аралығында кеңістіксіз жасалған болттарды айтамыз.
Саңылаусыз қондырылған болттар әсер етуші күштерді өздерінің денесімен қабылдайды, сондықтан олар кесілуге есептеледі
, (3.16)
мұндағы - кесілетін беттің саны (3.17, а-суретте 2, 3.17, б-суретте 1).
Осы екі қондыруларды салыстырғанда, бірінші әдіспен қондыру арзан және ол көп дәлдікті қажет етпейді. Бірақ есептеу күші шамамен 7…10 есе артық болады.
Болт тартылған, ал бекітіліп тұрған бөлшектерге сыртқы күш түсірілген. Мысалы, сұйықтың немесе газдың қысымы түсірілген резервуардың қақпақшасын бекітетін болттар (3.18-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |