ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
Қосылыстардың түрлері және оларға қойылатын талаптар қандай
Бұрандалардың негізгі түрлері және қолданылуы.
Бекіту бөлшектерінің негізгі түрлері және өздігінен бұралудан сақтандырулар.
Винттің өстік күшімен гайкаға түсірілген момент қандай байланыста
Винт жұбының п.ә.к.-тін қалай көтереді
Саңылаумен қондырылған болттарды қалай есептейді
Саңылаусыз қондырылған болттарды қалай есептейді
Өс күші түсірілген болттарды қалай есептейді
Өс күші мен бұраушы момент әсер ететін винттерді қалай есептейді
Болт тартылған, ал бекітіліп тұпған бөлшектерге сыртқы күш түсірілгенде қалай есептейді
Сыртқы күш коэффициенті нің мәні неге байланысты
ӘДЕБИЕТТЕР
Серікбаев Д., Тәжібаев С. – Машина детальдары, Алматы, Мектеп, 1983, 59 – 74 беттер.
Тәжібаев С. Д. Қолданбалы механика, Алматы, білім, 1994, 308 – 319 беттер.
П.Г Гузенков. Детали машин, М.: Высш. Школа, 1982, 62- 91 беттер.
М.Н. Иванов. Детали машин, М.: Высш. Школа, 2000, 20-45 беттер.
№4-ЛЕКЦИЯ. КӨП БОЛТТАРМЕН ҚОСЫЛҒАН ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ЕСЕПТЕУ
4.1Көп болттармен қосылған қосылыстарды есептеу.
4.2Бұрандалы бөлшектердің материалдары мен мүмкіндік кернеулері.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.
Әдебиеттер.
№4-ЛЕКЦИЯ. КӨП БОЛТТАРМЕН ҚОСЫЛҒАН ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ЕСЕПТЕУ
4.1 Көп болттармен қосылған қосылыстарды есептеу
Көп болттармен қосылған қосылысты есептеу үшін алдымен сол болттардың қайсысына күштің көп түсетінін анықтау керек.
Ол үшін әр болтқа қанша күш түсетінін білу керек, ал ол төмендегі шарттарға байланысты есептеп шығарылады:
1 Түйіскен беттер қатты және деформацияланбайды деп есептейміз;
2 Түйіскен беттерде кемінде екі симметриялық өс бар, болттар сол өстермен салыстырғанда симметриялы күйде орналасқан;
3 Қосылыстың барлық болттары бірдей және бірдей күшпен тартылған.
Егер осындай шарттар орындалатын болса, болттар тобын үш жолмен есептеуге болады.
Бірдей әрекет күштері түйіскен беттердің жазықтығына перпендикуляр және оның ауырлық центрі арқылы өтеді. Мысалы, дөңгелек немесе төрт бұрышты қақпақшаны бекітетін болттар (4.1-сурет).
4.1-сурет
Қақпақшаны нығыздап, мұқият жабу үшін, оны бекітетін болттарды белгілі бір күшпен тартып қосу қажет. Мұндай қосылыстың болттарына күш бірдей түсірілген. Бұл жағдайда болтқа түсетін күш былай табылады:
,
мұндағы
- болттар саны.
Болттарды есептеу күшін (3.22) немесе (3.23) формулалары бойынша анықтайды.
Түйіскен беттердің жазықтығына ығыстырушы момент пен күш әсер етеді. Мысалы кронштейнді бекітетін болттар (4.2-сурет). Бұл әрекет күштерінің әсерінен ығыстырушы күш пен айналу моменті пайда болады.
Ығыстырушы күштен пайда болған болттарға әсер ететін күш:
. (4.1)
Достарыңызбен бөлісу: |