Массасы 10 кг дененің импульсі 40 кг · м/с болса, оның жылдамдығы қандай болады?
Массалары 400 г және 600 г екі дене бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келе жатып соқтығысып тоқтады. Егер бірінші дене 3 м/с жылдамдықпен қозғалған болса, екінші дененің жылдамдығы қандай болды?
Массалары бірдей m-ге тең екі автокөлік Жерге қатысты бірдей бағытта v және 3v жылдамдықпен қозғалады. Бірінші автокөлікпен байланысқан санақ жүйесіндегі екінші автокөліктің импульсін анықтаңыз.
Массасы M=1,5⋅107 кг кеме жағамен салыстырғанда v0=10 м/с жылдамдықпен жүзіп келе жатыр. Кеменің үстіндегі массасы m=1000 кг автокөлік кемемен салыстырғанда υ=10 м/с жылдамдықпен қозғалуда. Кемемен салыстырғандағы автокөліктің импульсін анықтаңыз.
8 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 50 кг хоккейші массасы 0,5 кг шайбаны хоккей таяғымен өз қозғалысының бағытына қарай ұрды. Соққыдан кейін шайба 100 м/с жылдамдықпен қозғалды. Хоккейшінің шайбаны соққаннан кейінгі жылдамдығы
Массасы 0,2 кг дене 1 м биіктіктен 8 м/с2 үдеумен түседі. Дене импульсінің өзгерісін анықтаңыз.
X: P1x=2 кг·м/с , P2x=2,5 кг·м/с, P2x=−0,5 кг·м/с;
Y: P1y=−1,5 кг·м/с, P2y=3 кг·м/с , P2y=−2,5 кг·м/с.
Массасы m шар υ жылдамдықпен қабырғаға α бұрышпен серпімді соғылды. Соғылу кезінде қабырғаға берілетін импульсті анықтаңыз.
6 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан салмағы 60 кг адам 3 м/с жылдамдықпен жүріп бара жатқан массасы 40 кг арбаны қуып жетіп, оған секіріп мінді. Арбаның адам мінгеннен кейінгі жылдамдығын анықтаңыз.
15 м/с жылдамдықпен ұшқан жарылғыш зат массалары 6 кг және 14 кг болатын екі жарықшаққа жарылды. Қозғалыс бағытымен қозғалатын үлкен жарықшақтың жылдамдығы 24 м/с-ға дейін артты. Кіші жарықшақтың жылдамдығы мен бағыты қандай?
Массасы 10 кг балға 1,25 м биіктіктен төске еркін құлап соғылады. Соққы күші – 5 кН. Соққының ұзақтығын табыңыз.
Жеңіл үрлемелі қайықтан аңшы оқ атады. Егер аңшының қайықпен бірге қосқандағы массасы 70 кг, оқтың массасы 35 г және оқтың бастапқы орташа жылдамдығы 350 м/с болса, онда оқ атылған сәтте қайық қандай жылдамдық алады? (Қарудың оқпаны ату кезінде көкжиекке 60° бұрыш жасайды)
900 км/сағ жылдамдықпен ұшып келе жатқан ұшаққа массасы 2 кг құс соғылды. Егер соққының ұзақтығы 0,001 с болса, онда құстың ұшаққа соғылу күші қандай?
Жылдамдығы 5 м/с балғамен шегені соғып кіргізу керек. Балғаның массасы – 0,8 кг. Егер соққының ұзақтығы 0,1 с болса, онда оның орташа күші қандай болады?