Математика №117. Күні: 04. 03. 2014ж. Тақырыбы: Қайталау Мақсаты



Дата19.05.2017
өлшемі114,51 Kb.
#16482
Математика № 117.

Күні:04.03.2014ж.

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: 1.Оқушылардың таңдау әдісімен екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу жөніндегі білімдерін тиянақтау.Математикалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру

2.Оқушыларға таңдау әдісімен екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу және оны түрлендіріп дұрыс есептеуге машықтандыра түсу.Көбейту және бөлу кестесі арқылы балалардың есте сақтау қабілетін, ойын дамыту.

3.Балаларды бір-біріне көмек бере білуге, адамгершілікке, мәдениеттілікке, сабақта үйренген білімін өмірде қолдана білуге, ширақ болуға тәрбиелеу .

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену,ой қозғау стратегиясы.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, кестелер,интер белсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдерме,балалар?

-Көңіл-күйлерін қалай?Бізде қазір қандай сабақ?

-Математика пәні

Балалар, математика пәнінен әсем әуен шырқайықшы?

«Менің Қазақстаным»

Алатау асыл әнім, Қаратау ғашық әнім,

Ұлытау асығамын, таулап келем саған.

Туған жер ән қанатым,Жетісу жер жанатым.

Сарыарқам танғалатын,тұлпар жүрек саған, саған.
Қайырмасы:

Сен жұлдызым жанған, сәлем, сәлем, арман Астана.

Сен айымдай дамған, сәлем, сәлем, арман Алматы.

Кең Сарыарқа, өлкемдей Жетісу, өлкем ән қанатым.

Беу армандай, сен туған жерім, жер жанатым.
-Балалар, бұл ән не туралы?

-Қалалар туралы

-Дұрыс айтасыңдар қалалар туралы екен.Олай болса бүгінгі сабақта біз қалаларға саяхат жасай отырып,өткен тақырыптарымызды қорытындылап,қайталайды екенбіз.Жай қалалар емес, бес арыстың туған жерлеріне саяхат жасайды екенбіз.Олай болса жолға шығайық Алматы қаласының әуежайына барайық. Ол үшін үй тапсырмасын тексеру керек екен.

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру:

4,7 217 бет



Ал,енді ұшаққа мініп орнымызды табайық. Ол үшін есімізге көбейту кестесін түсірейік

Тақтадағы слайд бойынша көбейту кестесі қайталанылады.

Билеттеріңді таратып алыңдар/дәптерлер тарату/

Ал,сақтаңдыру белдігін тағып ұшайық.
ІІІ .Білімін тексеру:

Қостанай қаласына қону үшін мына тапсырманы орындайық




  1. Өрнектердің мәндерін кему ретімен орналастырып. Сөзді оқы.

Т

а

л

а

н

т

т

ы

24∙5= 120

16 ∙5= 80

12∙ 3= 36

96:4= 24

51:3= 17

45:3= 15

48 :8= 6

32:16= 2

Талантты деген сөзді қалай түсінесіңдер

Қостанай қаласының таңбасы,ал өздерін Қостанай туралы не білесіңдер?

-Қостанай қаласы аса ірі темір әуе және автомобиль жолдар тораптарының бірі. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов осы қаланың тумасы.

Қостанайдың басқа қалаларына саяхат жасайықшы.

Ол үшін № 2 Орындауымыз керек

Келесі сандарды үш көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жаз: 720,45,600,56.

8 ∙ 9 ∙ 10 = 720 1 ∙ 5 ∙ 9 = 45 5 ∙ 8 ∙ 15 = 600 2 ∙ 4 ∙ 7 = 56

-Балалар, мына әсем гүлді қалаға қараңдаршы бұл қаладан естелік болсың бізге гүлдерін терейікші

№ 3. Өрнек терді жазып, олардың мәндерін тап.



  1. (62 + 28) : (45 : 9) = 90 : 5 = 18 3) 96 : 4 : (40 – 28) = 24 :12 = 2

  2. 32 ∙ 3 – 82 : 2 = 96 – 41 = 55 4) (76 – 12) : (2 4) = 64 : 8 = 8

-Балалар бұл қандай гүл, қай мезгілде өседі?

-Бәйшешек гүлі Ол көктемде өсіп шығады?

-Дұрыс айтасыңдар

Келесі қалаға ұшайық. Петропавл қаласы Бұл қалаға қону үшін жұптық жұмыс жасауымыз керек екен.Алғашқы 3 жұп тексеріп алайық.


1қатар 2қатар 3қатар

9*100+28*4=1012 78:6+560:8-8= 80 88:4+640:8-7=95

8*600:10+15*5=560 700-100*(78:26)= 400 4*200+26*5 =930

Жауаптарын тексеріп алайық

Петропавл қаласының таңбасы, ал сендер бұл қала туралы не білесіңдер?

-Солтүстік Қазақстан қаласы. 1752 жылы қаланған.Ірі өнеркәсіп орталығы. Мағжан Жұмабаев осы қаланың тумасы.

Жарайсыңдар, балалар.

Осы қаланың кітапханасына барайыкшы? Балалар, бұл қанадай дыбыс?Ұйықтап жатқан Дыбылмес қой.Дымбілмес есепті шығара алмай ұйықтап қалыпты, көмектесейік балалар?

.

Есеп шығару. № 6.



І кітапта – 180 бет – 20 беттен Шешуі: 19 – (180 : 20) 22 = 10 ∙ 22 = 220

ІІ кітап - ? бет - 22 беттен 19 күнде Жауабы: ІІ кітапта 220 бет.

7.

Лимон – 72 кг Ш: (72 + 64) : 8 = 136 : 8 = 17

Апельсин – 64 кг Ж: жемістер 8 жәшік болды.

8 кг - ? жәшік

№ 8.

Лимон – 40 кг , 6 –дан біріндей Шешуі: 40 +40 6 = 40 + 240 = 280



Апельсин - ?, ? Жауабы: барлық жеміс 280 кг.

Жарайсыңдар ,балалар, осындай үнемі қамқор болып жүріңдер.Осындай бірлігімізбен бірге келесі қаламыз Павлодарға аттанайық. Бұл қалаға қону үшін логикалық есепті шығарайық

-Бұл қала туралы не білесіңдер?

Павлодар-Қазақстанның Солтүстік шығысында орналасқан қала.Ірі жол тораптарының бірі.Бұл қаланың тумасы Жүсіпбек Аймауытов

Дұрыс айтасыңдар, балалар,бұл қаланың алаңына барып көрейікші

Балалар оқушылар жаттығу жасап жатыр екен қане бізде жаттығу жасайықшы




Осы қалпымызбен қанат қағып, Семей қаласына қонайық.Рұқсат бермей жатыр,ол үшін № 9 орындауымыз керек екен.

Тік төртбұрыштың ауданы 24 см2, ұзындығы 6 см. Тік төртбұрыштың периметрін тап.

24 : 6 = 4(ені 4 см) Р = (6 + 4) 2 = 10 2 = 20 (см)

-Семей туралы не білесіңдер?



Семей өңірінің тумасы Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ү.Бекіту:Дұрыс ,балалар,ал,енді бүгінгі сабағымызды қорытып Алматы қаласына қайтайық.Сәйкестендіру тесін орындау


ҮІ: Үйге тапсырма:Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебімізге қайту үшін үй тапсырмасын күнделікке жазайық.

Бағалау


Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп

Математика пәні

«Қайталау»

Ашық сабақ



3 «А» сынып жетекшісі: А.К.Тампанова

2013-2014 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет