Математика 5-сынып



бет16/21
Дата11.02.2020
өлшемі281,19 Kb.
#57668
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
календарный



Геометрия

11- сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)



Тақырыптың атауы

Сағат саны

Өтетін күндері

Ескерту




I тоқсан

9 сағ







10-сынып геометрия курсын қайталау

2 сағ









Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы

1









Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш, екіжақты бұрыш.

1







Көпжақтар

9 сағ.









Көпжақтар туралы түсінік.Призма, оның элементтері,тік жəне дұрыс призмалар.

1









Параллелепипед: тік, тікбұрышты, куб.

1









Пирамида, оның элементтері.Дұрыс пирамида, пирамиданың жазбасы, қиық пирамида. Призмалар мен пирамидалардың жазықтықпен кейбір қималары.

1









Пирамида, оның элементтері.Дұрыс пирамида, пирамиданың жазбасы, қиық пирамида. Призмалар мен пирамидалардың жазықтықпен кейбір қималары.

1









Дұрыс көпжақтар.Бізді қоршаған əлемдегі көпжақтар.

1









Көпжақтардың бүйір жəне толық беттерінің аудандары.

1









Көпжақтардың бүйір жəне толық беттерінің аудандары.

1







II тоқсан

7 сағ









Көпжақтардың бүйір жəне толық беттерінің аудандары.

1









Бақылау жұмысы №1. «Көпжақтар »

1







Айналу денелері


10сағ









Айналу фигуралары.Тік дөңгелек цилиндр, оның элементтері.Цилиндрдің осьтік қималары, цилиндрдің жазбасы. Цилиндрдің бүйір жəне толық беттерінің аудандары.

1









Тік дөңгелек цилиндр, оның элементтері.Цилиндрдің осьтік қималары, цилиндрдің жазбасы. Цилиндрдің бүйір жəне толық беттерінің аудандары.












Тік дөңгелек конус, оның элементтері.Конустың осьтік қимасы.Конустың табанына параллель жазықтықпен қимасы.Конустың жазбасы.Конустың бүйір жəне толық беттерінің аудандары.

1









Тік дөңгелек конус, оның элементтері.Конустың осьтік қимасы.Конустың табанына параллель жазықтықпен қимасы.Конустың жазбасы.Конустың бүйір жəне толық беттерінің аудандары.

1









Қиық конус.

1







III тоқсан

10 сағ









Сфера жəне шар.Шардың қимасы.Сфераға жанама жазықтық, оның қасиеттері

1









Сфера жəне шар.Шардың қимасы.Сфераға жанама жазықтық, оның қасиеттері

1









Шарға іштей жəне сырттай сызылған призмалар мен пирамидалар

1









Цилиндрдің, конустың бетінің ауданын табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.

1









Бақылау жұмысы №2«Айналу денелері »

1







Денелердің көлемдері

9 сағ









Денелердің көлемдерінің жалпы қасиеттері.Кубтың жəне тікбұрышты параллелепипедтің көлемі

1









Призманың жəне пирамиданың көлемдері.

1









Призманың жəне пирамиданың көлемдері.












Цилиндрдің, конустың жəне қиық конустың көлемдері.

1









Цилиндрдің, конустың жəне қиық конустың көлемдерін есептеу

1







IV тоқсан

8 сағ









Шардың көлемі жəне сфераның ауданы.

1









Шардың көлемі жəне сфераның ауданы.












Кеңістіктік денелердің көлемдерін табуға арналған практикалық мазмұнды есептер.

1









Бақылау жұмысы №3 «Денелердің көлемдері ».

1







«Қайталау. Есептер шығару

4 сағ.









Көпжақтар. Көпжақтардың бүйір жəне толық беттерінің аудандарын есептеу

1









Айналу денелері. Цилиндр мен конустың бүйір жəне толық беттерінің аудандарын есептеу

1









Денелердің көлемдері.Денелердің көлемдерін табуға есептер шығару

1









Денелердің көлемдері.Денелердің көлемдерін табуға есептер шығару

1






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

Жалпы орта білім беру деңгейінің

«Математика жəне информатика» білім саласы пəндерінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(қоғамдық-гуманитарлық жəне жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптар)

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2013 жылы 10 сəуірде № 8424 тіркелген.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық жəне жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған «Математика жəне информатика» білім саласы пəндерінің оқу бағдарламалары. – Астана, 2013. – 62 б

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013
«Алгебра жəне анализ бастамалары» пəнінен оқу бағдарламасы

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген.

2. Алгебра жəне анализ бастамалары пəні бойынша бағдарламаны жүзеге асыру математикалық оқу қызметіне оқушыларды қатыстыруға, олардың математикалық материалды түсінуіне жəне ой-өрісін дамытуға, талдау жəне дəлелдеу жүргізуде біліктігі мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстардың белсенді түрлерін көбейтуді көздейді. Сонымен қатар математиканы оқытудың бір құрамдас бөлігі ретінде визуальды оқытуды күшейту мақсатында ақпараттық технологияларды қолдануға көңіл бөлінеді.

3. Оқыту мақсаты: жалпыадами жəне ұлттық негізде тұлғаның жалпы интеллектуалдық қасиеттерін дамытудың қажетті деңгейіне жетуіне, логикалық, абстрактты жəне ықтималдық ойлауды қалыптастыруға, əрі қарай оқытудың практикалық негізін құруға бағытталған алгебра жəне анализ бастамаларының базистік негізін сапалы игеруін қамтамасыз ету.

4. Оқытудың міндеттері:

1) қоғамдық өмірде маңызды рөл атқаратын жалпыадамзаттық мəдениеттің бөлігі ретінде математикаға деген қатынасын тəрбиелеу; математиканың қолданылуы бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту;

2) ақиқат болмысты тану əдісі мен суреттеу формасы, құбылыстар мен процестерді модельдеу құралы ретінде математика туралы, процестерді ғылыми түсіндіруде математикалық модельдің рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру;

3) қазіргі қоғамда жəне математикалық қызметке тəн əр адамға қажетті ойлаудың сапасын (нақты жəне дəл өз ойын айта білу біліктігін, алгоритмдік мəдениетті болуын, сын тұрғыдан жəне логикалық ойлауын, интуициясын, қиындықтарды жеңе білу қабілетін) қалыптастыру;

4) математикалық білім жүйесін меңгеру; практикалық қызметте, сабақтас пəндерді игеру жəне білімді əрі қарай жалғастыруда қажетті алгебралық есептеу біліктігін дамыту;

5) математиканың негізгі объектісі болатын функцияны алгебра жəне математикалық анализ құралдары арқылы жүйелі игеру; функциямен байланысты математиканың жалпы əдістерінің қолданбалы мағынасын ашу;

6) комбинаторлық жəне ықтималдық ойлауын дамыту;

7) сөздік қорын математикалық терминологиялармен толықтыру арқылы сөйлеу біліктігін жетілдіру.

5. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пəнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.

6. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныптың алгебра жəне анализ бастамалары пəнінің базалық мазмұны «Функция, оның қасиеттері жəне графигі», «Тригонометриялық функциялар», «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер», «Туынды», «Туындыны қолдану», «Комбинаторика жəне Ньютон биномы» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 7-9-сыныптардағы алгебра курсын жəне соңында 10-сыныптағы алгебра жəне анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.

7. 10-сыныпта оқытудың міндеттері:

1)тригонометриялық өрнектерді түрлендіру біліктігін пысықтау;

2)функция графиктерін салу, графигі бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графиктерін түрлендіру біліктігін жетілдіру;

3)сызықтық жəне сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін пысықтау;

4)күрделі функция, тригонометриялық функциялар, тригонометриялық теңдеулер, тригонометриялық теңсіздіктер, туынды, нүктедегі функцияның шегі, нүктедегі функцияның үзіліссіздігі, дифференциал, кризистік нүкте ұғымдарын қалыптастыру;

5) тригонометриялық функциялармен, кері тригонометриялық функциялар жəне олардың қасиеттері жəне графиктерімен таныстыру;

6) тригонометриялық функциялардың қасиеттерін, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару тəсілдерін, туындыны игеру;

7) тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін шығару; элементар функциялардың, күрделі функцияның жəне тригонометриялық функциялардың туындысын табу біліктігін қалыптастыру;

8) практикалық есептерді шығару барысында туындыны қолдану; теңдеулер, теңсіздіктер жəне олардың жүйелерін шығаруда тригонометриялық функциялардың графиктерін қолдану біліктігін қалыптастыру;

9) комбинаторика элементтерімен таныстыру.

8. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныптың алгебра жəне анализ бастамалары пəнінің базалық мазмұны «Алғашқы функция жəне интеграл», «Дəреже жəне түбір. Дəрежелік функция», «Көрсеткіштік жəне логарифмдік функциялар», «Көрсеткіштік жəне логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер», «Ықтималдық» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 10-сыныптағы алгебра жəне анализ бастамалары курсын жəне соңында 10-11-сыныптардағы алгебра жəне анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.

9. 11-сыныпта оқытудың міндеттері:

1)тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару, туындыны табу, практикалық есептерде туындыны қолдану біліктігін пысықтау;

2)функциялар графиктерін салу, график бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графигін түрлендіру біліктігін жетілдіру;

3)алғашқы функция, интеграл, п-ші дəрежелі түбір, рационал көрсеткішті дəреже, логарифм ұғымдарын қалыптастыру;

4)геометриялық жəне физикалық есептерді шығаруда анықталған интегралды қолдану біліктігін қалыптастыру;

5)құрамында п-ші дəрежелі түбір, рационал көрсеткішті дəреже, логарифмы бар өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау біліктігін қалыптастыру;

6)иррационал теңдеулер жəне олардың жүйелерін, көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін шығару біліктігін қалыптастыру;

7)теңдеулер мен теңсіздіктерді, оның ішінде айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін тиянақтау;

8)теңдеулер, теңсіздіктер жəне олардың жүйелерін шығаруда функциялардың графиктерін қолдану, алгебра жəне анализ бастамалары курсының əртүрлі тарауларынан есептер шығаруда алгебралық түрлендірулер, теңдеулер мен теңсіздіктер аппараттарын қолдану біліктігін жетілдіру;

9)ықтималдықтар теориясының есептерін шығаруда комбинаторика мен Ньютон биномын қолдану, дискретті кездейсоқ оқиғаны жəне оның таралу заңдылығын, кездейсоқ оқиғаның сандық сипаттамаларын табу біліктігін қалыптастыру.

10. Қоғамдық-гуманитарлық бағытағы «Алгебра жəне анализ бастамалары» пəні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1)10- сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ;

2)11- сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ.

11. Алгебра жəне анализ бастамалары пəнін оқыту процесінде пəнаралық байланыс:

1)«Қазақ тілі» пəнімен алгебралық терминологиялармен сөздік қорын байыту, теоремаларды дəлелдеу, қорытындыларды тұжырымдау барысында сөйлеу қабілетін дамыту;

2)«Геометрия» пəнімен функция графигін түрлендіруді игеру барысында жазықтықтың қозғалыстары туралы білімдерін (параллель көшіруді, центрлік жəне осьтік симметрияларды қолдану, тікбұрышты үшбұрышқа арналған синус, косинус, тангенс жəне котангенстің анықтамаларын қолдану, мəтінді жəне практикалық есептерді шығару барысында көпбұрыш, дөңгелек пен оның бөліктерінің, көпжақ пен айналу денелері беттерінің аудандары мен көлемдерінің формулаларын қолдану, қолданбалы есептерде геометриялық фигуралардың элементтері арасындағы функционалдық тəуелділікті орнату барысында осы фигуралардың қасиеттері туралы білімдеріне сүйену;

3)«Физика» пəнімен тригонометриялық функцияларды игеру кезінде электромагниттік жəне механикалық тербелістер туралы білімдеріне,

индукцияның электр қозғаушы күшінің қасиеттеріне сүйену, көрсеткішті функцияны игеру барысында радийдің ыдырауы туралы біліміне сүйену, мəтінді есептерді шығару кезінде шамалардың физикалық мағынасын негізге алу;

4)«Химия» пəнімен мəтінді есептерді шығару барысында қоспалар, ертінділер, концентрациялар жəне т.с.с. туралы білімдерін қолдану;

5)«Информатика» пəнімен компьютермен жұмыс атқару, яғни электронды кестелердің көмегімен «Функцияның ең үлкен жəне ең кіші мəндері» тақырыбына есептер шығару; электрондық кестелерді қолданып теңдеулер шығару; формуланы теру мен ол бойынша есептеулер жүргізу; функция графиктерін салуда графикалық нысаның параметрлерін реттеу дағдыларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет