Математика əдістемелік нұсқау



бет1/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   327
Байланысты:
docx1559971764


Ə. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М.Ж. Мыңжасарова, Т.В.Лихобабенко

МАТЕМАТИКА




Əдістемелік нұсқау

Жалпы білім беретін мектептің

2-сынып мұғалімдеріне арналған əдістемелік нұсқау

Қазақстан Республикасының

Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған

Алматыкітап баспасы

2017

ƏОЖ 373 (072)

КБЖ 74.262.21

А 37

Ақпаева Ə. Б., т.б.

А 37 Математика. Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған əдістемелік нұсқау./Ақпаева Ə. Б., Лебедева Л. А., Мыңжасарова М.Ж., ЛихобабенкоТ.В.

– Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 306 бет.

ISBN 978-601-01-3104-0

ƏОЖ 373 (072)

КБЖ 74.262.21

ISBN 978-601-01-3104-0

© Ақпаева Ə. Б., Лебедева Л. А.,

Мыңжасарова М.Ж., ЛихобабенкоТ.В., 2017

© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017

Алғы сөз

Құрметті əріптестер!

Сіздер ҚР білімінің мазмұнын жаңарту шеңберінде оқулықтар мен бағдарламаларды сынау жөніндегі жұмысты(жаңартылған МЖБС жəне бастапқы оқыту бағдарламасы бойынша) жалғастырып жатырсыздар.

Жаңа білім беру стандарты мен бағдарлама математиканы қоршаған ортаны түсіну жəне зерттеу тəсілі ретінде қабылдауды дамытады. Осындай көзқарас математиканы үйрету емес, математика арқылы оқыту идеясын іске асырады, яғни оқушыға дүниені математикалық білім, біліктер жəне іс-қимыл тəсілдері арқылы тануға мүмкіндік береді.

Осындай көзқарас оқушының математикалық білім алуға,жаңа түпнұсқалық шешімдерді іздеуге қызығушылығын дамытады.

Бағдарлама когнитивтік дағдыларды (түсіну, түсіндіру, талдау, синтез, жіктеу, қолдану жəне көрсету); коммуникативтік жəне əлеуметтік дағдыларды; сондай-ақ өзін-өзі басқару жəне өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуды көздейді.

Сонымен қатар бағдарлама тұлғалық қасиеттерді (білімпаздық, мақсатқа ұмтылу, жауапкершілік жəне т.б.) дамытады.

Қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін үйрету арқылы, оның ішінде математиканы оқыту кезінде үштілділік саясатын іске асыру жаңа стандарттар мен бағдарламалардың ерекшелігі болып табылады.

2-сыныпқа арналған «Математика» ОƏК ерекшеліктеріне тоқталамыз. ОƏК-нің құрамы: o Оқулық (4 бөлім). o Жұмыс дəптері (4 бөлім). o Мұғалімге арналған əдістемелік нұсқау.

o Құрамында жаттығу, жиналмалы полотно, сабақтарға арналған тұсаукесер материалдары, ойын-тұсаукесерлер, үлестірмелі материалдары баркомпакт-диск.



Оқулық сабақтар бойынша құрылған. Оның пішіні мен безендірілуі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сəйкес келеді.

Тақырыптардың əрқайсысын зерделеудің алдында мақсаттар картасы берілген. Ол мұғалімге, оқушыға жəне ата-анаға тақырыпты меңгерудің негізгі міндеттері мен нəтижесін түсінуге, формативтік бағалауды жүргізуге жəне жиынтық бағалауға дайындалуға мүмкіндік береді.

Жаңа бағдарламаларға сəйкес оқулықта математикалық тақырыптардың ғана емес, лексикалық тақырыптардың да (олардың барлығы 2-сыныпта барлық оқу пəндерін зерделеу кезінде толассыз болып табылады) бар екені анық көрінеді. Лексикалық бөлімдердің тақырыптары тиісті түстермен бөлектенген. Лексикалық тақырыптардың болуы мұғалімге сабақты бір тақырыппен біріктіруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа лексикалық тақырып қоршаған орта заттары мен құбылыстарын математика арқылы зерттеуге ықпал етеді, бұл материал өмір мен пəнаралық байланысты іске асырады.

Оқулықтың əр сабағы бір айқармада орналасқан. Айқарманың бірінші бетіндегі тапсырма сабақтың лексикалық тақырыбын көрсетеді, оның иллюстрациясы бар. 1-тапсырма сабаққа уəждеме туғызуға, жаңа материалды өзектендіруге жəне ашуға бағытталған. 2-сыныпта біз оқулық кейіпкерлерін (ұл мен қыз. Оларға Əлия жəне Сырым деген шартты есімдер берілді) сақтап қалдық. Жас шамасы бойынша олар 2-сынып оқушыларының құрдастары. Олар көптеген тапсырмаларды сүйемелдейді, сабақта əртүрлі ойын жəне проблемалық жағдаяттарды туғызуға мүмкіндік береді. Оқулықтың қалған тапсырмалары əрекеттік əдіс технологиясын қолдап, жаңаны бекіту мен білім жүйесіне енгізуге байланысты.

Оқулықтың бағдарлану аппараты қолайлы жəне түсінікті. Талқылауға арналған тапсырмалар, дəптерде орындауға арналған тапсырмалар белгілермен белгіленген. Уақытқа орындауға арналған тапсырмалар, есептерді шығарудың əртүрлі тəсілдерін қолдануға арналған тапсырмалар бар. Сонымен қатар оқулыққа осы жаттығумен жұмысты ұйымдастырудың – жұптық немесе топтық нысанына арналған ұсыныс белгілері енгізілген. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың коммуникациясын ұйымдастыруға зор көңіл бөлінді.

Сонымен қатар практикалық жұмысты белгілеуге арналған жаңа шартты белгінің енгізілгенін атап өтпекпіз. Іс-қимыл алгоритмдерін орындаудың практикалық негіздерін ұйымдастыру, сан үлгісін, арифметикалық амалдардың мəнісі мен олардың қасиеттерін «ашу» жəне басқа да бағдарламалық мəселелерді меңгеру үшін тапсырмаларды орындаған кезде қосалқы материалдарды, оқушылардың қозғалыс белсенділігін, сондай-ақ кабинетінде тиісті жабдығы барлары үшін жасалған жиналмалы полотно мен тренажерді пайдалануды ұсынамыз.

Əр сабақта оқушыларға арналған шағын зерттеулер бар, олардың ең көрнектілерін біз «лупа» белгісімен белгіледік. Алдымен оқушылар проблемаға кезігеді, одан кейін жаңа білімді ашады.

Сонымен бірге біз мұғалімге оқушылардың іс-əрекетін сабақ картасының көмегімен ұйымдастыруды ұсынамыз.

Сабақ картасы–оқушының жаңа материалды меңгеру немесе оны бекіту жөніндегі əрекетін ұйымдастыру тұрғысынан тапсырмалардың мағынасын айқындауға көмектесетін белгілер. Бұл белгілер бұрын 2012–2015 жылдары шығарылған 11 жылдық мектепке арналған ОƏК-де сəтті қолданылған болатын.

Бұл белгілер ақпараттық артық жүктемеге жол бермеу үшін оқулыққа енгізілмеді. Бұдан басқа кезеңдердің бір бөлігі жұмыс дəптерінде орындалады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет