(Ұ) «Бөлінеді – бөлінбейді» ойынын жүргізіңіз (оқушылар + немесе - таңбаларымен пікірдің ақиқаттығын немесе жалғандығын белгілейтін математикалық диктант).
Пікірлер мысалдары:
40 саны 10-ға қалдықсыз бөлінеді (+);
3 800 саны 100-ге қалдықпен бөлінеді (-).
|
ні. Қалдығын табамыз:
256 – 200 = 56
Қалдық 56. Қалдық бөлгіштен аз. Тексереміз. Толымсыз бөліндінің мәнін бөлгішке бөлеміз.
2 100 = 200
56 қалдықты қосамыз
200 + 56 = 256
Оны бөлінгішпен салыстырамыз: 256 = 256
Олар сәйкес келеді. Яғни, бөлу дұрыс орындалды.
1000-ға қалдықпен бөлу соған ұқсас. Оқушылардың назарын 10-ға бөлген кезде біз санда қанша ондық бар екенін білетінімізге аударыңыз. 100-ге бөлген кезде біз санда қанша жүз бар екенін білеміз. 1000-ға бөлген кезде біз санда қанша мың бар екенін білеміз.
Есте сақтаңыз!
Қалдықпен бөлу кезінде бөлінгіш бөлгіштен аз болса, онда олардың толымсыз бөліндісі нөлге тең болады, ал қалдық бөлінгішке тең болады.
6 : 10 = 0 (қал 6)
38 : 100 = 38 (қал 6)
|