Оқушылар:
есептеудің тиімді әдістерін қолдану
натуралды сандарды 2, 5, 10, 100, 1000-ға бөлінгіштік белгілерінің негізінде жіктеу
10, 100, 1000-ға қалдықсыз және қалдықпен бөлу
сандарды бір таңбалы санға ауызша көбейту мен бөлу
көптаңбалы сандарды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу
жиындар арасындағы қатынас сипатын анықтау
| |
Талқылауға арналған сұрақтар:
Есептеудің рационал тәсілдері дегеніміз не?
Неліктен кейбір 5-ке бөлінетін сандар 2-ге бөлінеді?
Неліктен кейбір 5-ке бөлінетін сандар 2-ге бөлінбейді?
10-ға бөлінетін сандар жұп деп айтуға бола ма? Неліктен?
Неліктен бөлу кезінде қалдық бөлгіштен кем?
Егер қалдық нөлге тең болса, онда бұл сан … бөлінеді
Жазбаша тапсырма:
Ауызша есептеу не үшін қажет? Оны қайда қолдануға болады? Бос жиындардың мысалдарын жазыңыз.
Шексіз жиындардың мысалдарын жазыңыз.
|