Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары IV тоқсан Сабақ нөмірі: 1 Сабақтың тақырыбы



Дата06.04.2020
өлшемі46,36 Kb.
#61656
Байланысты:
1 сабақ 06.04.20ж

Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақ нөмірі: 1

Сабақтың тақырыбы: Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, өзгеру құлашы. Бірнеше санның арифметикалық ортасы.

Мақсаты:

  • Статистика және статистикалық сипаттамалар туралы түсінік алу;

  • бірнеше санның арифметикалық ортасының анықтамасын білу;

  • сандардың арифметикалық ортасын табу ережесін есептер шығаруда қолдануды үйрену


Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме

а) Статистика - қоғам мен шаруашылық салаларының дамуындағы өзгерістер туралы мәліметтерді жинақтау, зерттеу және жариялаумен айналысатын ғылым; сандық есептеулер әдісі.



СТАТИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР





Арифметикалық

орта

белгіленуі



Өзгеру құлашы

белгіленуі

R



Мода

белгіленуіМо



Медиана

белгіленуі

Ме



b) Бірнеше санның арифметикалық ортасы () деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.

=

1-мысал.

Таңертең температура 10 градус болды, күндіз 18 градусқа дейін көтерілді, кешке қарай 9 градусқа түсті, түнде 3 градусты көрсетті. Тәулік бойғы орташа температураны тап.



Шешуі:

Алдымен тәуліктегі температуралардың жалпы қосындысын табамыз:

10+18+9+3 = 40

Сосын алынған қосындыны қосылғыштар санына бөлеміз:

40 : 4 = 10

Яғни, (10+18+9+3) : 4 = 10

немесе = = 10

Жауабы: 10 градус

2-мысал.

Дүкенде килограмы 250 теңгеден 7 килограмм алма және килограмы 325 теңгеден 5 килограмм алмұрт сатылды. Жемістердің 1 килограмының орташа бағасы қандай?



Шешуі.

(2507 + 3255) : 12 = (1750 + 1625) : 12 = 281,25(тг)



Жауабы: 281,25 теңге

Санның ең үлкенін берілгендер қатарының ең үлкен мәні деп айтады.

Санның ең кішісін берілгендер қатарының ең кіші мәні деп айтады.



Мысалы:

70 саны - 4; 67; 32; 70; 13; 0 сандар қатарының ең үлкен мәні



0 саны - 4; 67; 32; 70; 13; 0 сандар қатарының ең кіші мәні

Ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырымы ауытқу өзгерісі деп аталады.

Сандар қатары өсу немесе кему ретімен орналасқан жағдайда және сандар қатары тақ болғанда санның сандар қатарының ортасында орналасқан сан немесе жұп болғанда сандар қатарының ортасында орналасқан екі санның арифметикалық ортасына тең сан медиана деп аталады.

Тапсырмалар.

  1. Сыныптағы бірнеше оқушының бойларын өлшегенде 150 см, 160 см, 145 см, 140 см, 138 см болды. Осы оқушылардың бойларының орташа ұзындығы қандай?



  1. Асыл дүкеннен 75 теңгеден 4 көк қаламсап және 65 теңгеден 6 жасыл қаламсап сатып алды. Бір қаламсаптың орташа бағасын анықта.



  1. 1-ден 50-ге дейінгі бүтін сандардың арифметикалық ортасын тап.



  1. Төрт санның арифметикалық ортасы 75,35-ке тең. Бірінші сан екінші саннан 0,4-ке кем, ал үшінші саннан 2,3-ке артық, ал төртінші саннан 4,5 есе кем. Бірінші санды тап.

Қорытынды

  1. Статистикалық сипаттамалардың түрлерін атаңыз?

  2. Бірнеше санның арифметикалық ортасы дегеніміз не? Бірнеше санның арифметикалық ортасы қалай табылады?

  3. Ауытқу дегеніміз не? Сандар қатарының ауытқуы қалай табылады?

  4. Ауытқу өзгерісін анықтау үшін нелерді табу керек?

  5. Сандар қатарының модасы дегеніміз не? Сандар қатарының модасы қалай табылады?

Кері байланыс:

Бұл есептерді 3 күнге беріледі: 09.04 күні кешке есептердің жауабын Kundelik kz-ке немес Whats App мобильді қосымша арқылы жібересіздер.

А деңгей №1169-1174

В деңгей №1175-1178

С деңгей №1179-1181

Сілтеме:

  1. А.Е. Әбілқасымова , Т.П. Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, «Математика», 6-сынып, 2-бөлім, Алматы «Мектеп», 2018, §46, 112-117 беттер

  2. https://bilimland.kz/


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет