Математика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты дамыту



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі308,63 Kb.
#26319
  1   2
Математика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты дамыту

Қазақстан Республикасы

Ақтөбе қаласындағы физика-математика

бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Есентаева Гүлнар Кобландиновна
Аннотация

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушының қолданыс аясы кең математиканы терең меңгерудегі танымын арттыру мақсатында Lesson Study зерттеу жобасы жүргізілді. 2014-2015 оқу жылында Қазақстан мектептерінің оқушылары PISA(Programme for International Student Assessment) - оқушылардың функционалдылық сауаттылығын тексеретін халықаралық зерттеуге қатынасатындығы"Математика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты дамыту" тақырыбында зерттеу жүргізуге себеп болды. Зерттеу барысында оқушылардың математика пәнінен функционалдық сауаттылығы мұғалімдердің сабақ барысында үш деңгейлі оқыту технологиясының модульдерін тиімді қолдануынан айқын көрініс тапты.


Аннотация

В целях повышения знания учащихся по предмету математика используя новые методы обучения и критическое мышление проводился исследовательский проект LessonStudy. Участие пятнадцатилетних учащихся Казахстанских школ в международной программе PISA (Programme for International Student Assessment) стало причиной выбора темы "Развитие функциональной грамотности по предмету математика". В ходе исследовании при эффективном использовании учителями модулей трехуровневыхкурсов показало функциональную грамотность учащихся на уроках математики.


Annotation

In order to increase students' knowledge on the subject of mathematics using new teaching methods and critical thinking research project conducted Lesson Study. The participation of fifteen-year students of Kazakh schools in the international program PISA (Programme for International Student Assessment) was the reason for choosing the topic "Development of functional literacy on the subject of mathematics." In the course of study at an effective three-level study courses teachers modules showed functional literacy of students in math class.


"Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындаанық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады". Білім беруді дамыту бағдарламасы мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі мектебіне арналған оқу бағдарламасында "Оқушылардың сенімділігін және пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатымен сандар, алгебра, геометрия, статистика және ықтималдықтар теориясы, математикалық модельдеу және анализ облыстарында математикалық білімдер мен біліктерін дамыту. Есептерді шығару мақсатымен математикалық модельдерді жасау үшін білімдерді қолдануға үйрету және керісінше математикалық модельдерді шынайы үрдістердің сипаттамасы ретінде түсіндіріп беру; нәтижелерін бағалау үшін білімдерді қолдану, олардың ақиқаттығын анықтау; дәлелдеу, оларға баға беру"мақсаттары көрсетілген.

Зерттеу барысында 2014 жылы қыркүйек айында "Expert Seminar on Lesson Study:Innovation of Collaborative Teacher Learning" атты PhD докторы Х. Куно мырзаның семинарын және оның ұсынған материалдарымен қатар,Lesson Study: руководство Пит Дадли, http://lessonstudy.co.uk/wp-content/uploads/2013/07/Lesson-Study-Handbook-Russian.pdf пайландық. Сонымен қатар математика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты дамыту үшін PISA материалдарын пайдаландық.

Лессон Стади зерттеу тобында жұмыс жасайтын мұғалімдер болып сабақтың тақырыптарын анықтадық, сабақтың тақырыптарын анықтап болғаннан кейін бірінші "Квадраттық функцияның графигі" тақырыбы бойынша сабақ жоспары құрылды.Сабақ жоспарын құру барысында функционалдылық сауаттылықты арттыру үшін өмірмен байланысы бар физикалық есептерді қарастыру ұсынысы жасалынды, осы ұсынысты ескере отырып және оқушылар өздерінің алған білімдерін тексеру үшін компьютерлік бағдарламаны қолдану туралы тағы да ұсыныс жасалынды . Осы ұсыныстардың негізінде бірінші сабақ жоспары (қосымша №1) құрылды. Сабақты Туйебаева Р.М. 9Е класында берді. Сабаққа өзіміздің зерттеу тобындағы мұғалімдермен қатар басқа да мұғалімдер қатынасты.

Зерттеу тобы үш топқа бөлініп, бір топ "Үш оқушы сұлбасы"оқушылардың іс әрекетін зерттеді, екінші топ "тайм менеджмент"- ті зерттеді, үшінші топ "оқушы-мұғалім-оқушы" байланысын зерттеді.Бұл зерттеу түрлерімен Куно мырза өзінің семинарында таныстырған болатын.

Зерттеуші топтар сабақ өткеннен соң өздерінің жасаған жұмыстарын көрсетіп, сабақты талдады. Сабақты талдау барысында байқалғаны екі оқушының мұғаліммен де басқа оқушылармен де байланысы өте аз болғаны, мұғалімнің сабақты қорытындылауы үшін қосымша уақыт қажет еткендігі, кейбір оқушылардың компьютерлік бағдарламаны қолдану барысында сабаққа деген қызығушылығының артқандығы, оқушылар өздерінің білімдерін тексеру барысында ынталанғандықтың пайда болуы, және де, сабақта оқушылар білімдерін бағалау барысында балдың азқойылуының себебін сұрап, есептің шығарылуында кеткен қатені сұрауы, оқушылардың жоғарғы деңгейдегі сұрақтарды қоюына мүмкіндік берді.



Сабақтың қорытындысы ретінде, оқушылардың алған білімдерін теннис ойынын ұтымды ойнау үшін қалай ойнау керектігін тұжырымдағаны сабақтың ұтымды жері болды. Басқа зерттеу тобының мүшелері, әріптес мұғалімдердің айтуы бойынша да және өзіміздің зерттеу тобының мүшелерінің ойы бойынша да топтық жұмысты математика сабағында ұйымдастыру үшін уақыттың көбірек кетіп қалатындығы. Функционалдылық сауаттылыққа келетін болсақ, оқушылар тарапынан осы мақсатқа жауап беретін есептерді оқушылар қызығушылықпен шығарды, бірақ топтық жұмыс кезінде уақыттан желініп қалдық және екі оқушымыз сабақта топтық жұмысқа қатынаспай, сабаққа салғырт қарап қалды. Енді келесі сабақта осының алдын алу үшін қандай жұмыс түрін қолданамыз деген сұрақпен зерттеу тобы тарастық.

Зерттеу тобындағы мұғалімдермен бірігіп, топтарда жұмыс істеу үшін не қажет? деген сұраққа жауап ізделінді. Кембридждік оқыту курсының 1-деңгей мұғалімдеріне арналған үлестірме материалдардағы ақпаратты қолданып, кезекті өткізілетін сабақта оқушылардың ынтымақтастығы мен бірлескен оқуы туралы әрекеттеріне назар аудару керек екендігі айтылды. Сонымен қатар, оқушылардың бірлескен түрде топ құрып, командалық ережелерді, рөлдерді бөлуі, әрбір топтардағы тапсырмаларды сапалы, жоспарға сәйкес орындалуын тексеріп, топ мүшелерінің пікірін, оқыту және көмек көрсету арқылы меңгертуді назарда ұстау керектігі айтылды.

Зерттеу сабақтары сериясының келесі "Пифагор теоремасы" тақырыбын жоспарлауда мұғалімдерден құралған топ мүшелерінің рөлдік ойын түрінде өткізуді ұсынды. Аталмыш сабақты Есентаева Г.Қ. өткізіп шықты. Сабақ барысында А, В, С оқушыларының іс-әрекеттері бақылауға алынып, зерттеу объектілері жеке, топтық тапсырмаларды орындады. Рөлдік ойын кезінде таймер уақыт жетіспеушілігін қайта-қайта ескертіп отырды. Соның салдарынан топтағы оқушылар бірлескен ынтымақтастық негізінде берілген тапсырмаларды шапшаң, ауызбірлікпен орындады. Дегенмен, С оқушы топтағы жұмыс кезінде өзінің басты ойларын, идеяларын толық жеткізе алмады. Және кейбір есептерді соңына дейін орындамай, топтағы оқушылардың берген жауаптарымен келісіп, үнсіз отырды. Сондықтан, осы сабақтың талдауын жасау кезінде әрбір оқушыға, әсіресе лидерлік қабілеті төмен оқушыларға назар аудару керектігі туралы қорытындыға келдік.

Зерттеу тобындағы мұғалімдермен кеңесіп, кезекті "Үшбұрыштар ауданын табу" тақырыбын team-teaching негізінде өткізуді ұйғардық. 16-ақпан күні Әлжанова Б.Қ. және Martin Asega өткізген сабақ келесідей көрініс көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет