Математика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты дамыту



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі308,63 Kb.
#26319
1   2



Сабақта ротация әдісі, өзін-өзі бағалау әдістері қолданылды. Мозайкалар көмегімен құрастырылған суреттер арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артып, өздеріне артылған міндеттерді орындай білді. Оқушылар үшбұрыш түрлеріне байланысты топтарға бөлініп, жұптық тапсырмалар және "Автобус аялдамасы" ойыны арқылы топтық тапсырмаларын шығарды. Оқушылар үлестірме қағаздардағы үшбұрыштардың қиындыларын практикалық қолданулар арқылы есептеп, теориялық білімдерімен ұштастыра білді. Сабақ соңындағы талдау жүргізу арқылы екі оқушының сабаққа деген қызығушылығы төмен болмағанын анықтадық. Соның бірі зерттелуші В оқушысы. Зерттеу тобындағы мұғалімдермен бірлесе отырып, В оқушының сабаққа қатысымының төмен болуының себебін іздестірдік. Келесі жоспарланған сабаққа дейінгі аралықта оқушылардан анкета түрінде сұрақ-жауап парағы алынды. Сонда В оқушының сабаққа осылай қатысуының себебі, А оқушымен бірге бір топқа түсуі болып табылды. Себебі, В оқушы бойындағы лидерлік қасиет, өз ойын айқын, дұрыс айта білуі қасиеттерін А оқушы шапшаңдығымен, тез есептеп, жауап беруімен озып отырды. Сондықтан келесі сабақтарда А, В, С оқушыларының орнына да көңіл бөлу керектігі ұсынылды.

Сабақ беруші мұғалімнің басты міндеті оқушы бойында сабаққа дегенқызығушылықты ояту, әрбір кезеңдердегі қозғалысты бақылау, болдыру. "Синустар теоремасы" тақырыбына сабақ жүргізген Туйебаева Р.К. Сабақтағы А, В, С оқушыларының іс-әрекетін бақылау үшін зерттеу тобындағы мұғалімдерге жеке-жеке тапсырмалар ұсынылды. Сабақ физика пәнімен кіріктірілген түрде өткізілді. Лабораториялық тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен, бірлесіп орындады. Басым оқушылардың физика пәніне қабілеті анықталды. Соның ішінде зерттелуші С оқушының көрсеткен білімі, дағдысы таңқалдырды. Себебі, С оқушы ұсынылған мост проектісі бойынша физикалық өлшемдерді тез анықтап, терең білімін танытты. Топ мүшелерімен бірігіп, үшбұрыш бұрыштарының синустарын табуды да меңгерді. Осы сабақтан С оқушының жаратылыстану бағыты бойынша белсенділігін анықтадық, топ мүшелері үшін жанашырлығын білдік. В оқушы сабақта жеке жұмыспен айналысқанды ұнатады, белсенді түрде сұрақтар қойып, өзінің әлеуметтік аспектілер бойынша өсуін байқатты. Ал, А оқушы топтағы жұмыстарды ұйымдастырып, ойластырып, топ мүшелеріне көмек тигізе алды.

Дегенмен, осы сабақтағы кейбір оқушылардың жас ерекшелігі ескерілмей қалып жатты. Дифференциация тапсырмалары берілу керектігі ұсынылды.



Lesson Study зерттеу жобасының макро-шеңбері (Mаcro cycle) ескеріліп, кезекті "Косинустар теоремасы" тақырыбын ӘлжановаБ.Қ. өткізді.

Сабақ Martin Asega мырзамен team teaching негізінде өткізілді. Сабақта "3 Stations" әдісі қолданылды. Әрбір 10 минут сайын топ мүшелері шеңбер бойымен қозғалып, бірінші станцияда теориядан лекция тыңдап, есептер шығарды, екінші топта ағылшын тілінде кроссворд шешіп, практикалық қолданысы бар өмірден алынған есептер шығарды, ал үшінші топта жеке тест тапсырмаларын орындап, нәтижесін Geogebra бағдарламасы көмегімен компьютерлерде тексерді. Сабақ соңында жүргізілген рефлекция көрсеткендей: оқушыларға сабақ өткізу әдісі, ондағы шығарылған есептер, және бағалау тәсілдері ұнады.

Зерттеу сабақтар сериясының соңғы сабағын топ мүшелері мұғалімдерімен кеңесе отырып, А, В, С оқушыларына бағыттап өткізуді жөн көрдік. "Шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып, шеңберлердің радиустарын табу формулалары" тақырыбындағы сабақты Есентаева Г.Қ. өткізді. Сабақта төртбұрыштарға іштей және сырттай сызылған шеңберлер тақырыбына видео материал қаралды, оқушылардың бұған дейінгі білімдерін анықтау үшін сұрақ-жауап алынды, "Математикалық аукцион" ойыны топтық жұмыста өткізілді. Оқушыларды қалыптастырушы бағалау ретінде https://create.kahoot.it сайтында онлайн тесті орындалды. Сабаққа жүргізілген рефлексия оқушылардың алған білім, білік, дағдысын тиянақтай түсті.
Сонымен, Lesson study зерттеу жобасы бойынша алған нәтижелер келесідей болды:

А оқушы: күрделі тапсырмаларды жеке талдайды және топ мүшелерінің пікірлерін ескере отырып, ортақ шешім, қорытынды жасай алады;

В оқушы: топтағы жүргізілген іс-әрекеттерді өз ойымен, толық жеткізе алады және өзіндік бағалаудың объективті болу керектігін түсінеді.

С оқушы: процесті бақылайды, топ мүшелері атынан спикер ретінде ой білдіреді, кейбір есептерді, тапсырмаларды сыныптастары көмегімен орындайды, қиындықтарды көтере алады және өз мүмкіншіліктерін біледі.


Осының нәтижесінде зерттеудегі А, В, С оқушыларының өзін-өзі реттеу, қалыптастыру, өз бетінше білім алу және математикалық білімін дамыту қабілеттерінің өсуін байқадық. Зерттеу тобындағы мұғалімдердің жүргізген бақылауларына талдау жасай отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығының артқанын, сыныптағы психологиялық ахуалдың жақсарғанын, бір-бірімен диалог жүргізу арқылы өз ойларын негіздей алатындығын байқадық.

1. Математика сабағында қызығушылықты, функционалдылық сауаттылықты арттыру үшін топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру тиімді. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың арасында жүргізілетін диалог олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді;

2. Lesson Study зерттеу жобасында, мұғалімдер оқушыларды бақылау дағдысын дамытты;

Бұл зерттеу материалдары математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдер үшін маңызды.



Келесі оқу жылында осы топ мүшелерімен математика пәні бойынша барлық оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ететін технология түрлерін зерттеу жұмысымен айналысуды мақсат етіп отырмыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет