Математика пәнінің мұғалімі: Айдосова А.Қ



Дата24.05.2017
өлшемі14,44 Kb.
#16776
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Математика пәнінің мұғалімі: Айдосова А.Қ.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушылардың тару бойынша білімін нақтылау. Теңдеулерді шешу тісілін меңгеру. Мәтңндң есептерді теңдеу құру арқылы шығару.
  • Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
  • Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға, еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Сабақтың түрі:
  • Саяхат сабақ
  • І. Бәйтерекке саяхат
  • ІІ. Ақ ордаға саяхат
  • ІІІ. “Думан” ойын сауық орталығна саяхат
  • ІV. Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығына саяхат
  • V. Пирамидаға саяхат
  • VІ. «Қазақ елі» монументі
  • Бәйтерекке саяхат
  • 2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек»
  • монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
  • “Қайталау – оқу анасы”
  • Теңдеу дегеніміз не?
  • Теңдеудің түбірі деген не?
  • Теңдеу шешу дегеніміз не?
  • Ақ ордаға саяхат.
  • Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. Ақ Орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. «Бәйтерек» монументінен 300 метр жерде орналасқан. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40  см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Ақ Орданың жанында Республика Парламентінің ғимараты, Үкімет үйі, Жоғарғы сот ғимараты, Министрліктер үйі орналасқан.
  • І топ ІІ топ ІІІ топ
  • 29 х – 15х + 16 =100 11y + 32y – 127 =45 15z + 8z -59 = 102
  • 9 t + 4t – 286 =0 14x + 9x + 88= 272 25x – 16x + 54 = 162
  • ( x – 16) * 9 = 126 28* (x + 5) = 224 (x + 76) : 7 = 15
  • Теңдеуді шешіңдер
  • «Думан» ойын – сауық кешені 2000 жылы салына бастады. Бұл кешенде океанариум, «Джунгли» балалар аттракционы, боулинг залы, шағын дүкендер бар. Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.
  • “Думан”ойын-сауық орталығы.
  • 12
  • 7
  • 5
  • 8
  • 6
  • 9
  • 3
  • 2
  • Кестеде жауаптар берілген. Жауаптармен бір бағанға сол жауап тұсындағы әріпті қойыңдар.
  • Егер теңдеудің мәнін дұрыс тапсаңдар, кестеден Физика – математика ғылымдарының докторы, професор
  • қазақ математигі кім екенін білесіңдер.
  • Қазақстанның математигі
  • 144 : ( x - 3) = 36 21 * (y - 8)= 84 (x + 67):18 =4
  • ә ж у
  • (12m – 5m)*4= 252 (4n + 3n)*11=154 (17n – 8n )*13 = 351
  • к в о
  • (19n – 6n ):4 = 26 (16m +5m): 18 = 7
  • т і
  •  
  • Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығы.
  • 2010 жылы Астананың туған күнінде сәулеттік тұрғыдан бірегей құрылыс – «Хан шатыры» сауда ойын-сауық орталығы ашылды. Ол қазір әлемдегі ең биік және ең үлкен шатыр, оның шпилінің биіктігі 150 метр. Ғимарат орасан зор мөлдір шатыр болып табылады. Оның күмбезінің арнайы материалдан жасалған, үш қабатты жабыны Астананың жазда 35 градус ыстық, қыста 30 градус аяз болатын қатаң ауа-райына шыдайды, күн сәулесін жақсы өткізіп, қысы-жазы бір температура ұстап тұруға мүмкіндік береді. Шатырдың жалпы ауданы он футбол алаңынан үлкен. Жобаның авторы белгілі архитектор Лорд Норман Фостер
  • Сергіту сәті
  • “Пирамида” бейбітшілік және келісім сарайы.
  • Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
  • Оқулықпен жұмыс
  • Мәтінді есептерді теңдеу құру
  • арқылы шығару.
  • І топ. № 189
  • ІІ топ № 196
  • ІІІ топ № 194
  • «Қазақ елі» монументі
  • Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар, соның монумент орналасқан орталық тұғырнамасы 1 гектар жерді алып жатыр. Ақ мәр­мәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Ал оның басындағы алтын түстес бояумен әрленген алып құс – Самұрық Қазақстанның тыныштығын “күзетіп” тұр. 
  • Мына теңдеудің түбірлеріне байланысты
  • мақал – мәтел айту.
  • 252 : x – 11 = 25 (x + 79): 7 = 12
  • 103 – (z + 47) = 54
  • Атадан он баламыз,
  • Бір бір жастан арамыз.
  • Қосылып кейде басымыз
  • Азайып кейде қаламыз.
  • Бөлініп кейде арамыз
  • Көбейтіп те аламыз.
  • (цифрлар).
  • Атасы қалғып мүлгиді,
  • Әкесі зорға жылжиды.
  • Ағасы – шабан
  • Өзі – жорға
  • Інісі – жылдам
  • Баласы – жүйрік
  • Зымырап тұрған.
  • (жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд).
  • Жүз төрт түйме,
  • он бір ине.
  • (есепшот).
  • (сызғыш).
  • Шекер жейтін ақ құтан
  • Бір қазыққа байланды.
  • Аузына тістеп шекерін
  • Ол қазықты айналды.
  • (циркуль).
  • Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап.
  • ).
  • “Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін - математика”.
  • (Ломоносов).

Назарларыңызға рахмет!


Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет