Математика пәнінің мұғалімі: Манав Раягуль



Дата01.06.2017
өлшемі12,37 Kb.
#17382

  • Жоспары:
  • І.Кіріспе бөлім
  • 1. Дидактикалық ойынға анықтама
  • ІІ. Негізгі бөлім
  • Ойын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолы
  • Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері
  • Құрылымы
  • Сапалылығы
  • Түрлері және қолданылуы, теориясы
  • Даму деңгейлері
  • Бала ойынында педагогтың рөлі
  • ІІІ. Қорытынды бөлім
  • Дидактикалық ойынның маңызы
  • Эпиграф:
  • Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен
  • еліктеудің маздап жанған оты.
  • В.М. Сухомлинский
  • І.Кіріспе бөлім
  • Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады.
  • Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
  • Математикалық ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе,ақыл- ой жетекшісі.
  • Ойын 2 немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.
  • Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.
  • ІІ. Негізгі бөлім
  • Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.
  • Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.
  • Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
  • Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
  • 2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
  • Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
  • 1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
  • 2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі.
  • 3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
  • 4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі
  • Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
  • Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына
  • байланысты болады.

Дидактикалық ойын түрлері:

  • 1) Заттық дидактикалық ойындар
  • Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
  • 2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.
  • 3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:
  • Мыс: “Егер, онда”, виктариналық сұрақтар, “Кім көп біледі”, математикалық жұмбақтар т.б.
  • Ойындардың Ықтималдық стратегияларды зерттеудің математикалық әдісі ойындар теориясы деп аталады. Ойындар олар жөніндегі ақпаратың толықтығына байланысты толық ақпаратты және толық емес болып бөлінеді.Толық ақпаратты ойында әрбір қатысушы ойынның кез-келген сәтінде ойынға қатысушылырдың жағдайы жөнінде біледі.(мыс: шахмат ойыны) Толық емес ақпараты ойында ойынға қатысушы басқа ойыншылардың қандай ресурстары бары жөнінде ж/е олардың қандай стратегияны пайдаланатыны жөнінде ақпарата болмайды.
  • Оқытудың ойын теориясын қолдануда 2 жақты дидактика байқалады:
  • 1.Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.
  • 2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.
  • Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтр зерттеуде.
  • Дидактикалық ойынға мысалғы ғажайып алаң, брэйн-ринг, математикалық сайс, көшбасшы, лото, танграмм, «айырмашылығын тап,» математикалық эстафеталар, виктариналар, крассвордтар, ребустар.
  • Дидактикалық ойынға мысалғы ғажайып алаң, брэйн-ринг, математикалық сайыс, көшбасшы, лото, танграмм, «айырмашылығын тап,» математикалық эстафеталар, виктариналар, сөзжұмбақтар, ребустар жатады.
  • Сонымен қатар ұлттық ойындары математика теоремаларын оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады
  • Ұлттық ойындар
  • «Ханталапай»
  • «Ақсүйек»
  • «Арқан тартыс»
  • «Бәйгені»
  • Педагог- ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы.
  • Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
  • Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
  • Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
  • Азбайтұғын адамның алтындығы.
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
  • РАХМЕТ !
  • Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілеймін


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет