2. ТӘЖІРИБЕЛІК ҚОНДЫРҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ Құбырға 9 бекітілген дәлдеу жасайтын станина 4 қондырғының негізгі бөлігі болып табылады (3 сур.). Құбырдың жоғарғы шетіне шайбалы қозғалмайтын ось 1 орнатылған және ол түтікке бекітілген.
Өске қатысты еркін айналатын түтік пен шайба қондырғының табанына қатысты екі мойынтірекке (подшипникке) бекітілген. Түтіктің ұшына, оның бойымен еркін жылжитын және бекітілетін жүк 10 орнатылған. Төмен жағында маятниктің ауыту бұрышын санау үшін траспортир 6, маятникті керекті орынға тіркеу үшін электромагнит 7 және оптикалық датчик орнатылған.
3 сурет.
Жүкті 10 түтіктің 2 талап етілген орынына орнатып, электромагнитті 7 траспортир 6 бойымен керекті бұрышқа жылжытып элетромагнит тетігін басыңыз және электромагнитте маятник түтігін тіркеңіз. Өлшеуіш периодында 8 «ПУСК» тетігін басқан кезде электромагнит 7 ажырайды да маятник еркін тербеліс жасай бастайды және оны оптикалық датчигі 5 қадағалайды. Тербеліс аяқталғанда өлшеуіш 8 маятниктің он тербелістегі уақытын қөрсетеді. Одан тербеліс периодын анықтауға болады. Жүктің масса центрінің Lg орны айналу өсіне 1 қатысты 400-600 мм аралықта өзгерту ұсынылады.
Қондырғыда жіп ұзындығы Ls=650 мм және сыртқы диаметрі Ds=7 мм жұқа қабырғалы түтікпен алмастырылған (қабырғасының қалыңдығы – 0,5 мм), ал шарик биіктігі Hg=50 мм және диаметрі Dg=35 мм (3 сур.) болат цилиндрмен алмастырылған.
Жүктің 10 массалық центрі айналу өсіне 1 қатысты Lgқашықтыққа орнатып, маятниктің тербеліс периодын Т анықтауға (өлшеуіш маятниктің толық 10 тербелістегі уақытын көрсетеді) және еркін түсу үдеуі есептеп шығаруға болады.
3. ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ 1. Маятниктің қажетті ұзындығын орнатыңыз. мәнін 1 кестеге енгізіңіз.
2. «Сеть» тетігін басып, қондырғыны қорек көзіне қосыңыз.
3. «Сброс» тетігін басу арқылы секундомерді нольге келтіріңіз.
4. Тепе-теңдік жағдайдан маятникті бұрышқа ауытқытып, сосын жіберіңіз.
5. N=10 тербеліс үшін уақытты өлшеңіз.
6. Толық он тербеліс жасағаннан кейін «стоп» тетігін басыңыз (N тербеліс санын оқытушы өзгертуі мүмкін).
7. Секундомер N тербелістің уақытын өлшейді. t және N шамаларын 1 кестеге енгізіңіз.
8. Уақытты өлшеуді 5 рет қайталаңыз.
9. N және уақытты өлшеуді маятниктің әртүрлі ұзындығы үшін қайталауға болады. Мұндай жағдайда кестені жалғастыру қажет.
10. шамаларын есептеңіз.
11. Тербеліс периодын формула арқылы есептеңіз.
Периодтың қателігін өрнегі арқылы табыңыз.
12. (13)-ші формуласы арқылы еркін түсу үдеуін анықтаңыз .
13. (15)-ші формуласы арқылы өлшеулердің салыстырмалы қателігін есептеңіз.
14. (14)-ші формуласы бойынша абсолют қателікті анықтаңыз.
15. Қорытынды нәтижелерді мына түрде беріңіз:
.
16. Еркін түсу үдеуінің табылған эксперименттік мәнін gЭтеориялық мәнімен (gТ=9,81 м/с2) салыстырып қатігін бағалаңыз.
1 кесте