Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1(85), 2021
64
Мұғалім оқушылардың математикалық модельдеу процесіндегі жоғарыда аталған әрбір
кезеңнің мәні мен мазмұны туралы нақты түсінік беруі керек. Бұл мектеп оқушылары математикалық
есептерді ғана емес, белгілі бір өмірлік жағдайды математикалық әдістермен шешетіндігін білуі үшін
қажет. Сонда оқушылар математиканы абстрактылы ғылым деп түсінбей, математиканың
практикалық маңыздылығына көз жеткізеді. Математикалық модельдеу әдісі әр түрлі процестер мен
жүйелерді зерттеудің құралы болып табылады. Математикалық модель тұжырымдамасы және
онымен байланысты кейбір жалпы ережелер математиканы оқытудың барлық кезеңінде қолданылуы
керек. Мектеп бағдарламасының жұмыс, қозғалыс, пайыз, прогрессиялар, туындылар мен
интегралдарды қолдану мәселелеріне арналған арналған бөлімдері математикалық модельдеу әдісіне
кіріспе деп санауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: