Екеуі тегін балыққа тап болды. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады.Кім көп алды және қаншаға артық алды?
Қасқыр 100
Ең көп балықты түлкі алды – 110,
10 балыққа артық.
“Қу түлкі”
Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырылғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырылған.
127
Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
Түйеқұстар ұшпайды
Ең алғаш Еуропадағы “миллион” сөзін әкелген кім?
Атақты жиһангер
Марко Поло (1254-1323)
Қалайша үшеу?
Қария кішкентай немересіне ескілікті бір әңгіме айтады. Әкесі жеті жасар Лұқпанды базарға жұмсапты. Оған бір тиын беріп, үш нәрсе сатып әкел, депті. Лұқпан базарға барып бір қауын сатып әкеліпті.
- Балам-ау, әкелгенін бір ғана қауын ғой, - депті әке.